Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

28 қаңтар 2021
САЯСАТ
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани ЗАППАРОВ Алматы облысында болып, полицейлер алдына жаңа міндеттер қойды. Бұл туралы «Жетісу» газеті полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген министрдің орынбасары ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттерін көрді.

— ҚР Ішкі істер органдарының учаскелік пункттері ішкі істер бөлімшелерінің негізгі озық буыны болып табылады және ведомствоның жұртшылықпен өзара іс-қимылын ұйымдастырады, қоғамдық тәртіпті қорғауды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өздерінің әкімшілік аумақтық учаскелерінде құқықбұзушылықтардың алдын алумен және қылмысқа қарсы күреспен айналысады. Полиция әрқашан жұртқа жақын болуы қажет, — деп атап өтті полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров.

Учаскелік полиция пунктін аралау барысында министрдің орынбасары жергілікті тұрғындарды қабылдады. Кейбірі қылмыстық істерді ашуға байланысты көмек қолын созуды сұраса, енді бірі полиция қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізді.

— «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шеңберінде қазақстандық полицейдің жаңа бейнесін қалыптастыру алдағы кезеңге арналған басты міндет. Қоғам мен қарапайым азаматтар полицейлердің олардың тыныс-тіршілігіне қатысуын сезініп, ішкі істер органдары жүйесіндегі оң өзгерістерді көруі тиіс, — деп қорытындылады ҚР ІІМ орынбасары Арыстанғани Заппаров.

Облыстық полиция департаментіндегі әріптестерінің алдында сөйлеген сөзінде Арыстанғани Заппаров аймақтағы қылмыстық жағдайға тоқталды. Ол өңірде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша көрсеткіштер жақсарғанын атап өтті. Елімізде тіркелген барлық қылмыстық құқықбұзушылықтардың 9 пайызы Алматы облысына болады. Өткен 2020 жылы облыста қылмыс деңгейі 36 пайызға төмендеген.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.