Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТІРКЕЛГЕН ПАРТИЯЛАРДЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ЫНТАЛАНДЫРУ КЕРЕК

16 қаңтар 2021
КҮНДЕРЕК
ТІРКЕЛГЕН ПАРТИЯЛАРДЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ЫНТАЛАНДЫРУ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Осымен 7-ші рет шақырылып отырған Парламент Мәжілісінің 1-ші сессиясына қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен реформалар жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел мен жердің тұрақты дамуын қалыптастыру үшін ең алдымен саяси реформаларды дұрыс жүргізіп, әлем жұртшылығының назарында тұрған мәселелерді тиімді шешу керек.

Әсіресе, атқарушы органдардың дербестігін арттырудың маңыздылығын, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетінін, жастардың даму индексін енгізудің және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы:

– Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау, – деп азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалатындығына тоқталды. – Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Заңға қол қойдым. Сол арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттігін едәуір күшейттік. Бұл — талқыланып жатқан қоғамдық бақылау туралы заң. Біз онлайн петиция институтын да заң жүзінде рәсімдеуіміз керек. Бұл бастамалардың мақсаты – мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру, шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту.

Одан бөлек, Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуді ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі саяси реформаның бастауында заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырудың жатқандығын ұғындырды. Шынында, ел ішінде әртүрлі пікір мен қисынсыз болжам айтылып жатқаны өтірік емес. Осыны жақсы білген Президент Парламент мінберінде өзекті мәселелердің дер кезінде әрі орынды көтерілуі керектігін алға тартты. Әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына қосылуды көздеген Қазақстан Республикасы үшін саяси тұрғыдан жаңару керек-ақ.

Жаңа құраммен жұмысқа кіріскен Парламент Мәжілісінің кезекті сессиясында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі мені осындай ойға жетеледі. Өйткені, оның айтқан әрбір сөзі өзектілігімен, маңыздылығымен ерекшеленіп тұрды.

Жанар НҰРМҰХАНОВА,

Алматы облысының Азаматтық альянсі президенті

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.