Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ТАҒЫ БІР ӘКІМДІК ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

11 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ТАҒЫ БІР ӘКІМДІК ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Талғар ауданында Алматы облысы бойынша 20-сыншы сервистік әкімдік ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ашылған бұл іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Ашимахунұлы қатысты.

Бұған дейін аудан жұртшылығы құжат жұмыстарын бітіру үшін әкімшіліктің әр кабинетін аралап, табанынан тозатын еді. Енді «Open space» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықтан бар жұмысын бітіріп шығу мүмкіндігі туып отыр.

— Облыстың барлық аудандарында ашылған сервистік әкімдікті алдағы уақытта ауылдарда да ашу жағы қарастырылады. Мұның халыққа тигізер пайдасы орасан. Бұл ашықтықты, қолайлылықты қамтамасыз етеді. Елді әуре-сарсаңнан арылтады. Сол себепті өз ісінің нағыз мамандары қызмет көрсетуге тиіс, — деген Ернар Әбсейітұлы мемлекеттік қызметкерлердің еңбегіне сәттілік тілей келе, жаңа ашылған орталықтың жұмысымен танысты.

Сервистік әкімдік жобасының қағидалары — мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру. Бұл өз кезегінде қызмет алушылардың уақытын, күш-жігерін, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда балалар алданатын ойын алаңы да жабдықталған.

— «Бір терезе» жүйесінде қызмет көрсететін сервистік әкімдікте 9 мекеме орналасты. Жалпы, ауданда 84 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 48-і осы жерде болады. Биыл 23 мекеме бойынша 39 мыңға жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, — деген аудан әкімінің орынбасары Ахмет Ашимахунұлы сервистік әкімдіктің ашылуына екі ай мерзім кеткенін тілге тиек етті.

Сервистік әкімдіктен «Жетісу — адалдық алаңы» жобасымен жабдықталған азаматтарды қабылдау кабинеті орналасқан.

Осы күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов алғашқы болып жеке және әлеуметтік мәселелері бойынша аудан тұрғындарын қабылдап, кеңес берді.

Тиімді орталықтың ашылатындығынан хабардар тұрғындардың біразы келіп, тиісті сауалдары бойынша мемлекеттік қызметкерлерге жүгініп, шаруаларының бір жерден шешім табатындығына ризашылықтарын білдірді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.