«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Абзал Омарқұлов мүмкіндігі шектеулі азаматтармен «ZOOM» бағдарламасы арқылы кездесіп, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
2020 жыл ғаламшар үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия әлемді өзгертіп, көп жағдайға басқаша қарауға мәжбүр етті. Мемлекет үшін басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндірді. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақмерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Бүгінде барлық азамат партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы орайда Абзал Омарқұлов партияның алдағы жылғы жоспарларымен бөлісіп, аталған жоспарлардың жүзеге асуына ықпал жасайтынын жеткізді. Сайлаушылар «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламаның бағыттары бойынша атқарылатын жоспарларға үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілден шыққандығын жеткізіп, жоғары баға берді. Сондай-ақ, 10 қаңтарда өтетін сайлауға біркісідей атсалысатындарын жасырмады. Үміткер өз тараптарынан еліміздің жарқын болашағы үшін, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ




