Талдықорған: +20°C
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҚСУДАН ҰШҚАН АҚҚУЛАР

28.12.2020
КҮЛТӨБЕ
АҚСУДАН ҰШҚАН АҚҚУЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ руханияты тағы бір тың туындымен толықты. Қобыздың қыл ішегінен замананың зарын күй қылып боздатқан Молықбай, күллі Жетісу өлкесін жырымен суреттеген, Алаш арманы жолында көкқасқа құрмалдық болған арынды ақын Ілияс Жансүгіров туған киелі өлкеде от жүрегін тулатып өмірге келген нәсілі асыл тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы енген «Ақсудан ұшқан аққулар» кітабы жарық көрді.


Аталмыш тың туындының тұсаукесері С. Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өтті. Зиялы қауым өкілдері мен Ақсу, Қапал жерінің тұрғындары, кітапқа енген авторлардың туған-туыстарының қатысуымен өткен рухани кешті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмар ашып, жүргізіп отырды. Ол замана көшінде дәуірлеп өмір сүрген ұлы халықтың артына қалдырар теңдессіз мирасы сөз өнері екенін, бұл тұрғыдан алғанда әрбір жаңа кітап руханиятқа қосылар қазына екенін атап өтті. Сонымен қатар, Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Арасанбай Естеновтың құрастыруымен жарық көрген кітап жайлы өз толғамын ортаға салды.

Ақсу өңірінде туып, күллі қазақ халқының ұлы өнерінде өзіндік үлесін қосқан адамдардың өмірі, шығармашылығы жайлы кішігірім энциклопедиялық кітаптың тұсаукесер рәсімін ардагер журналист Болат Бисұлтанұлы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, белгілі композитор Рақым Тәжібаевтың зайыбы Ажаргүл Тәжібаева салтанатты түрде қиды.

Айта кетерлігі, «Баянжүрек» баспасынан жарық көріп, оқырманға жол тартқан «Ақсудан ұшқан аққулар» атты кітапқа Иманғали Мысықов, Жапарғали Ақсубаев секілді тұлғалар мен қазақ поэзиясын кемелдендірген ғажайып ақындар Құдаш Мұқашев, Жамау Бұқарбаев сынды 23 автор енген екен. Жиын барысында Ермек Келемсейіт, Болат Бисұлтанұлы бастаған зиялы қауым өкілдері осынау құнды кітап жайлы тебірене термелесе, Талап Қараш «Абай тойы» мен «Мұқағали» атты жаңа күйін қасиетті домбырадан түлетті. Өз кезегінде Жұмаш Ақыпбекова жүрекжарды жырын оқыса, Жемісбек Толымбек, Елдос Тоқтарбай сөз алып, руханиятқа қосылған тың туынды мен оны құрастырған А. Естенов жайлы ақжарма тілектерін ақтарысты.

Расында, тамшыдан теңіз құралатыны секілді, алақандай өңірде туып, қазақ әдебиеті мен руханиятына өзіндік үлестерін қосқан тұлғаларды бір кітапқа жинақтап, оны оқырманға жолдау да үлкен еңбек. «Өз елі, өз ерлерін ескерген» заманда ғана тарихы жұмыр, тұтасқан ұлт боларымыз сөзсіз. Рухани кеште сөз алған өзге де зиялы жандар мен тұлғалардың ұрпақтары осынау тебіреністі атаусыз қалдырмады. Бәрі де шырайлы шарадан бедерлі ізі қалған тұлғалар туралы кітаптың оқырман олжасына айналуына тілектес екендіктерін білдіріп тарқасты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

27.05.2026
Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

27.05.2026
Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

27.05.2026
Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

27.05.2026
Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.