Биыл жер шары үлкен сынақтарға толы болды. Коронавирустық пандемия адамзат өмірін өзгертіп, көп жағдайға басқаша қарауға мәжбүр етті. Қоғам өзінің басты құндылығы адам өмірі мен денсаулығы екенін айқын сезінді.
Бүгінде барлық азаматтар «Nur Otan» партияcынан нақты мәселелерді шешу мен тың бастамаларды күтуде. Осы орайда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Әлиев денсаулық сақтау қызметкерлерімен әлеуметтік желіде кездесіп, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Эфирде алдағы жылдары денсаулық сақтау саласы бойынша жоспарлар мен мақсат-міндеттер сөз болды. Желі қолданушылары тарапынан түскен сауалдарға үміткер Нұрбол Әлиев нақты жауап беріп, аталған жоспарлардың жүзеге асуына ықпал жасайтынын жеткізді. Сайлаушылар «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша атқарылар жоспарларға үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілден шыққандығын жеткізді және жоғары баға берді. Сондай-ақ, 10 қаңтарда өтетін сайлауға біркісідей атсалысатындарын айтты.
Үміткер өз тарапынан еліміздің жарқын болашағы, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы облыстық
филиалының
баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы.





