Талдықорған: +15°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА БЫЛТЫР 1370 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

03.02.2021
ӘЛЕУМЕТ
ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА БЫЛТЫР 1370 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Текелі қаласы әкімінің міндетін атқарушы Елдос МЫРЗАБЕК «Instagram» желісі, «Zoom» қосымшасы арқылы халыққа атқарылған жұмыстар жайында онлайн есеп беріп, алдағы міндеттерді саралады. Есепті жиынға Алматы облыс әкімінің орынбасары Серік ТҰРДАЛИЕВ қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Жыл қорытындысы айтылған есепті Текелі қаласы мәслихатының хатшысы Николай Калиновский жүргізіп отырды. Жиын барысында Елдос Сәкенұлы былтыр қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуіне бағытталған жоспардың толығымен орындалғаны жайлы тұрғындарға есепті баяндама жасады.

Құрылғанына 70 жылдай уақыт болған, асқақ тауларымен ерекшеленетін моноқалада отыз мыңнан астам тұрғын бар. Жұртшылықтың әлеуметтік жағдайы жақсы болуы үшін барлық жұмыс атқарылуда. Қай саланы алып қарасақ та қарыштап дамып келеді. Өңірдегі пайдалы қазба байлығы мен инфрақұрылымдық тиімділігін айтпағанда, ауылшаруашылығы, туризм, құрылыс, өнеркәсіп өндірісі, жаңартылған энергия көздері сынды бизнестің перспективті бағыттарында көптеген жақсы өзгерістер бар. Аймақ экономикасының негізгі күші – өнеркәсіп. Мәселен, 2020 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 22,8 млрд.теңгені, қаланың аймақтық өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 2,0 пайызды құрады.

Шағын және орта бизнес қала экономикасының маңызды бөлігі болғандықтан барлық мүмкіншілік жасалып, тиімді несиелер берілуде. Нәтижесінде бүгінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1455, шағын және орта бизнестен бюджетке төлемдер түсімі 2,2 млрд.теңгені құрайды. Мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде сегіз несие берілген. 25,2 миллион теңгенің кепілдік сомасына жеті жоба қамтылып. 56,0 млн.теңге сомасында 90 гранты беріліпті.

Былтыр құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3 млрд.теңгені құрап, жоспар 94,5 пайызға орындалған. «Достық» шағынауданы әл-Фараби көшесінен 40 пәтер беріліп, көпбалалы, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер баспана бақытын тойлады. Сонымен қатар, қаланың орталық саябағына амфитеатр салынды. Алдағы жылғы жоспар «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, Спорттық-сауықтыру кешені, Сейфуллин көшесінен 40 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй салу.

Текелі облыстың ғана емес, еліміздің туризмін дамытуға қолайлы өңір. Қалада туризмді өркендету және «Ақылды қала» жүйесін енгізу үшін бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтсақ, қалаға кіреберісте туристерге арналған негізгі орындарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жарық диодты экран орнату жоспарланған. «Будда» тасын және Қора өзеніндегі бұлақты, Қонаев көшесіндегі аумақты, «Горняцкий» шағынауданындағы жерді абаттандыру жұмыстары жасалмақ.

Әлеуметтік саланы дамыту әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі. Өткен жылы 1370 адам жұмыспен қамтылған. Бес жүзге жуық отбасына әлеуметтік көмек төленді. 147 отбасыға 2,5 млн.теңге көлемінде тұрғын үй көмегі беріліпті. Жомарт жандар қайырымдылық шараларын өткізіп, 1048 отбасыға жалпы сомасы 11,3 млн.теңгеге көмек көрсетілген.

2020 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 1,2 млрд.теңге бөлінген. Ал амбулаториялық-емханалық диспансерлік топтағы науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 183,6 млн.теңге жұмсалыпты. Елімізді жайлаған індетті одан әрі өршітпеу үшін барлық жағдай жасалып, дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар алынған.

Қала бойынша құқықбұзушылықтың көрсеткіштеріне тоқталсақ, қылмыс саны едәуір азайған. Қаладағы қоғамдық және жол қауіпсіздігін қадағалау үшін 8 бейнебақылау камерасы орнатылып, Қоғамдық орындарда үшін екі модульдік полиция бекеттері сатып алынды. Жедел басқару орталығы салынып, 50 бейнебақылау камералары сатып алыныпты. Оларды орнату биылға жоспарланған.

Жиын барысында тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарын қойды. Елдос Мырзабек әр сұраққа тұшымды жауап беріп, бірқатар жұмыстардың жоспарда тұрғанын, бұйырса шешімін табатындығын айтты.

Жиында сөз алған Серік Тұрдалиев облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап, есептік кездесуде қаралған мәселелердің бақылауға алынатындығын және жұмыс сапалы орындалатындығын айтып, алдағы уақытта атқаратын істеріне сәттілік тіледі.

Есептік кездесуден соң Елдос Сәкенұлы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Айдар ҚАЛИЕВ

Текелі қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.