Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай әлеуметтік желіде пост қалдырды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», — деп жазды Президент.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





