Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЯЗДА ДАЛАДА ҚАЛҒАН МАС АДАМҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ

3 қаңтар 2021
САЯСАТ
ПОЛИЦЕЙЛЕР АЯЗДА ДАЛАДА ҚАЛҒАН МАС АДАМҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қапшағай қаласының тәртіп сақшылары аязды күні далада қалған мас адамды ажалдан арашалап қалды. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Қапшағай қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі мезгілде әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде саяжайларға баратын жолда қозғалыссыз жатқан адамды байқаған. Жедел қасына келгенде оның масаң күйде болғаны және денесінде үсік шалу белгілері бар екені белгілі болды.

— Саяжайларға баратын жолдағы көпірдің астында жатқан адамның сұлбасын байқап қалдық. Далада қатты аяз. Жатқан адамның қолынан үсік шалу белгілерін көріп, бірден сол жерге «Жедел жәрдем» шақырдық. Дәрігерлер тұрғынды ауруханаға алып кетті, — деді №258 экипаждың мүшесі, полиция кіші лейтенанты Әділбек Жүнісханов.

43 жастағы тұрғын Қапшағай қаласының жергілікті ауруханасына жеткізілген. Оған алкогольдік масаңдық және дененің қатты мұздауы диагнозы қойылған. Бірнеше сағаттан кейін тұрғын емделу үшін өз еркімен үйіне жіберілген.

Өз кезегінде полицейлер қысқы мезгілде балалар мен масаң күйдегі адамдарды далаға бақылаусыз жіберудің қауіпті екенін ескертеді. Әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарына үндеу тастаған полицейлер осыған ұқсас қандай да бір жағдайдың куәгері болса, жедел түрде 102 нәміріне немесе өзге де арнайы қызметтерге хабар берулерін сұрайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.