Римма Жұмаділова – кәсіпкер. Ұн өнімдерінен жасалатын тандыр нан, самса, бәліш, тәтті тоқаш, тағы да басқа тағам түрлерін пісіріп сату – оның кәсібінің негізі. Сүйікті ісімен айналысқанына он екі жылдан асты. Өз ісінің шынайы шебері деуге болады.
Айтжан Түркебаев атындағы мектеп-лицейінің асханасын жалға алған Римма бұл күнде өз жұмысын дөңгелентіп отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтуды да өз жауапкершілігіне алған.
Ыстықтай қабылдайтын тағам түрлері, ұсынылатын тоқаштар оқушылар қуанышын еселей түссе, олардың аспаз апайларына деген ризашылық сезімдері де ерекше. Көптің көңілінен шығып, бедел биігіне көтерілген жанның бар арманы ел игілігі жолында еселі еңбек ету.
Е. БАРАҚОВ
Саты ауылы,
Кеген ауданы





