Талдықорған: +29°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚЫРШЫН ЖАСТЫҢ ҚЫРЫҚ ЖЫЛДЫҚ ҚАЙҒЫСЫ

12.02.2021
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ҚЫРШЫН ЖАСТЫҢ ҚЫРЫҚ ЖЫЛДЫҚ ҚАЙҒЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жалған дүние-ай!.. Кейде осы сені опасыз дейтін мына жұрт рас айта ма, қалай өзі?! Қайран да қайран жалғыз ұлдың жан жылатқан қасіреті-ай! Əнуарбегім-ай! Ұмыта алмай-ақ қойдық, ұмытылмайды екен тіпті. Аман болса, қазанның мына 17-де алпысқа келетін еді ғой… Жарығым-ай!», – деп былтыр күзде қарсы алдымда күрсінісін жасыра алмай кластас құрбым Əлия отырды. 

 

***
Сол бір елеусіз кездесу жадымда қалай жатталып қалды екен десеңізші?! Əнуарбекті көрген сəт есіме оралды. 1979 жыл. Күз. Қарғалының орталықтағы автобекет тəріздес күркешесі маңындағы асфальтты алаң. Көгілдір телпегін шекесіне сəл қисайта киген, көріктей кеудесінің оң жақ тұсында оқаланған аксельбант, сол жағында əскери жетістігін айқындайтын əртүрлі төсбелгісі көз тартатын жас жігіт бізге қарсы келе жатты. Десант екенін əскери киім үлгісі айғайлап айтып тұр. Жарқылдап амандасты. 
Əлиянің інісі екенін сырттай білемін ғой, əйтсе де өзімізден екі жас кіші, үш класс кейін оқыған өрен Əнуарбекті мектепте жүргенде көзге ілді дейсіз бе. Енді қарасақ, сұлу суреттей бейне. «Қазақ қайсы?» десе, «міне!» деп көрсете алатын көркем жігіт болыпты. Аңқылдай келіп, ақтарыла сəлем бергеніне ішіміз жылып, «айналайын-ай!» деген бір сезімде қалғанымыз рас. Ең соңғы жүздесуіміз екен. Əнуарбек он тоғызда, біз жиырма бір жастамыз. Арада тура қырық бір жылдан сәл астам уақыт өтіпті. 
Енді… екінші бір сəт туралы айту тіпті ауыр. 1980 жыл. 8 наурыз. Қаралы қаза. Үзік-үзік суреттері есте қалыпты. Бүкіл ауыл, тіпті аудан бойынша Ауғанстаннан келген алғашқы мырыш табыт. Аңтарылған ағайын. Аңыраған отбасы. Он тоғыздан небəрі төрт-ақ ай асқан қыршын Əнуарбектің қайғысына қара ормандай күңіренген Қарғалының халқы. Солардың арасында Əлияға көңіл айту үшін келіп тұрған біз… Сегіз қыздың ішіндегі бір тал жауқазындай, енді ешқашан орны толмайтын жалғыз ұлдың жан жылатқан қасіреті. Келесі бір сəтте мына сұмдыққа шыдап тұра алмай жылыстап шыға бергеміз…
Осы бір екі көріністің өзі соншалық қарама-қайшы. Бірі – жадыраған жүздесу, бірі – аңыраған қоштасу. Біз өмір деп жүрген тіршіліктің тура өз бейнесі. Бір қуаныш, бір қайғы… Алма-кезек ауысып тұрған. Əлі де солай, күні ертең де солай бола бермек. Өйтпесе өмір бола ма?! 

*** 
«Қанша батыр болса да, жауға салма жалғызды…». Кім еді мұны айтқан? Жыраулар поэзиясынан жеткен қазақтың таңғажайып дəстүрі. Соғыс кезіндегі теңдессіз гуманизм, тұрмыс аясындағы адастырмас бағдар. Алайда, кешегі кеңестік дəуірде оны кім ескерді дейсіз? Соның салдарынан қаншама əулеттің жалғыз ұлы жеткіншек кезінде қыршынынан қиылды. Оның əлеуметтік, психологиялық, тіпті генетикалық зардабын əлі тартып жүргенімізге кім ой жүгіртеді. Ауған жерінде оққа ұшқан Əнуарбектің тағдыры осының айқын мысалы. 
Мектепті бірге бітірген Əлия кластасымнан сыр суыртпақтап отырмын. Əкесі мен шешесі туралы айтқанда көкірегі тағы қарс айырылып: «Қайтейік, сегіз қызы жан-жағынан қаумалап жүрсек те анамыз Ажаркүл үшін «Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дегендей, бəріміздің бағамыз бір Əнуарбекке татымаған сияқты. Таңды жылаумен атырып, кешті жылаумен батырды ғой қайран шешеміз. Ұлының қайғысын он жыл бойы азаптанып арқалап, зарлай жүріп 1990 жылғы 18 ақпанда қайтыс болды. 
Ал əкеміздің өмірінің соңғы кезінде көрген күні тіпті қиын болды. Қайғыдан қан жұтқан адамның жүйкесі де сыр береді екен ғой, мүлдем отырып қалды. Дүниеден 1996 жылы өтті», – деді мұңайып. 

***
Біз мына мақалаға арқау етіп отырған Əнуарбек Молдабекұлы Айтбаев деген азамат кім еді? Не істеп еді ол? Несімен ерекше деген сұрақтың əріде тұрғанын сеземіз. 
Жамбыл ауданында Қарғалы атты ауыл бар. Мұнда кезінде «Қазақстандағы жеңіл өнеркəсіп өндірісінің алғашқы қарлығашы» деген құрметті атаққа ие болған Қарғалы шұға комбинаты жұмыс істеп тұрды. Күндіз-түні бір тынбайтын осынау өндіріс орнында барлығы үш мыңға тарта жұмысшылар мен техникалық қызметкерлер болды. Солардың қатарында Молдабек пен Ажаркүл де осы комбинаттың мата өңдеу цехында ел қатарлы еңбек етті. Алла екеуіне жақұттай жарқыраған сегіз қыздың ортасында жауқазындай бүрлеген жалғыз ұл берді. 
Сол жалғызы кейін бір əулеттің бəйтеректей тірегі болар деп жүргенде, арман шіркін алдап соқты. Ауғанстандағы соғыс өрті басталған кезде Белоруссияның Витебск қаласындағы əскери-əуе күштері бөлімінде азаматтық борышын ойдағыдай атқарып жүрген Əнуарбек 1979 жылғы желтоқсанның 11-і күні Кабул қаласына десант болып түсті. Жан-жақты шыныққан, өрекпіп тұрған өжет жігіттердің қатарында оның біркісілік орны бар еді. Ақжарқын мінезімен ақтарыла күліп, жадырап, жарқырап жүретін. Тіпті соңғы шайқасқа аттанар алдындағы аса көңілді күйіне таң қалған қарулас достарына ол: «Меніңше, бəрі ойдағыдай болатын сияқты. Осының алдында екі шайқастан аман шықтық емес пе, бұдан да шығамыз. Міндетті түрде…» депті. Мұны сарғайған естелік жазбаларынан оқып жəне бір мұңайып қалдық. Қайран, қазақтың ержүрек ұланы, қайдан білсін… 
Ауған бүлікшілері деп аталатын дұшпанның қолы таулы өзендегі көпірге бекініпті. Осы нысананы алу үшін шабуыл басталады. Жан алып, жан беріскен атыста соғысқа бұрыннан машықтанған жауынгердей тайсалмай шайқасқан Əнуарбек алдыңғы лекте келе жатыпты. «Автоматтан оқ жаудырып, бірнеше дұшпанды жер жастандырды» дейді бұл жазба. Солай болуы заңды. Арғы батыр бабаларының қанынан дарыған қайсарлық сын сағатта айқын аңғарылғаны анық. 
Орысша мəтін жəне былай дейді: «Вражеская пуля сразила его, когда он под огнем выносил с поля боя раненных товарищей. «Сам погибай, а товарища выручай…». Ануарбек до конца остался верен этой солдатской традиции…». 
Айналайын-ай, өзім дегенге өзегін жұлып беруге даяр елдің асыл перзенті-ай! Ақтық демі үзілгенше айналасына адал болып өткен ақкөңіл азамат жат жерде осылайша мерт болыпты. Бұл – 1980 жылғы ақпанның 29-ы еді. Арманда кеткен боздақты елі-жұрты наурыздың 8-де туған жерінде жер қойнына тапсырды. Ауғанстаннан жеткен алғашқы мырыш табыт, алғашқы құрбандықтың бірі болды қайран Əнуарбек.

***
Ол туралы бұдан да ұзақ жаза беруге болар еді. Алайда, ақ қағаз бəрін көтереді екен деп, тым қысқа өмірбаянын сағыздай созу да қиянат. Небəрі 19 жыл, төрт ай, он екі күн өмір сүрген бозаң жігіт не көріп үлгерді дейсіз? Мектепте жақсы оқыды, ата-анасына үй тіршілігінде қолғабысын тигізді, футболды жан-тəнімен жақсы көрді, сырнай тартып əн салады екен, демек, жеткіншектің өнерге де бейімділігі ерекше болған. Қарағандыдағы жоғары милиция мектебіне түссем деген бала арманын үйдегілер тежеген көрінеді. Жалғыз ұлды сонау алыстағы қалаға қалай жіберсін, «Одан да Алматыдан-ақ оқысаң болады ғой, қарағым» деген əке-шешесі мен əпкелерінің тілегін құптаған. Зооветеринарлық институттың студенті атану да маңдайына жазылмапты, сынақтан өтсе де конкурстан өтпеген. 
«Енді бір үш айдан кейін əскерге кетемін ғой деп, еркелеп үйде жатып алса да ешкім қолын қақпас еді, өйтпеді. Оқудан жолы болмай қайтқан соң көп ұзамай комбинатқа барып, жұмысқа тұрды. Кілең қыздардың арасында өскендіктен шығар, өте мейірімді, кісінің көңіліне қарағыш еді жарығым. Жалғыз ұлмын деп шолжаңдаған емес. Үйдегі барлық жұмысқа көмектесетін. Мінезінде өжеттігі бар, ерекше туған ардағымыз еді, маңдайға сыймады ғой. Алдында төрт əпкесі, артында төрт қарындасы қалдық зар жылап», – деп Əлия əңгімені тағы толықтыра түсті. 
Арамызда аман жүрсе, Əнуарбек алпыстан енді асар еді. Бірі кем дүние. Жар құшып, бала сүю де жазмыш тақтасына жазылмапты. Бозбала кезінде дем үзген боздақ Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза тапқан соң «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталыпты. Ол да болса дəтке қуат. Енді мына туған жері Қарғалыда, тіпті аудан орталығы Ұзынағашта салынып жатқан сан көшенің бірін жергілікті билік орнында жүрген азаматтар бас болып, ауған соғысының алғашқы құрбаны, марқұм Əнуарбек Айтбаевқа қиса, құба-құп болар еді. 
Иə, қыршын ұлдың қырық жылғы қайғысы оның əулетінен əлі күнге сейілген жоқ. Жатқан жері жарық болсын Əнуарбектің! Сегіз қыздың ортасында жауқазындай жайқалып өскен қайран жалғыз ұл! Кім біледі, тірі жүрсе ол бүгінде Айтбаевтар əулетінің мəуелі бəйтерегіне айналар ма еді?!

***
«Қанша батыр болса да, жауға салма жалғызды…». Сонау зар замандарда күңірене жырлаған жыраудан қалған осы бір тармақтың ызыңы құлағымның түбінен əлі де естілетіндей, санаға салмақ салып тұрғанын қарамайсыздар ма… Беу, дүние-ай!

Рəтбек САҒИД-УАҺАС,
Қазақстан Республикасы 
Ақпарат саласының үздігі

 

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.