Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІП, ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

17.02.2021
ӘЛЕУМЕТ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІП, ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жеке қабылдау өткізіп, Алматы облысы тұрғындары қойған сан сауалға жауап берген аймақ басшысы Амандық БАТАЛОВ «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына өтініш берген азаматтардың талап-тілектеріне құлақ түрді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алакөл ауданындағы суармалы жерлерге қажетті су мәселесін көтерген Баршагүл Саятова КСРО тұсында салынған арналардың тозығы жеткендіктен судың жартысына жуығының егістікке жетпей жоғалатынын атап өтті. Оның айтуынша, су жүйесін қайта құрылымдау, арналарды ұзарту арқылы қосымша 10 мың гектарға тең суармалы алқапты көбейтуге мүмкіндік туады. Екінші сұрағында Қабанбай ауылындағы медицина саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету турасында айтқан ол ауылға келген мамандардың тұрақтамай, баспанадан қиналатынын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстардың қазірдің өзінде жүріп жатқанына тоқталып, канал салу мен жөндеуге қаржы бөлінетінін жеткізген Амандық Ғаббасұлы дәрігерлерге арналған тұрғын үй салу жоспарына Қабанбай ауылындағы 5 үйді енгізуді жауапты мамандарға тапсырды. Тұрғын үйлер алдағы маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі.

Әрмен қарай онлайн режимінде өрбіген қабылдауда сөз алған Іле ауданының тұрғыны Елжан Жұмаділ Байсерке ауылына спорттық кешен салу туралы өтініш жолдады. Бұл мәселеден хабардар екенін айтқан облыс әкімі спорт кешенін салу жобасының әзірленіп жатқанын алға тартып, нысан құрылысын биыл бастауды аудан әкіміне тапсырды.

Үшауысымды мектептерді жою мәселесін көтеріп, Есікте жаңа мектеп салу керектігін айтқан Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Тілеубек Дүйсебайұлының сұрағына Амандық Ғаббасұлы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 1500 орынды мектеп салу қолға алынғанын, ол үшін жобалық-сметалық құжаттары дайын тұрғанын, мектептің жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.

Тұзкөл ауылында 1989 жылы салынған мектептің әбден тозғанын, күрделі жөндеуді қажет ететінін жеткізген Райымбек ауданының тұрғыны Жандос Исаевтың сауалына облыстық білім басқармасының маманы жауап беріп, мектепті күрделі жөндеуден өткізудің жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғанын, күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен шамамен 582 миллион теңге бөлу жоспарланып отырғанын алға тартты.

Сапалы ауызсу мәселесін қозғаған Кербұлақ ауданының тұрғындарына Амандық Ғаббасұлы ауданға қатысты екі бірдей жағымды жаңалық бар екенін жеткізді. Оның бірі – ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі түпкілікті шешімін таппақ. Ол үшін 1 миллиард 77 миллион теңге бөлінеді. Екіншісі – Сарыөзек кентінде емхана салынады. Екі жобаға да республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді.

Кездесуде жолдарды жөндеу мен көшеге жарық шамдарын орнату жұмыстары да назардан тыс қалмады. Қапшағай қаласы мен Талғар ауданының тұрғындары аймақ басшысына осы мәселелер жөнінде сұрақ қойды. Нәтижесінде Қапшағай қаласындағы 7,5 шақырым жолды, оның ішінде «Қарлығаш» шағынауданының көшелерін жөндеуге 537 миллион теңге бөлінгені, Талғар қаласындағы Алдабергенов көшесіне жарық шамдары орнатылатыны, аталмыш жұмыстарды іске асыру үшін Талғар қаласына 205 миллион теңге бөлінетіні айтылды.

Қарасай ауданының тұрғындары Қаскелеңде емхана, «Қарлығаш» шағынауданына мектеп салу туралы сұрақ қойды. Өйткені, 1974 жылы салынған Қарасай аудандық ауруханасының бір ауысымы 500 адамға арналғанымен қазір бір ауысымда 1500 адамды қабылдайды. Яғни, аурухана тарлық етуде. Ауданда жаңа аурухана салынатынын айтқан облыс әкімі емханаға қажетті 4,5 гектарлық жер телімінің жобалық-сметалық құжаттарына қаражат бөлініп, конкурстық процедуралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Құрылысы биыл басталатын 1500 орынды мектеп аталмыш «Қарлығаш» шағынауданына жақын орналасқан.

Облыс әкіміне Қаратал ауданы, Жылыбұлақ ауылында интернет желісінің әлсіздігі, Жаңаталап ауылына көгілдір отынның келуі, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында кәріз желілерін жөндеу және қант зауыты жанындағы ықшамауданды ауызсумен қамтамасыз ету туралы сауал жолданды.

Аталған мәселердің барлығы оң шешімін табатынын айтқан Амандық Ғаббасұлына Талдықорған қаласының тұрғыны Қадыржан Жексенов жылу электр орталығының құрылысына қатысты сұрақ қойды. Бұл тақырыптың қазір өте өзекті болып тұрғанын атап өткен облыс әкімі:

– Алпысыншы жылдары салынған қазандықтар ескірген. Мамандардың кәсіби шеберлігінің арқасында қазандық жұмысын жалғастыруда, – деп мәселенің мәнін түсіндіріп өтті. – Жыл сайын біз қаланың жылу жүйелерін 5-тен 10 шақырымға дейін жаңартып отырамыз. Талдықорғанда жылу электр орталығын салу қажет, өйткені қазіргі жұмыс істеп тұрған жылу қазандығы моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Жаңа жылу электр орталығы шамамен 400 Гк жылу және 400 МВт электр энергиясын өндіреді. Бұл өте қажет және маңызды.

Түйткілді мәселелер қозғалған қабылдау соңында аймақ басшысы тұрғындар қойған талап-тілектердің орынды екендігін айтып, көтерілген барлық мәселелерді өз қадағалауында ұстайтынын жеткізді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.