Талдықорған: +22°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

МЕН ЖОЛЫМДЫ БЕРЕЙІН, ӨТ, ҚАРАҒЫМ!

26.02.2021
ӘЛЕУМЕТ
МЕН ЖОЛЫМДЫ БЕРЕЙІН, ӨТ, ҚАРАҒЫМ!
WhatsAppTelegramFacebook

Бала күнімде анам көшеге ойнауға шығарда үнемі: «Үлкеннің алдын кесіп өтпе, балам, ұят болады» деп ақылын айтып жіберетін. Сол кезде анамның айтқанын екі етпей істесек те, осы бірауыз сөздің мағынасын, кішкентай ғана тапсырманың салмағы ауыр екенін өсе келе түсіндік. Құлағымызға құйып, санамызға сіңдірген тәмсілі ұлттық болмысымызды сақтайтын, тәрбиенің қайнар бұлағы екен. Бұрындары ұрпақтан-ұрпаққа тараған «Жол беру» дәстүрі әр баланың бойтұмары, әр отбасында берілетін тәрбие болған. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда сол бабадан қалған қазақы дәстүр ұмыт болып бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Бұл – тезге салып түзейтін үлкен мәселе.

Қазақта баланың текті, көрегенді отбасында тәрбие алғанын байқау әсте қиын емес. Оны бүлдіршіннің сәлемі мен үлкенді сыйлауынан-ақ аңғаруға болады. Сондықтан, ықылым заманнан дана халқымыз баласына «жол беру» дәстүрін үйретіп, бойына ізгілік қасиетін ұялатқан. Бала жастан «Үлкеннің алдын кеспе», «Үлкеннің сөзін бөлме», «Үлкен кісі тұрғанда төрге шықпа» деп даналық ақылды жас ұрпақтың бойына дарытқан. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бабалар дәстүрінің асыл қасиетін бойына сіңірген бала, әрине, дәстүрді берік ұстанған. Көшеден өтіп бара жатқан қарияға танысын, танымасын міндетті түрде амандасып, батасын алған. Ақсақалдың алдын кесіп өтпей, жол берген.
Сыйластықты дәріптеген «жол беру» дәстүріне тек үлкеннің алдын кесіп өтпеу ғана емес, амандасу, қонақ күту сынды ізгілік пен ізеттілік, әдептілік пен мәдениеттілігімізді танытатын дүниелер жатады.
Мәселен, қонақ шақырғанда үйдің қожайыны әуелі төрге ақсақалдарды отырғызған. Көпшілік жиналған жерде барлығына бір сәлем бергеннен соң үлкендерге арнайы барып амандасқан.  Жиналған жұрт абыздың батасын алған соң ғана тамақтанған. Бұл үлкенге деген құрмет. Егер, алыстан ат терлетіп келген қонағың жас бала болса ше? Мейлі, жасына қарамай оған да жоғарыдан орын беру міндет саналған. Себебі, қонақтың орны қашанда төр болған. Содан кейін ғана үйдің иесі отырған. Кейде, кішкентай баланың өзін «әкесі үлкеннің жолы үлкен» деп құрметтеп жатқан ағаларымызды көреміз. Бұл да ұлық дәстүріміздің жарқын көрінісі. Сонымен қатар, жеңгенің жасы кіші болса да күйеуіне байланысты жолы үлкен болған. Жалпы қай шаңырақта болмасын қызды қонақ санап, «төрге шық, босағамыздан береке кетпесін» деп ырымдап жоғарыға отырғызған. Ең кереметі, жасы кіші бала тұрмақ, ата-әжелеріміздің өзі жүкті әйелге жол берген. Ізгілік танытып тұрса да аналарымыз «Сен жүктісің, қызым. Құрсағыңда ел басқаратын ұл болуы мүмкін, сондықтан батырдың жолын кеспеймін», – деп жолы мен батасын берген.
Міне, бұл елімізді басқалардан өзгешелеп тұратын ерекше қасиет. Осы орайда ойға мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың «Көшеде» атты өлеңі оралады.
Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың! 
Жалған-ай!
Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының дәстүрін күзетпеген. 

Қазақтың Хантәңірі жазған екі шумақ өлеңінен еліміздің дәстүрге ерекше мән бергенін аңғарамыз, ақжаулықты аналардың тектілігі мен тәрбиесін көреміз. Сонымен қатар, мұзбалақ ақын баба дәстүрін ұстанбағандар халықтың қасиетін түсінбейтінін жеткізеді. Иә, сол кезде жазған ақын жыры бүгінгі қоғамды суреттегендей. 
Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда кешегі бабаларымыз тәрбиенің өзегі санаған «Жол беру» дәстүрін білмейтіндер көп. Хас салтымыз жастарға құдды бөгенайы бөтен лепес секілді. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, әрине. Десе де, қоғамдағы кейбір көріністер көңілге қаяу түсіретіні жасырын емес. Жол беру былай тұрсын, қонаққа төрін, қоғамдық көлікте орын бермей, дәстүрге көңіл бөлмей жүргендер жетіп артылады. Ең сорақысы, үлкеннің сөзін бөлмек түгіл жағаласып, салғыласатын, үлкеннің алдын кескен былай тұрсын қағып-соғып өте шығатындардың бары. Қарапайым жол беруді білмегендерден, қонақ күту, кімнің жолы үлкен деген дүниелерді сұрамай-ақ қойсаңыздар да болатын шығар. Осындай келеңсіздікті көргенде: «Біз қайда бара жатырмыз, қанымызға сіңген ұлттық тәлім-тәрбие қайда қалды?»  деп налып қаласың. Бұл ата дәстүрден адасып бара жатқандығымыз. Ұятты көрініске куә болған соң газет бетінде оқырманмен өз ойымды бөліскім келді.
Күзде еңбек демалысын алып ауылға бардым. Көшеге шықсам, бір топ бала футбол ойнап жүр екен. Балалардың ойынын қызықтап тұрғанымда көше бойымен егде тартқан, жасы алпысты алқымдаған апамыз келе жатқанын көрдім. Кенет әлгі балалардың тепкен добы байқаусызда апаға барып тиді. Балалардың бірі допты алуға жүгіре жөнелді. Әлгінің әжесіне амандаспағаны, доп тигізгені үшін кешірім сұрамағаны былай тұрсын, қағып-соғып алдын кесіп өте шықты. Сасқанынан апа: «Байқамайсың ба, балам»  дегеннен басқа ештеңе айтпады. Қайтарында да қайырылмады, добын ала достарына жүгірді.
Кішкентай ғой дейін десең әжептәуір мектеп оқушылары. Оқушы кезінде үлкеннің алдын кеспеу керектігін білмесе, кейін не болмақ? Балаларға барып, үлкен адам көрсеңдер әуелі амандасу керектігін, алдын кесуге болмайтынын түсіндірдім. Мұны естіген апамыз батасын беріп, ризашылығын білдірді. Бірақ қас-қағым сәтте орын алған оқиғадан тезге салып түзейтін басты мәселені көріп, қабырғам қайысып қайтты.
Бұл жалғыз мысал емес. Тек шағын ғана ауылдан көрген оқиғам. Ал қалада мұндай келеңсіздікті күнде көріп жүрміз десек те болады. Бүгінгінің жастары бұдан да зорғысын істеп жүр. Жаяу жүргіншілер жолы, сауда үйлері мен қоғамдық көлікте үлкендерді итеріп өтіп жатқан жастарды жиі кездестіреміз.
Өкініштісі, қателігін түсініп, кешірім сұрап жатқандары аз. Тепсе темір үзетін зіңгіттей жігіттердің өзі бір-біріне жол бермей жаға жыртысып жатқандығын байқаймыз. Кейде аяғы ауыр келіншектердің осы қақтығыс басылсыншы деп бәріне жол беріп тұрғанын да көреміз. Сонда сыйластығымыз, кішіпейілдігіміз, құрсақтағы баланың жолын кеспеу керек деген даналығымыз қайда қалды? Расымен, кешегі «Жол беру» дәстүрінің жоғалғаны ма?! Бүйте берсек, кейін үлкенді сыйламайтын, қатыгез, мейірім мен адами құндылықтардан ада ұрпақ өсетіні жасырын емес.
Жол беру – кішірею емес, ізгіліктің белгісі. Жас ұрпақ бойына адамгершілік, имандылық қасиетін дарытатын осындай ғұрпымызды қайта жаңғыртпасақ, ертең бармақ шайнап қаламыз. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Ұлттық тәрбие, дәстүр – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі. Келешек ұрпақ білімді, ибалы, инабатты, тәрбиелі болсын десек, әуелі үлкенді құрметтеп үйренейік. Дінімізде де жасы үлкен кісілерді сыйлауды, тіпті ол кісі біздің жасымыздан бір күн үлкен болса да оны құрметтеуді өсиет етеді. Сол сияқты  кішіге де ізет етуге шақырады.

Әр бала әкенің қаны, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды, ең алдымен, отбасында бойына сіңіреді. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа тараған дәстүріміздің неге ұмыт болып бара жатқаны, баланың әдет-ғұрыпты сақтамауы деген мәселелер тікелей ата-анаға келіп тірелетіні сөзсіз. Олай болса, келешекте қазақы болмысымыз сақталуы үшін ең алдымен «жол беру»  дәстүрін жандандыру керек.  Болашақ ұрпаққа кішілік кісілікке апаратын даңғыл жол екенін дәріптеу парыз.

Айдар ҚАЛИЕВ
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.