Талдықорған: +35°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АУЫЛ ЖАРЫҚ, РИЗА ХАЛЫҚ

08.02.2021
КҮЛТӨБЕ
АУЫЛ ЖАРЫҚ, РИЗА ХАЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Қытай Халық Республикасынан ата-баба жеріне қоныс аударып келген қандастарымызбен журналист ретінде сұхбаттасамын. Олардың сол кезде айтқан әсерлі бір әңгімесі есімде нақты сақталып қалыпты. «Қытай жерінде жүргенде шегараның арғы бетіндегі қазақ жеріне ынтыға қарайтынбыз. Әсіресе, түнгі мезгілде атамекенді аңсау сезімімен мейірленетінбіз. Қазақ жерінде самаладай болып жарқырап тұратын электр жарығы жүрегімізге ерекше сағыныш ұялататын. «Шіркін-ай, өз Отанымызға жетсек, сол жарықтың түбінде болсақ!» деп армандайтынбыз», – деген еді бір қандасымыз.


Олар шетелде жүргендегі сағыныш сазын осындай бір көрініспен әсерлеп айтады. Қандас ақын бауырымыздың: «Көк тудың желбірегені, жүректің елжірегені!» деп жырлауының өзінде терең ой жатыр емес пе?

Олардың бұл сөзіне біз де мәртебеленіп қаламыз. Міне, қазақ жерінің қасиетті топырағы ғана емес, самаладай жарығына дейін қандастарымызды тебіренткенінен көп жайды түсіндік. Соған орай елді мекендерді осындай электр жарығымен қамтамасыз ететін мекемені басқарып, аудан аймағына жеткізіп отырған қарапайым еңбеккерлер жайында әңгімелегенді жөн көрдік.

Панфилов жер көлемі жағынан алғанда облысымыздағы ірі аудан саналады. Аумағында халықаралық дәрежеге көтерілген «Қорғас» кеденін ескерсек, маңызы тіптен арта түседі. Осындай ірі өңірді тәулік бойы электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз ету өте жауапты да ауыр жұмыс екені анық. Сондай бір үлкен мекемені басқарып отырған, өткен жылдар ішінде мол тәжірибе жинақтаған білікті маман Берік Тоқтабекұлы Сәрсенбаев. Ол басқаратын мекеме «Қорғас» кеденінен арлы-берлі өтіп жатқандар мен күн сайын ауданымызға келіп-кетіп жатқан неше жүздеген адамдарды есептесеңіз, орташа екі жүз мыңдай адамды электр жарығымен қамтамасыз етуде.

Берік осы ауданның түлегі. Электр жүйесі мамандығы бойынша екі бірдей оқу орнын бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы ауданымыздағы асыл тұқымды мал өсіретін миллионер шаруашылық атанған «Көктал» кеңшарының жөндеуші электригі болып бастаған.

Аудандық электр жүйесінің ұжымы халықты электр жарығымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында күзгі, қысқы кезеңге әзірлік жұмыстарын жан-жақты әрі тиянақты жүргізді. Өткен жылы бұл орайдағы жұмыстарға 25 миллион теңге бөлінген еді. Осы қаражат тиімді пайдаланылды. Тиянақты дайындықтың нәтижесінде аудан бойынша күз кезінде, егін жинау науқаны тұсында электр қуаты барлық жерге үзіліссіз беріліп тұрды. Сол арқылы қызыл қырмандардағы мыңдаған тонна жүгеріні өңдеу мен сұрыптау, кептіру мен үгіту, тағы басқа да жұмыстар тоқтаусыз жүргізілді. 

Қыс кезінде де электр жүйелерінің жүйелі жұмысына деген бақылау өте жоғары деңгейде әрі ұқыпты жүргізілуде. Қай жерде қандай оқыс оқиға бола қалса кезекте тұрған бригада мүшелері автомашинамен сол жерге тез арада барып, орын алған олқылықты уақытпен санаспай мүмкіндігінше қысқа мерзімде жөндеуді жүзеге асырады. Кәсіби мамандар мұндай сәтте өте тез қимылдайды. 

Жұмыс қанша тез атқарылса да қауіпсіздік техникасын сақтауды мамандар қашанда басты назарға алады. «Сақтансаң сақтаймын» деген асыл сөзді электр жүйесінің мамандары мен жұмысшылары бір сәт те естерінен шығарған емес. 

Электр қуатының әрбір ұжымға, әрбір отбасына тұрақты түрде үзіліссіз берілуінің нәтижесінде 2020 жылы ауданда электр қуатын пайдалану көрсеткіші арта түсті. Атап айтқанда, алдындағы жылмен салыстырғанда электр қуатын пайдалану 10 пайызға артқан. Бұл аудан үшін өте жоғары көрсеткіш. Электр қуатын пайдалану көлемінің артуы дегеніміз – әрбір ұжымдағы еңбек өнімінің артуы болып саналады.

Жедел жөндеу жұмыстарына байланысты кей жерлерде электр энергиясын беру тоқтатылғанда сол жердің тұрғындары, еңбек ұжымдары бұл мәселеге түсіністікпен қарайды. Тұрғындардың мұндай асыл қасиеттеріне аудандық электр тарату жүйесінің мамандары дән риза. Екі жақтың сыйластығы қашанда игі жетістіктерге жеткізіп келеді. 

Панфилов ауданына электр қуатын тарату мекемесі осылайша өткен жылды да қомақты табыстармен абыройлы аяқтады. Оған осы мекемені басқарып отырған Берік Сәрсенбаевтың ұйымдастыру қабілеті мен біліктілігі айтарлықтай ықпал етті. «Ұйымдастыра білген ұтады» деген дана сөз осындайда ойымызға оралады.

Аудандық электр қуатын тарату мекемесінде өздеріне тапсырған жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып келе жатқан мамандар мен жұмысшылардың бірнешеуін атап өткім келеді. Бұл орайда мекеме бастығының орынбасары Несіпбай Ерназар мен таңдаулы шеберлер Жұмағұл Жандос, Серік Тұрлыбайұлы, Жанайбек Несіпбаев, Нұрлан Қыстаубаевты, жөндеуші Құмарбек Шалтабаев пен электрик-шебер Мейіржан Тоққұловты, есепші Зәуре Диханбаеваны, тағы басқаларын атап өткен жөн.

Данышпан Абайдың: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген дана сөзі кімді болса да ойландырады. Сол айтқандай, ұжым мүшелері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, кәсіби шеберліктерін ізденіспен арттыра түсіп, ұйымшылдықпен еңбек етуде. Ал адал еңбектің кімді болса да жетістіктің шыңына шығаратындығы анық.

Садық Жұмабай,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026
Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.