Талдықорған: +15°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАР ТАЗАЛАУШЫЛАР: «ТАҢҒЫ САҒАТ 4-ТЕН БАСТАП ЖҰМЫС ІСТЕДІК»

13 қаңтар 2021
КҮНДЕРЕК
ҚАР ТАЗАЛАУШЫЛАР: "ТАҢҒЫ САҒАТ 4-ТЕН БАСТАП ЖҰМЫС ІСТЕДІК"
WhatsAppTelegramFacebook

Қаңтардың 12-сінен 13-іне қараған түні таңға жуық Алатаудың бөктері әп-сәтте ақ көрпе жамылды. Жапалақтай жауған қар лезде тобықтан асып, жол-көлік қозғалыстарын қиындата түсті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Ауа райының осы қолайсызығын алдын ала болжаған синоптиктер ескертпе хабарламаларын жіберген. Жағдайға жайбырақаттық танытпай, қар күреп, тұз себетін ауыр техникаларын сақадай-сай дайындаған «Қазавтожол» мекемесіне қарасты «ДЭУ-21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды өз жауапкершілігіне алған мекемелер қардан тазарту жұмыстарын уақытында бастап кеткен.

— Таңға жуық басталған қардың қалыңдығы таулы өңір Талғар аймағында 30 сантиметрден асып кетті. Осыған орай, аудан бойынша қар тазалау жұмыстарын барлық мекемелер таңғы 4-тен бастап атқаруда. Барлығы 514 шақырым жолдың қарын тазартуға 65 техника жұмылдырылып, тынымсыз жұмыс істеуде. Атап айтсақ, бүгінгі күні Талғар қаласы мен 10 ауылдық округтердің аудандық маңызы бар 245 шақырым жолын қардан тазалау үшін 6 мекеме, републикалық маңызы бар жолдардың 97 шақырымын қардан тазалауға 1 мекеме, ал облыстық маңызы бар жолдардың 172 шақырымын қардан тазалауға 1 мекеме жұмылдырылды. Ең бірінші кезекте қар тазалау жұмыстарын әлеуметтік маңызы бар нысандардан, яғни, мектеп, балабақша, емхана, почта, басқа да мекемелерге апаратын жолдардан бастады, – дейді Талғар аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқат Досжанов.

Жолдарды қар мен мұздан тазарту жұмыстары үзіліссіз жалғасын тауып, жол-көлік қозғалысын қиындатпауға барынша күш салынуда. Жолдарды уақытылы тазарту жұмыстарын Талғар ауданы әкімінің өзі қатаң бақылауда ұстап, мердігер мекемелерге тапсырмалар беруде.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әуені бөлек әнші

Әуені бөлек әнші

Бүгін, 14:30
Су ресурстарын басқару: Қазақстан мен Германия жаңа хаб құруды жоспарлап отыр

Су ресурстарын басқару: Қазақстан мен Германия жаңа хаб құруды жоспарлап отыр

Бүгін, 14:15
Фатима Сұпығалиева Сенегалда ел қоржынына алғашқы алтынды салды

Фатима Сұпығалиева Сенегалда ел қоржынына алғашқы алтынды салды

Бүгін, 13:45
Цифрландыру – заман талабы

Цифрландыру – заман талабы

Бүгін, 13:30
Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Бүгін, 13:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.