Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТҮСКЕН ЖОҚ

21 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТҮСКЕН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейінде үлкен көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты түрде белгілі бір ұйымдастырушылық және практикалық жұмыс жүргізеді. Департамент қызметкерлері заңдарды түсіндіріп, өзекті тақырыптар бойынша мақалалар жариялайды. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу бойынша елеулі көңіл бөлінеді.

Департаментте құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларына орай семинарлар үнемі өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу мәселелеріне департамент ерекше назар аударады. Бұл жұмыс басым сипатқа ие. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік шараларды жетілдіруге және ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданатын шешімдер туралы жұртшылықты хабардар етуге бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларының ресми мәтіні, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі жалпыға қолжетімді жерде ресімделген және орналастырылған. Азаматтардың хаттары мен өтініштері үшін жәшік орнатылды. Мемлекеттік қызметшілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына уақытылы ұсынады. Барлық қызметкерлер мәртебені жеке және қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкелуі мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында заңнамада белгіленген шектеулерді қабылдады.

Мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, жауапкершілігін арттыру мақсатында департаментте 8(7282)24-63-61 «сенім телефоны» жұмыс істейді. Департамент қызметкерлерінің әрекетіне шағым түскен жоқ.

Халықпен кері байланыс тетіктерін енгізумен қатар «Монополист» ақпараттық базасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, департамент табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, ай сайын Алматы облысының барлық аудандарында коммуналдық қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушылар үшін онлайн режимде қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Табиғи монополиялар субъектілерінің объектілерімен олардың инвестициялық міндеттемелер және тарифтік сметалар шеңберінде өз міндеттемелерін орындауы бөлігінде таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан айларында департамент табиғи монополиялар субъектілерінің объектілеріне бару арқылы 8 баспасөз турын өткізді.

Осы іс-шараларды өткізу туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтында жарияланады.

Г.ШАРАПИЕВА,

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.