Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖҮЗДЕГЕН АДАМҒА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

25.01.2021
ӘЛЕУМЕТ
ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖҮЗДЕГЕН АДАМҒА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жұмыспен қамту бойынша Қапшағай қаласында ілкімді істер көп. Қаланың тыныс-тіршілігі мен әлеуеті артып келеді. Бұл туралы «Жетісу» газеті Қапшағай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өңірдің өркендеуіне үлкен үлес қосып отырған негізгі жетекші салалар жетерлік. Солардың бірі — өндіріс орындары көбейіп, бірнеше жүздеген адамға тұрақты жұмыс орындарының ашылуы.

Республикамызда маңызы бар қалада ірілі-ұсақты «Қапшағай КНАУФ», «МАРЕВЕН ФУД», «ПЕНОПЛЭКС», «ХЕНКЕЛЬ», «АлЭС Қапшағай ГЭС», «Технобазальт» секілді 54 кәсіпорын жұмыс жасап, мемлекетіміздің және сырт елдердің нарығын өз отандық өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Олардың шығарған өндіріс көлемі 74 пайызды құрайды. Ондағы еңбек етіп жатқан адам саны да жыл өткен сайын артып та келеді.

Мәселен, «Қапшағай КНАУФ» зауытында бүгінде 260 адам жұмыс жасаса, «Маревен Фуд» кәсіпорнында тұрақты 600 орын қарастырылған. Жыл басынан бері өнеркәсіп саласында 350 жұмыс орны құрылды. Сол секілді «Бизнес Бастау» мен «Жас кәсіпкер» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 135 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтті. Ал нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 13 кәсіпкер шағын несие алды.

Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 80 өтініш берушіге гранттар берілді. Одан басқа, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы түрлі салада оқып, мамандық алып, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға орналасып, өз кәсіптерін ашып, дөңгелетіп жатқан адамдар қаншама?! Оның ішінде, грант алған адамдар шаштараз, тігін ісі, кондитер цехын ашып, жаңа жұмыс орындарын құруда.

Аз қамтылған 271 отбасына атаулы әлеуметтік көмектер берілді. Сондай-ақ, «Жол картасы — 2020» бағдарламасы іске асырылып, Қапшағай қаласында 23 нысан бойынша 252 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, кез келген жұмыссыз азамат үйден шықпай-ақ жұмыс ізденуші ретінде электронды еңбек биржасына тіркеліп, бос жұмыс орнын қарастыруына болады және egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуына да мүмкіндіктер бар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.