Талдықорған: +9°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛАКӨЛ, ЕСКЕЛДІ АУДАНДАРЫНДА ЖЕТІ АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ

7 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
АЛАКӨЛ, ЕСКЕЛДІ АУДАНДАРЫНДА ЖЕТІ АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауынан жеті адамды құтқарды. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Осы жылдың 6 желтоқсанында сағат 19.37-де кезекшілік байланыс пультіне Алакөл ауданында, «Көктұма» станциясы мен 16-разъезд арасындағы «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында екі автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Екі автокөліктің әр салонында екі ер адамнан болған. Қатты боранның салдарынан жолды қар басып, көліктер қозғалысты жалғастыра алмаған.

Сағат 21.09-да Ақши ауылындағы жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің күшімен аталған автокөліктер жолдың тазартылған жүріс бөлігіне сүйреп шығарылды және олар әрі қарай өз жүрісімен қозғалыстарын жалғастырды.

Сағат 13.14-те «Үшарал-Достық» автожолының 45-ші шақырымында Жалаңашкөл учаскесінде «DAF» маркалы жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Сағат 22.22-де Достық стансысындағы төтенше жағдай қызметкерлері аталған автокөліктен 2 адамды эвакуациялап, Достық станциясына жеткізді.

Сағат 22.22-де Қапал автожолының 35-нші шақырымында (Ескелді ауданы) жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Салонда жалғыз жүргізуші ғана болды. Талдықорған қаласының құтқарушылары шақырту орнына келген бойда аталған автокөлікте бензин таусылғанын анықтады. Сағат 23.58-де құтқарушылар жүргізушіні Талдықорған қаласына эвакуациялады.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қысқы кезеңде жолдарда төтенше жағдайды болдырмау үшін Алматы облысының төтенше жағдай департаменті ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді қадағалауды, 112 қызметінің СМС хабарламаларын ескеруді және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеу енгізу кезінде жолға шықпауды сұрайды.

Қысқы сапарға шықпас бұрын машинаны жанармаймен қамтамасыз ету керек. Егер қозғалу мүмкіндігі болмаса және көмексіз шығуға болмайтынын түсінсеңіз, үрейленбеңіз, дереу жедел қызмет телефондарына қоңырау шалыңыз — «112», «101», «102». Сіздің координаттарыңызды, айналаңызда болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты, отын қорын және тағы басқаларды беріңіз. Көмек міндетті түрде келеді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.