«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сағи Бейсенбек Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылындағы «Мұхтар» сауда орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын атап өтті.
Үміткер кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау жайлы айта келе:
– Алдағы бес жылда аймақта «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жылына кемінде 115 жобаны субсидиялау, 70 жобаға кепілдік беру және кемінде 80 грант ұсыну жоспарланған. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микронесие бөлу қарастырылған. Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыруға мүмкіндік тумақ, – деп шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 300 мың адамға дейін ұлғайту көзделгеніне тоқталды.
Үміткерге жылы лебіздерін арнаған «Мұхтар» сауда орталығының тұтынушылары партияның саяси науқанда басым түсуіне тілеулестік білдірді.
Ә. Данияр
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы.





