Талдықорған: +16°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

КИІЗ ҮЙІ КЕЛІСТІ

29.03.2021
ОН САУСАҚ
КИІЗ ҮЙІ КЕЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыдай алып шаһардың іргесінен орын тепкен Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылында тұратын Нұрмұхамед ата мен Қарлыға апа тұратын кең көшеде міндетті түрде ұлдары – Мараттың қолынан шыққан алты қанат киізүй тігіледі. Ішіне жасау-жабдықтары да асқан талғампаздықпен орналастырылады. Дастарқан мәзірі де қолы берекелі келіндері Аиданың қолынан шығады. Елгезек те сергек келіншек көршілерге салмақ салғысы келмей ыстық бауырсағын, тәтті тоқаштарын да өзі пісіре қояды. Сөйтіп бір қауым елге Наурызды тойлатады. Балалар жағы ән салып, би билеп, үлкендердің батасын алып, айналаны думанға бөлеп жібереді.

…Кеңес одағы кезінде  ұзақ жылдар орыс жерінде  әскери қызметте болған Нұрмұхамед Бексұлтановқа сол кезде біреу келіп «ұлыңыз кейін киізүй жасаумен айналысатын болады» десе, сенбес те еді. Мараттың кіндігі Санкт-Петербургте кесілген. Қазақстан тәуелсіздігін алып, сыртта жүрген әскери кадрларымыз елге оралғанда кішкентай Мараттың аулада бірге ойнайтын достары да орыстілді болатын. Оқыған мектебі де, алған жоғары білімі де орысша еді.
Енді сәл шегініс. Марат оқушы күнінде көпқабатты тұрғын үйдегі басы артық зат сыя қоймайтын пәтерге көшеде жатқан-тұрған темір-терсектерді, ағаш кесінділерін жинап әкеле беретін. Оған Қарлыға анасы сөйлеп әлек. «Мына үйді қора қылып болдың ғой» деп сыртқа шығарып тастаса да қоймаған. Ақыры шеше «жеңілді», баланың қалауы «жеңді». Сөйтіп кішкентай Мараттың ең алғаш ағаштан ойып кеме жасап шыққаны бар. Одан өзі құралпы балалардың үйіндегі бұзылып қалған радио, магнитофон сынды шағын техникаларын жөндеп беріп жүрді.
Көп сөзге жоқ, ал ісіне мығым Марат бір кездері Алматыдағы Оқушылар сарайына да өзі барған екен. Сондағы авиаүйірмеге жазылып, біраз уақыт сабақ алыпты. Ал сәл есейген бозбала шағында туған-туыстың үйіндегі бұзылған, істен шыққан телевизорларды жөндеуге құмар болыпты. Тағы да ешкімнің көмегінсіз, өзі ізденіп жүріп қаладағы кәсіби-техникалық колледжге барып, ағаш ұстасы мамандығын игеріп шығады. Сонда Мараттың әкесінің «мен секілді әскери маман болсаң жаман болмайсың» деген қалауымен сол салаға құжаттар тапсырып жүріп, соңғы сынақтарда жолы болмай қалғанын осы күнгі жетістіктеріне бастаған жол екен ғой деп ойлайтыны да бар. Иә, ол өз-өзін тапты.
Марат Бексұлтанов алған мамандығына сәйкес он жылдай инженер-байланысшы болып, Алматы облысының Нарынқол, Кеген өңірлерінде қызмет етті. Береке-бірлігі ұйыған Қайнар ауылының аруы, бойына ұлттық қасиеттерді молынан сіңіріп өскен, қолы тиген жердің бәрі жарқырап сала беретін сұлу Аидамен де сол жылдары көңіл жарастырып, отау құрған еді. 
Нарық шеңгеліне бұл отбасы да ілікті. Марат та жұмыстан қысқарады. Бірақ тіршілік етіп, жан бағу керек. Сонда не істемек керек? Сөйтіп Қайнардағы Айбек балдызының қорада жатқан ескілеу киіз үйін қалаға алып келіп, соны Наурыз мерекелерінде азын-аулақ қаражатқа жалға беріп табыс таба бастады. Бірақ Маратқа ақша табудан гөрі баяғы бала күніндегідей шығармашылық ізденістер маза бермейтін. Өзі де киіз үй жасап көруді ойлайды. Алдымен ата-бабамыздың қыс қыстауға, жаз жайлауға көшіп-қонған киіз үйлерінің құрылымын зерттеді, зерделеді. Тереңірек таныды. Сөйтіп алты қанат киіз үй жасап шықты. Одан 8, 10 қанатты, сосын 12 қанатты киіз шықты. Әуелі ағаштан, сосын темірден жасады.
Қазақтың байырғы киіз үйінде қасиет бар деп білетін Марат Бексұлтановтың алтын қолынан шыққан 20-дан астам киізүй бар. 
Қазір киізүй жасайтын шеберлер аз емес шығар, бәлкім. Ал Марат жасайтын киіз үйлердің өзге шеберлерде жоқ ерекшелігі – ағаштан оюлап жасалған есігінің қос қапталында екі терезесі бар. Бұл киізүйге бір жағынан сырттан жарық түсіреді, екіншіден, есікке жақындаған немесе алыстап бара жатқан адамды көруге болады. Үшіншіден, киізүйге әдемілік беріп тұрады.
Киізүйдің шаңырағы шыны пластиктен жасалған. Ол ыстық ауада балқып, қысылған ауамен үрленіп, домаланып шыға келеді. Жауынды күндері тіпті әдемі әсер қалдырады. Мысалы, ауа райының қолайсыз уақытында үйден шыққыңыз келмей кітап оқып немесе жай шалқадан түсіп алып ойға шомып жатқанның өзінде төбеңіздегі шыны әйнекке тырс-тырс тамған жаңбыр тамшыларының өзі сізді қиял әлеміне жетелеуі сөзсіз. Марат жаны нәзік шығармашылық адамы болған соң осының өзіне мән берген. Диаметріне шейін асқан дәлдікпен жасалған, қоршаған ортаға зиянсыз, ары-бері тасымалдап жүруге де қиындық тудырмайтын, кез келген жерге орнатуға қолайлы киізүйлердің құрылуы да, ашылып, жабылуы да тез.
– Қазіргі қолданыста жүрген кейбір киізүйлердің бес-алты жерінен уық қадай салады. Ал оның үстіне мата жапқанда бұрыш-бұрыштары ырсиып көрініп тұрады. Сондықтан ол киізүй емес, жай ғана шатыр сияқты әсер қалдырады. Ал біз жүзге жуық уық қадаймыз. Сонда үстіне киіз не мата жапқанда дөңгеленіп әдемі болып тұрады. Бұрын ата-бабамыз желдің өтінде жүріп мал баққан. Сондықтан киізүй желдің екпініне, табиғаттың өзге де апаттарына төтеп беруі үшін көп уық шаншылған. Маған киізүйдің бұрышсыз болатыны ұнайды. Ал үй бұрыштарының жағымсыз энергетика жинайтынын бәріміз білеміз, – деген Марат мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өте көп мүмкіндік жасағанын атап өтті. Киізүйлері түрлі мемлекеттік телебағдарламаларға, отандық тарихи кинокартиналарға, клиптерге түсірілген. Таяуда жарық көрген «Абай» көркем фильмінде де Мараттың киіз үйлері пайдаланылған. Осы күні Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі ғимаратында оның қолынан шыққан киізүйінің жартылай көрінісі де орын тепкен.
Болашақта киізүйлер шығаратын үлкен өндірістік цех ашқысы келеді. Пайдаланатын шикізаттың бәрі өзіміздікі – отандық. Бүгінде Марат Бексұлтановтың киізүйлеріне алған жеке патенті де бар.
Әкесі Нұрмұхамед әскери мамандығына сәйкес зейнеткерлікке ерте шыққан. Бірақ үйде қарап отыра алмайды. Қазір мектепте ұстаздық етіп жүр. Ал ұзақ жыл сауда саласында істеп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан анасы Қарлыға үш немересіне, балаларға бас-көз болып, «әже мектебінен» дәріс беріп жүр. 
Отағасының көңілі орнында болса тауды да қопарып тастайтынын білетін келіншегі Аида Елгезекова жарымның жұлдызы жоғары болса екен деген тілеулес пейілмен өзінің продюсерлік жұмысын кейінге ысырып қойып, жұбайының алдына түспей қалқасында жүріп-ақ оған қолдау көрсетіп, керек жерінде демеп жіберіп, бар жағдайын жасап жүр. Ағайын-туыстың да, дос-жаранның да осы бір жарасымды, бір-бірін үнемі толықтырып отыратын әдемі жұпқа қызығып қарайтыны  жасырын емес.
Марат шебердің пайымдауынша, бүгінде 10 жастағы тұңғышы – Дарын өз жолын қуатын сыңайлы. Марат одан баяғы кішкентай күніндегі өзін көреді. Ол да темір-терсекке, ағашқа, ұсталыққа жақын. Гаджетке байланып отырғаннан гөрі әкесінің шеберханасында, пысылдап үнемі жанында жүреді. Оның істеген әрбір шаруасына көз салды. Сондықтан біздің кейіпкер армандай беруден ешқашан қорықпайды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.