ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Жанна Телпекбаева және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Талдықорған қаласының «Көкбазар» сауда үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер тұрғындар көкейіндегі барлық сауалға жауап берді.
«Істің бағасын беру үшін оның қалай аяқталарына емес, қалай басталғанына назар аудару керек» демекші, үміткерлер сауда үйіне келушілер мен базардан нәпақасын тауып жүрген кісілерге партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады. Әрине, кешегі күн тарих болғанымен тарихтың маңызын ондағы нақты шешімдер мен сүбелі қарекеттер айшықтайды. Мәселен, ел айқындағандай, халықтық партия ретінде қай кезде де «Nur Otan» халықтың жайына болысып келеді. Өйткені, партия ұлық көретін жайт елдің егемендігі мен ел келешегі һәм мемлекеттің дамуы. Бұл жолда «нұротандықтар» аянып жатқан жоқ. Ал алда атқарар шаруаларын үміткерлер жіпке тізгендей етіп сауда үйіндегілерді таныстырды.
– Қоғам «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қада- мымен айшықты. Біз және партиялас- тарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауыл- дағы ағайынның сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауал- ды бағдарламасына негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар ауқымды жоспарларын кіргізді, – деді Жанна Телпекбаева.
Партияның облыс бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, алдағы жылы 69,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Оның үштен бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы өзегінде жүзеге аспақ. Сондай-ақ, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайды.
Б. АБАЙ





