Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖУРНАЛИСТИКА ЖАМПОЗЫ ЕДІ

15.03.2021
ЖАНСАРАЙ
ЖУРНАЛИСТИКА ЖАМПОЗЫ ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Таудан аққан асау өзеннің екпініндей уақыт ырғағына жасар айла бар ма?! «Өмір өтті зырғып ағып» деп Есенқұл ақын Жақыпбек тегін жырламаса керек. Күні кеше ғана арамызда жүрген атпалдай азаматымыздан айырылып қаламыз деп кім ойлаған? Жазмышқа жасар шара бар ма?! Бәріне көнесің. Қазақ руханиятының бір шырағданындай шұғылалы ғұмыр кешкен, шарапаты көпке тиген ақпейілді, ақжарқын, сабырлы да салмақты бауырым, туған інімдей болып кеткен Ырым еді ғой. Енді, міне, аспан шымылдығын қара бұлт торлағандай қабарып қалдық. Көңіл жүдеу тартты. Жанымызда жарық нұрын шашыратып, ақыл кенін ақтарып, салқам басып жүретін сырбаз жанды жоқтап қалдық. Қайран, қимас бауырым!

Қазақ баспасөз саласына, баспагерлік ісіне саналы ғұмырын сарп еткен Ырым Кененбаевпен біздің отбасымыз ертеректен таныс болдық. Әрі жерлестігіміз де бар. Бір ауылдың, бір бұлақтың суын ішкен ағалы-інілі жандар едік. Оның үстіне менің өмірлік серігім Кәшипа мен зайыбы Науат қарындасымыз ауылдас, бір рулас адамдар. Бір-бірінің ата-аналарын өте жақсы білгендіктен құрбы-құрдастай, апалы-сіңлідей араласты.
Ырымды балауса шағынан таныдым. Ол мектеп қабырғасында жүрген шағында-ақ республикалық, облыстық, аудандық газеттермен тығыз байланыс жасап, басылым беттеріне мақалаларын жариялап тұрды. Ол шақта жас тілші ретінде елге таныла бастаған болатын. Сол тұста Ырыммен жасы кіші демей танысып-білісуге құмартқаным жасырын емес. Кейін келе «Лениншіл жас» газетінде журналист ретінде қызмет етіп, көлемді мақалаларымен көріне бастады. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқи жүріп, «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеп, онда 11 жыл абыройлы еңбек етті. Бұл дегеніңіз екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Өзінің журналистік қызметіне деген адалдығы, кәсіби шеберлігі дер едім.
Тәжірибелі қаламгер ретінде «Ана тілі» және «Білім» баспаларының алғашқы директоры қызметін атқарды. Бұл жылдары да Ырым баспа жұмысына бел шешіп бекем кірісті. 1995 жылдан бастап, өзінің баспагерлік біліктілігінің арқасында «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясын ашып, кейін келе «Алматы-Болашақ» акционерлік қоғамның президенті болды. Бұл қызметті соңғы күніне дейін адал атқарып, ұжымының құрметіне бөленді десем артық айтқандық емес.
Қазақ руханиятының маңдайы кереғарыс маңғаз перзенті Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының алғашқы құрылған күнінен бастап бізбен тонның ішкі бауындай араласып, барлық шараларымыздың төрінде отырып, ақ тілегін аяған емес. Жайсаңдығы мен қайсарлығы өн бойынан табылатын еңселі азамат мені ағасы ретінде құрметтей білді. Айтқан талап-тілек, өтініштерімді бұлжытпай орындауға тырысты. Осының бәрін ойласаң, көңіл құлазып, сағыныш кеудені керней жөнелетінін қайтерсің. 
Ырым саналы ғұмырының негізгі бөлігін баспагерлікке жұмсағанымен қолынан қаламын сусытқан емес. Оның кенді кеудесінде жатқан телегей білімі мен өмірдің ағын ақ, қарасын қара деп таныған парасат-пайымынан, жүрдек қаламынан туған туындылар оқырманын ой сорабына салатын қуатты шығармалар екені даусыз. Ырым екеуміз бірігіп жазған  «Жыр атасы – Қабан жырау»,«Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы», «Елбасы – біреу. Біз оған тіреу»  атты кітаптарды, сондай-ақ, Қадырғали би Қосымұлы Жалаири халықаралық қоғамдық қоры атынан шығарған «Мұқали», «Иранда билік құрған қазақтар» сынды толымды жинақтарды өз баспасынан шығарып, үлкен қол ұшын бергенін осы арада айрықша айшықтап өткенді жөн санап отырмыз. Бұл ақ жүректі азаматтың жомарттығы мен руханият, болашақ ұрпақ үшін атқарған еңбегінің бір ұшқыны екені де рас. 
Маңғаз азаматтың от жүрегі тоқтағанша сыйластығымыз үзілген емес. Өміріміздің біраз белесінде бірге жүріп, рухани шараларға қатар қатысып, сырласып-сұхбаттасып жүрдік. Сондай шақтарда салқамдығымен айналасына самарқау көз тастайтын, парасат биігінен бір сәт төмендемейтін Ырым бауырым артық мінез, оғаш қылық танытқан емес. Жібек мінезін жіпке тізіп, әрбір қасиетін айшықтай берсек, көшқұлаш әңгімеге ойысарымыз да анық.  
Тұрлаусыз ғұмырда тұрақтап қалған пенде баласы жоқ.  Мәңгілік дүние жоқ. Бәрінен де өмірге адам болып келіп, өмірден адам болып өту ғана пендесіне жарасады. Ырымды мен сол өреден көремін. Адамгершілігі асқақ, жан баласын үлкен яки кіші деп бөле-жармайтын, пенде атаулыдан қолынан келген жақсылығын, мейірім-шапағатын аямайтын аяулы інім еді.
Сырбаз жанды сағына еске алған тұста санада сақталған ғұмыр сүрлеуінің  бір парасынан тағы бір есті естелік ақтарғым келіп отыр. 2019 жылдың қыркүйек айында зайыбым Кәшипа Рақымбекқызымен өмір арнасын тоғыстырып, ерлі-зайыпты ғұмыр кешкенімізге 50 жыл толған  «алтын тойымыз» өтті. Сол тұста Жетісу өңіріне қарасты Қарабұлақ пен Текелі күре жолының бойында орын тепкен «Өмір бұлақ» мемориалдық кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл мемориалдық кешеннің осы жерден орын алуына қарындасымыз Науат пен Ырымның тікелей қатысы болды. Өйткені ғазиз жүректі осы бір қос қадірліміздің ұсынысымен жүзеге асқан шаруа еді бұл. Осының өзінен-ақ қадірлі іні, қимас бауырымның қай уақытта, қандай мәселе болса да өзінің парасатты кеудесінен терең ой, тағылымды дүние айтып, айналасына ақылының кенін шашып жүретінін аңдауға толықтай негіз бар деп ойлаймын.   
Ырымның «Алпыстағы алма ағашы», «Жетпістегі жиде ағашы» атты  жарық көрген тамаша кітаптарында талай сыр жатыр. Оқыған адамға рухани азық болар дүниелер өте көп. Әкесі, анасы туралы қалай сыр толғайды. Жары Науатына жазған хаттары да жастық кездің толғанысын білдіреді.  «Айтқұл бұлағы» мен «Кененбай арығы», «Сырымбет көтерілісі» сияқты тарихи мәселелерге терең барып, оқырманға ой салады. «Аққулы мекен» көлемді хикаясы неге тұрады. Бұл жазушылықтың бір белесі, асар асуы дер едім.   Соның бір парасын былай деп жазып кетіпті: «Бұл орайда менің арқа сүйер, ақылдасар ағаларым да бар екен. Солардың бірі, бірі емес-ау бірегейі, ел үшін күн-түн демей тер төгіп, алыс-жақын шетелдерді аралап, құнды материалдарды жинап, небір өнегелі істердің ұйытқысы болып жүрген Өмірәлі ағаның өзі не тұрады». Осынау  бағаның өзі мен үшін үлкен мәртебе емес пе? Оны қалай ұмытуға болады?
Айналайын, Ырым інім-ай!  Көңілдің көкжиегінен нұрмен астастырып, сезімнің зеңгір көгінен ойып орын сайлаған салқам азаматым-ай!  
Өмірдің барша ауыртпалығын сезінсе де, талай тірліктің түйткілін шеше алмаған жағдайда тұрса да қабақ шытып, қайғыны білдіре бермейтін Ырым інім бір күні телефон соқсам ауруханада жатқанын жасыра алмай әрі біздің барғанымызды қаламайтындай мәнерде, зайыбы Науат екеуінің «коронавирусқа» ұшырап, ауруханада жатқанын айтты. Тіршіліктің біте қайнасқан жандары, қимас аға-бауыр ретінде талай рет қиналғанда көмегімді аямаған едім. Ал, мынадай жағдайда не дерсің, қандай жәрдем бере алатынымды сұрадым. Түрксіб ауданындағы ауруханада жатқанын, ақ халаттылар қолдан келгендерін жасап жатқанын, көмектің қажет емесін айтты.
Енді, міне, сағыныш пен аңсар жүрекке қатар жайғасқан осы шақта ойласам, сол соңғы тілдесуіміз екен. Бір күні Кәшипа Науатпен сөйлескенде ол Ырымның жансақтау бөліміне түскенін естіртті, көп ұзамай «қайтыс болды» деген суық хабар жетті…
Қабырғаны қарасуық қармап, жан дүниені жолсоқты қылғандай ауыр қайғы көңілге орнықты. Күрсінгенде күн күркірегендей күйге түстік. Ырым Кененбай бауырымыздың артында өнегелі ұрпақ пен өшпейтін мұра қалды.  Әрине,  жазары мен алға бастар армандары әлі қаншама еді. Қарындасымыз Науатқа, ұлдары мен қыздарына қайғыра көңіл айтамыз. Есіл ерді ел болып жоқтап, асыл мұраты жолында саналы ғұмырын сарп еткен тұғырлы тұлғаны күллі қазақ болып есте сақтарымыз да ақиқат. «Бір кем дүние» деп Шерхан Мұртаза айтқандай, кетігі жамалмаған тірліктен келместің кемесімен жөнелген жампоз жанның иманы саламат болсын!  
Көк жүзінде самсаған жұлдыздың ең нұрлысындай көңіл көкжиегінен тұғыр сайлаған тұғырлы тұлға, ардақты інім жүрек түкпірінде сақталатыны да сөзсіз.

Өмірәлі ЖАЛАИРИ,
Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының 
ректоры, з.ғ.д., профессор 

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.