Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕНДЕР ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ

22 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕНДЕР ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Алакөл аудандық әкімдігі бірлесіп, облыста «Адал қалам» мақалалар байқауын жариялаған еді. Додаға облыс аумағынан барлығы 28 үміткер қатысып, бап пен бақ таласына түсті. Жемқорлыққа қарсы қаламын қисайтқан азаматтардың ішінен шын мықтылары іріктеліп, марапаттау рәсімі өтті.

Шараның шымылдығын ашқан Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Абдинов: «Барлығымыз білетіндей сыбайлас жемқорлық тек Қазақстанды ғана емес, барша әлем мемлекеттерін алаңдатып отырған күрделі мәселе. Оның алдын алу мәселесі жалпыхалықтық көрініс тауып отырған өзекті дүние екендігі жасырын емес. Бұл ретте мемлекет тарапынан жең ұшынан жалғасқан әрекеттердің тамырына балта шабу мақсатында түрлі реформалар мен заң тармақтары қабылданып, жүйелі жұмыс атқарылуда. Халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында басшылармен тікелей эфирлер, баспасөз мәслихаттары тұрақты өткізілуде. Одан бөлек жемқорлыққа қарсы кері пікір қалыптастыру үшін әр мектеп, мекемелерде жиындар, байқаулар, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылуда. «Адал қалам» облыстық бәйгесі — соның бір дәлелі. Жетісудің жемқорлыққа қарсы азаматтары өз ой-пікірлерін ақ параққа түсіріп, қаламгерлер аламанында шын мықтылар оза шапты. Жеңімпаздарға жаңа белестер, қатысушыларға кезекті жеңіс тілеймін», — дей келе, жүлдегелерді марапаттады.

Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті журналистика мамандығының студенті Маханов Асыланға бұйырды. Екінші орынды Қоңыр орта мектебінің жас ұстазы, аудан еріктілерінің бірі Базарбеков Ануар еншілесе, жүзден оза шапқан облыстық дін істері басқармасының баспасөз хатшысы Айтбаев Темірлан бірінші орынды қанжығасына басты. Жүлдегерлерге арнайы диплом, қомақты қаржылай сыйлық және «Адал қалам» мүсіншесі табысталды. Қатысушылар да департамент басшысының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Келесі кезекте мінбер төрінен көрінген дода жеңімпазы Темірлан Айтбаев өзінің жүрекжарды лебізін жеткізіп, Қазақстанның ертеңі жемқорлықсыз болуы өзі секілді жастардың іс-әрекеттеріне, таным-түсінігіне тікелей байланысты екенін айтып өтті.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.