Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ АРТТЫРУ – БАСТЫ ТАЛАП

15.02.2021
ӘЛЕУМЕТ
БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ АРТТЫРУ – БАСТЫ ТАЛАП
WhatsAppTelegramFacebook

Жыр құлагері Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – кәсіби мамандар даярлайтын облысымыздағы бірегей жоғары оқу орны. Бүгінге дейін мыңдаған түлекке мамандық кілтін ұстатып, жарқын болашаққа қадам бастырған оқу ошағының беталысы, уақыт талабына сай орын алып отырған жаңа өзгерістері туралы университет ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаевпен сұхбат барысында сұрап білген едік.

– Қуат Маратұлы, соңғы уақытта университетте жаңа өзгерістердің орын алып жатқаны белгілі. Ол, біріншіден, оқу орнының атауына қатысты. Ондағы «мемлекеттік» сөзінің алынып тасталуы оқу орнының жекеменшікке өткенін көрсете ме?
– 2019  жылы 11 қазанда Үкіметтің Қаулысы шыққан болатын. Осыған орай университеттердің басқару үлгісі өзгерді. Республикамыз бойынша мемлекеттік аталып келген университеттердің атауына өзгерістер енгізілді. Соған сай көпшілікте оқу орындары жекеменшік болып кетті деген түсінік қалыптасты. Бірақ, бұл олай емес. Университеттердің  100 пайыз акциясы Білім және ғылым министрлігіне қарасты. Бұл біздің коммерциялық емес ұйым екендігімізді көрсетеді. Тек университеттерге академиялық еркіндік беріліп отыр. Бұрын көп сұрақтарымыз министрлік арқылы ғана шешілетін. Қазір бізге беріліп отырған академиялық еркіндіктің арқасында ол мәселелерді өзіміз шеше аламыз. Осы орайда директорлар кеңесі құрылған. Олар жыл басында штат санын, құрамын, университеттің даму жоспарын, стратегиясын, оқу төлемақысын бекітеді. Қаржылық, басқа да мәселелердің шешімін табуына ықпал етеді. 
Директорлар кеңесінің құрамы 7 адамнан тұрады. Олар Білім және ғылым министрінің бұйрығымен тағайындалады. Оған бірінші кезекте білім саласында еңбек ететін жандар кіреді. Міндетті түрде министрлік өкілі болады, ол директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Білімге де, университетке де қатысы жоқ екі тәуелсіз директор болады. Ол неге керек десеңіз, егер министрлік пен университет арасында даулы мәселелер туса, соны объективті түрде шешуге атсалысады.  Бұл кеңес директорларының кадрлық мәселелер, даму стратегиясы және аудит комитеттері бар.  Олар өз бағыты бойынша  жұмыстарын жүргізеді. Директорлар кеңесіне қаржы министрлігінің де өкілі кіреді. 
Бұрын университет әкімшілігі ректорат деп аталса, ендігі жерде басқарма делінеді. Басқарма төрағасы ректор болып табылады. Басқарма атқарушы, директорлар кеңесі басқарушы ұйым. Сонымен қатар, оқу кеңесі бар. Ол білімге, ғылымға қатысты мәселерге атсалысады. 
– Бұл  өзгерістің университет болашағы үшін маңызы қаншалық?
– Мұның бәрі жоғары оқу орындарының жұмысын жақсарту, бәсекелестігін арттыру үшін жасалып жатыр. Ендігі жерде әрбір оқу орны өздігінше ізденіп, өз бағдарламаларын өздері құрастырады. Қазір 10 пайыз ғана міндетті пәндер оқытып, қалған 90 пайызын қалауымыз бойынша өзгерте аламыз. Демек, нарық талабына сай «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, басқа да жұмыс берушілер бар, солармен ақылдаса отырып, оларға қажетті мамандар даярлауға атсалысамыз. Негізгі критерий – бітіріп жатқан түлектеріміздің жұмысқа орналасуы. Сондықтан да біз жұмыс беретін мекемелерге тікелей шығып, қандай маман қажеттігін анықтаймыз. Олар өз ұсыныстарын айтады. Солардың талап еткен мамандарын даярлаймыз. Бізден оқу бітіріп кеткен түлектеріміз сапалы маман болып жатыр ма, оған да сараптама жасап, сол бойынша жұмыс жүргізіп отырамыз. 
Өйткені, биылдан бастап әр университет өз дипломдарын бере бастайды. Бұрынғыдай бір үлгідегі мемлекеттік дипломдар болмайды. Бұл әр жоғары оқу орнының еңбек нарығына еніп, өз өнімін ұсынуымен тең. Біздің даярлап шығаратынымыз – ол мамандар. Егер біз нашар маман даярлайтын болсақ, біз берген диплом сапасыз болып  есептеледі. Бұл біздің нарықтағы орнымыздың жоқтығын немесе төмендігін көрсетеді. Демек, университет өз орны үшін күреседі. Ол арқылы сапалы білімге жол ашылады. Шет- елдерде де әр университет өз дипломын береді, өз рейтингтерін қалыптастырады.  Сонымен қатар, нағыз кәсіби маман даярлауда теорияны ғана емес, тәжірибелік жұмыстарды да білу аса маңызды. Осы орайда кәсіпорын, мекемелерде жұмыс істейтін тәжірибелі мамандарды  да дәріс оқуға немесе дәріс кезінде іс-тәжірибе бөлісу үшін шақырып, студенттердің мамандық сырын толыққанды меңгеруіне ықпал етпекпіз.
– Университеттегі құрылымдық өзгерістердің студенттерге  қаншалықты әсері болмақ? Оның мемлекеттен бөлінетін оқу гранттарына қатысы бар ма?
– Студенттерге айтарлықтай өзгеріс алып келмейді. 
Грант мәселесіне де ешқандай қатысы жоқ. Мемлекет бұрынғыдай білімді жастарды қолдауын жалғастыра береді.  Жалпы мектеп бітірушілер грантты мамандық ретінде жеңіп алады. Грант иегері атанған соң ғана жоғары оқу орнын таңдайды. Бұл орайда үш университетті белгілей алады. Ең бастысы, ол грант иеленген мамандық бойынша жоғары оқу орындарының лицензиясы болуы шарт.  
– Қазір көптеген студенттің мейрамхана, кафелерде жұмыс істеп, ақша табатыны белгілі. Олардың оқып жүріп қосымша қаржы табуына басқадай мүмкіндіктер бар ма?
– Осы орайда университетте стартап академиясын құрдық. Ол арқылы «Атамекен» өкілдігін ашып, 3-4-курс студенттерінің өз бизнес бағыттары бойынша  жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасамақпыз. Мейлі, қай салада маманданып жатқан білімгер болсын, сол бағытта өз ісін ашып, қаржы таба алады. Қазір көп студент оқу ақысын төлеу үшін мейрамханаларда жұмыс істеуге мәжбүр. Жұмыстары кешкі уақытта болғандықтан оқуына да, денсаулықтарына да зиян келтіреді. Жастарға кішігірім бизнес ашуды үйретуді қолға алып жатуымыздың себебі де осы. Уақыттарын босқа өткізбей, өздеріне де пайда келтіретін іспен айналысса дейміз. 
– Университетте қашықтан оқыту қалай жүзеге асуда? Білім сапасына кері әсер етіп, мамандар даярлауда қиындықтар келтіріп жатқан жоқ па?
– Университетте қашықтан оқыту жүйесі бұрыннан қалыптасқан. Сырттай оқитын студенттер қашықтан білім алады. Осы тәжірибенің арқасында  айтарлықтай  мәселе туындаған жоқ. Қашықтан оқыту бойынша өзіміздің құрастырған бағдарламамыз да бар. Сол көмекке келіп, қашықтан оқытуды өз деңгейінде жүзеге асыра алдық деп айта аламын. 
Кейбір оқу орындары жазғы емтихан, сынақтарын тапсыртпай кейінге қалдырып жатты. Ал бізде бәрі бағдарлама бойынша уақытылы өтті. Өйткені, оған дайын болдық. Бір ғана мәселе, ол кейбір аудандарда интернеттің дұрыс жұмыс істемеуі. Мұндай жағдайда студенттердің осында келіп, жатақханада жатып оқуына мүмкіндік жасалды. Бірінші семестрде 28 бала жатақханада жатып, оқып шықты. Жатақханада компьютерлер де, вай-файға қосылған тегін интернет жүйесі де бар. 
– Қашықтан білім беруді жетілдіру бойынша жұмыстар атқарыла ма?
– Бізде қашықтан білім беру факультеті бар. Жыл сайын бағдарламаларды енгізіліп жатқан өзгерістерге орай дамытып отырамыз. Қандай да бір мәселелер туындаса, сол жағын зерттеп, оларды шешу жолдарын қарастырамыз.  Соның арқасында студенттеріміз қашықтан да сабақтарын жақсы оқып, тапсырды. Бірақ, аудиторияда берілген білімге ештеңе жетпейді. Көзбе-көз ұстазбен тікелей қарым-қатынас жасап, сұрақтарын қойып, дәріс алғанға не жетсін? Ең сапалы білім – осы дәстүрлі форматта. Ал қашықтан білім беру қысқаша, тиімді оқыту. Сондықтан да пандемия біткен соң дәстүрлі оқыту жүйесіне қайтып келеріміз кәміл. 
– Әсіресе, 1 және 4-курс студенттерінің оқу орнында білім алуы маңызды. Осы жағы қарастырылған ба? 
– 1-курс білімгерлері және техникалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер карантин бітісімен оқу ошағында білім алатын болады. 4-курстар үшін де тәжірибеден өту кезеңі аяқталған соң университет қабырғасында дипломдық жұмыстарын жазып, қорғауына мүмкіндік берсек деген ойымыз бар.
– Оқу орнында қай сала мамандарын даярлауға басымдық беріледі? Болашақта жаңа мамандықтар ашыла ма?
– Университет даярлайтын мамандардың 57 пайызы педагогикалық мамандықтар. Биылғы оқу жылында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша ауылшаруашылық экология- сы мамандығын аштық. Сондай-ақ, ақпараттық жүйелердің архитектурасы, ақпараттық ресурстарды басқару, экономикалық кибернетика, арнайы педагогика, магистратура бойынша стратегиялық менеджмент мамандықтары ашылды. Нарық талап еткен мамандықтарды  енгізіп, елімізге қажетті мамандар даярлауға әрқашанда әзірміз.
– Ғылымды дамытуға қаншалықты көңіл бөлінеді?
– Ғылымды дамыту бойынша да академиялық еркіндік аясында алға жылжу болмақ. Акционерлік қоғам ретінде ғылыми-зерттеу алаңдарын ашуға мүмкіндігіміз бар. Ғылыми жобаларды коммерциализациялауға да болады. Бұл орайда стартап академияларын құрып, эксперименттік орталықтар ашсақ дейміз. Кез келген ғылыми жоба өнеркәсіп арқылы коммерциализацияға шығу керек. Соған жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – уақыт талабы.
Қарап отырсаңыз, әлемдегі белгілі жоғары оқу орындарының бюджетінің 70-80 пайызын ғылыми жобалар құрайды. Олар өз ғылыми жұмыстарын фирмаларға сатып, сол арқылы қаржы табады. Болашақта университеттердің ғылыми-зерттеу бағыты осы арнаға қарай ауысады. Біздің өз серіктестеріміз, жоғары оқу орындарын қадағалайтын ірі бір кәсіпорын болуы қажет. Біз де осындай ғылыми ізденісімізді іске асырып, көмектесетін бизнес алаңын іздейтін боламыз.
– Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде атқарып жатқан істеріңізбен де бөлісе кетсеңіз.
– Әлеуметтік фракция тобындамыз. Білім, денсаулық саласы, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ұйытқы болу мақсатымыз. Сайлау алдында халыққа берген уәдеміз, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының жүзеге асыруға тиісті бағдарламасы бар. Онда облысымыз бойынша жеті бағыт қамтылған. Соның іске асырылуын фракцияларда, комитеттерде қарастырып жатырмыз. Әр аудан, облыс бойынша да бағдарламалар бар. Соларды мәслихат арқылы бекітіп, берген уәделерімізді жүзеге асыру үшін жұмыстар атқарудамыз.
– Әңгімеңізге рахмет. Ісіңізге сәттілік тілейміз.

Сұхбаттасқан Алма ЕСЕНБАЙ 

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.