Талдықорған: +28°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ШОНЖЫДА ЖАҢА БОСАНҒАН ӘЙЕЛДІҢ ӨЛІМІНЕ КІНӘЛІ ҮШ ДӘРІГЕР СОТТАЛДЫ

11.12.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ШОНЖЫДА ЖАҢА БОСАНҒАН ӘЙЕЛДІҢ ӨЛІМІНЕ КІНӘЛІ ҮШ ДӘРІГЕР СОТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында босанған әйелдің өліміне жол берген үш дәрігер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

2018 жылдың қазан айында Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылындағы орталық аурухананың перзентханасында 5 баланың анасы — 35 жастағы әйел босанғаннан кейін қайтыс болған еді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша (медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындамауы, тиісінше орындамауы, егер бұл әрекеттер абайсызда адам өліміне әкеп соқса, оларға ұқыпсыз немесе жосықсыз қарау салдарынан) қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Ф.Ілиясовқа тапсырылды. Тергеуші сауатты ұйымдастырылған қажырлы жұмыстың нәтижесінде барлық қажетті тергеу әрекеттерін күрделі сараптамалар тағайындаумен жүргізіп, дәрігерлердің кінәсін дәлелдеді және істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберді.

Бірінші сот 2020 жылдың 27 шілдесінде өтті. Алайда апелляциялық шағымды қарағаннан кейін Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы қаулысы іске нүкте қойды.

Сот үкіміне сәйкес, 63 жастағы дәрігер-хирург 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған көмек көрсеткен 33 жастағы акушер-гинекологқа үкімнің орындалуын 5 жылға кейінге қалдыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екінші 31 жастағы акушер-гинекологқа жазасын өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, барлық үш дәрігер 1 жыл мерзімге дәрігерлік жұмыспен айналысу құқығынан айырылды.

Жәбірленушінің мүддесі үшін олардан 5 000 000 теңге көлемінде моральдық залал өндірілді.

— Мен мұндай күрделі істі бірінші рет тергедім, көп жұмыс істеуге тура келді. Қажетті медициналық білімі бар тәжірибелі консультанттарды тартуға тура келді. Олар маған бұл істі аяғына дейін жеткізуге, кінәлілерді жауапқа тартуға көмектесті. Бұл өз қызметтеріне салғырт қарайтын медицина қызметкерлеріне жақсы сабақ болды деп ойлаймын. Бірнеше күрделі, комиссиялық сот сараптамаларын жүргізуге байланысты бір жылдан астам уақытқа созылған сотқа дейінгі тергеу барысында басым көпшілігі дәрігерлер болып табылатын 70-тен астам куәгерден жауап алынды. Медициналық терминологияны түсіну үшін көптеген медициналық әдебиеттерді оқуға тура келді, — деді полиция капитаны Ф.Ілиясов.

— Мен қиылған өмірді қайта жалғау мүмкін емес екенін білемін. Жан жолдасыңның орны толмайды. Ол бесінші перзентін өмірге әкелу үшін перзентханаға келді және дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды. Мен қатты уайымдадым, кінәлілер өз жазасын алғанша балалардың көзіне қарай алмадым. Іс бойынша әділ сот шешімін мен ғана емес, аудан тұрғындары да күтті. Бұл жерде үлкен жұмыс атқарған, өзінің білімі мен жоғары кәсібилігін көрсеткен тергеушінің еңбегі. Сондықтан, Фархат Ілиясовқа өз атымнан және барлық туыстарымның атынан алғысымды білдіремін. Денсаулық және жауапты әрі ауыр еңбекте табыс тілеймін, — деді жәбірленуші, қайтыс болған әйелдің жолдасы Радулин Самиев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

26.05.2026
Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

26.05.2026
Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

26.05.2026
Өнерге өрлеген жас виртуоздар

Өнерге өрлеген жас виртуоздар

26.05.2026
Ақын елдің ардағы

Ақын елдің ардағы

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.