Талдықорған: +31°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАРАТТЫ

31.12.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАРАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы полиция департаментінің Аяз атасы өз қызметкерлерінің отбасыларына сыйлықтар таратып, қариялардың алғысына бөленді. Сондай-ақ, Жаңа жыл мерекесіне орай Алматы облысының тәртіп сақшылары аз қамтылған мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасап, балаларды қуантты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алматы облысының полиция департаменті Жаңажылдық мерекесіне орай балаларды қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды жалғастыруда. Бүгін облыстық кадр саясаты басқармасының қызметкерлерін ерткен Аяз ата мен Ақшақар қызметкерлердің үйлеріне барып, балаларына тәттілер толы дорбаларды табыстады.

Жаңа жылдың сиқырына сенер-сенбесін білмейтін бүлдіршіндер Аяз атаға тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алды. Немерелеріне қуаныш сыйлаған қызметкерлерге риза болған қариялар полиция басшылығына алғыстарын білдірді.

— Жаңа жыл құтты болсын! Мерекелік сыйлықтар үшін облыстық полиция департаментінің басшылығына және қызметкерлеріне көп рахмет. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін, — деді Талдықорған қаласының тұрғыны Дүйсенбай Үпиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында полицейлердің мереке қарсаңында көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға, балалар үйіне және қаза болған әріптестерінің үйлеріне барып, сыйлықтар табыстап, көмек көрсеткені еді.

Солардың бірқатарына кеңінен тоқталып өтсек. Мәселен, Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов бастаған полиция қызметкерлері Талдықорғандағы «Қамқор» медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілеріне барды. Медициналық мекемеде психоневрологиялық аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсетіледі. Соңғы бірнеше жыл бойы полиция қызметкерлер бұл балаларды өз қамқорлығына алған болатын.

— Тәрбиеленушілер арасында спортшылар мен түрлі зияткерлік ойындарға қатысушылар өте көп. Біз талай рет балалардың түрлі жарыстарда жеңіске жеткеніне куә болдық. Біз балалардың жетістіктерін, олардың қол жеткізген жеңістерін мақтан етеміз және өмірге деген ұмтылысына, ерік-жігеріне қызығамыз. Бұл, әрине, тәрбие жөнінде үлкен жұмыс жүргізетін мұғалімдер мен тәрбиешілердің сауатты құрамының ерен еңбегі. Мен олардың ең биік армандары орындалсын деп тілеймін, — деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.

Жаңа жылдық ертеңгілікте балалар қонақтарға мерекелік концерт көрсетті. Ал полицейлер «Қамқор» үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. Сондай-ақ, Қаратал ауданы полициясының басшылығы мен қызмет жетекшілері Жаңа жылдық мереке қарсаңында әлеуметтік қолдауға мұқтаж аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Тәртіп сақшылары көмек көрсеткен екі үйдегі балалардың әкелері жоқ, толық емес отбасылар. Олардың әрқайсысында жалғызбасты ана тәрбиесінде 2–5 бүлдіршін бар. Қаратал ауданының тәртіп сақшылары карантиндік іс-шаралар тәртібіне сәйкес барлық сақтық шараларын қадағалай отырып, аталған отбасыларға азық-түлік себеттерімен қатар балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыстады. Полицейлердің мерекеалды сыйлықтарына дән риза болған балалар мен аналар құқық қорғаушыларға көмек көрсетіп, көңіл бөлгендері үшін алғыс айтты және қиын да жауапты жұмыстарына табыс тіледі.

Ал Ақсу ауданының полицейлері мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтады. Полиция қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында Ақсу ауданындағы мүгедек балалары бар отбасыларға барды. Бірінші топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға сыйлықтар табыстап, қуаныш сыйлады. Сыйлықтар қатарында балаларға арналған тәттілерден өзге қажетті азық-түлік, ұн, қант, жарма, түрлі макарон өнімдері, көкөністер мен жемістер болды.

— Біз мүгедек балалары бар отбасыларға барып, оларға түрлі сыйлықтар, оның ішінде жаңа жылдық тәттілер табыстап мерекелік көңіл-күй сыйладық. Бұл балалар үшін өте маңызды. Бұл іс-шара полицейлер үшін жақсы дәстүрге айналып үлгерді. Ақсу АПБ жеке құрамы әрдайым мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын. Біз алдағы уақытта да бұл игі істі жалғастыруға ниеттіміз, — дейді Ақсу АПБ бастығы, полиция подполковнигі Әділмұрат Байзолда.

Панфилов  ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері мереке қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы жалғыз басты анаға көмір жеткізіп, кішкене бүлдіршіндеріне жаңа жылдық тәттілер сыйлады. Айта кететін жайт, Панфилов ауданының полиция бөлімі аптасына бір рет игі шара ұйымдастыру бастамасын қолға алған.

— Осынау аязды күндері  қыстық отынсыз көңілдері кіреукеленген отбасыға мерекелік көңіл-күй, балалардың жүзіне күлкі сыйлай алғанымызға өте қуаныштымыз. Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік көңіл-күйді барынша көп бүлдіршін сезінсе дейміз ,- дейді Панфилов АПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жандос Кавлиев.

Мұндай сауапты іс Кербұлақ ауданында да жалғасты. «Біз 3 отбасыға барып, сыйлықтар табыстадық. Оның бірі – бес баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Көпбалалы және көмекке мұқтаж болса да, бұл отбасындағы балалардың тәрбие және оқу көрсеткіштері өте жақсы. Балалар тәртіп сақшыларының дос екенін және тәртіпті бұзуға болмайтыны туралы жете түсініп, дұрыс тәрбие алуы қажет», — деді Кербұлақ ПБ бастығының орынбасары Алмас Бекеев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026
Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.