Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

18 қаңтар 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаны шамадан тыс ластайтын автокөліктерге салынатын айыппұл көлемі артады. Бұл Кодекстің «ластаушы төлейді» принципіне сәйкес келеді.


ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне (334-бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 айлық, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса – жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады.

Сонымен бірге өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол карталары қабылданғанын, аталған құжаттарда автокөлік шығарындыларын азайту бағытында атқарылатын іс-шаралар да қарастырылғанын атап өткіміз келеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Жол картасына сәйкес техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар қатаңдатылады. Бұрын техбайқау пункттерін ашқысы келетін кәсіпкер ол туралы тек хабарлауға тиіс болса, енді арнайы рұқсат алуы тиіс. Мұндай орталықтарға бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету де енгізіледі. Сақтандыру полисін алу кезінде техникалық байқаудан өту міндеттемесі жүктеледі. Сонымен қатар техбайқау операторының қызметін тоқтата отырып, міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту да қарастырылған.

Атап өтейік, елімізде экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін автокөліктер техбайқау кезінде, экология департаменттерінің ішкі істер басқармасымен немесе көліктік бақылау органдарымен бірлескен рейдтері барысында және кәсіпорындарға жүргізілетін профилактикалық тексеру кезінде анықталады. Автокөліктен шығатын ластаушы заттар нормативтерінің сақталуын экология департаменттері газталдағыш «Автотест», «Мета-01», тағы басқа өлшеу құралдары арқылы тексереді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.