Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

МЕКТЕП ЖАРЫЛАДЫ: 14 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ БҮКІЛ АУЫЛДЫ ДҮРЛІКТІРДІ

14 қаңтар 2021
САЯСАТ
МЕКТЕП ЖАРЫЛАДЫ: 14 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ БҮКІЛ АУЫЛДЫ ДҮРЛІКТІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Мектеп жарылады» деп қоңырау шалып, Панфилов ауданындағы бір ауылды дүрліктірген жасөспірімнің әрекеті әшкере болды. Бұл туралы «Жетісу» газеті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Панфилов ауданының полиция бөліміне Аққұдық ауылындағы мектеп қызметкерлері қоңырау шалып, белгісіз біреудің телефон арқылы мектептің түнде жарылатынын хабарлағанын айтқан. Тәртіп сақшылары талапқа сәйкес әрекет етіп, аудандағы барлық тиісті қызмет өкілдері оқиға орнына жедел жиналған.

— Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полицияның жеке құрамына дабыл беріліп, оқиға орнына жиналды. Жарылғыш затты табуға облыстық «Арлан» жасағының сапер тобы жұмылдырылды. Мектеп іші мен жақын маңы толығымен тексеріліп, қоңырау шалушының жалған ақпарат таратқаны дәлелденді. Жедел-тергеу шаралары барысында 14 жастағы жасөспірімнің телефон шалғаны анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деді Панфилов ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жандос Кавлиев.

Ауыл тұрғындарын дүрбелеңге салған қоңыраудан кейін мектеп маңында тұратын отбасылар қауіпсіз жерге шығарылған. Қандай да бір ақпарат білуі мүмкін адамдардың барлығынан жауап алған полицейлер телефон лаңкесін көпке ұзатпай анықтаған.

2006 жылы туған, кәмелетке толмаған бала мектепке бомба қойылды деп білім ордасына барғысы келмегендіктен қалжыңдаған болып шықты. «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталған соң іс материалдары сотқа жолданып, нақты процессуалдық шешім қабылданады», — деп толықтарды полиция подполковнигі Жандос Кавлиев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.