Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ «ТАҚИЯЛЫ ПЕРІШТЕНІ» 85 ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

2 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ "ТАҚИЯЛЫ ПЕРІШТЕНІ" 85 ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ қазақ өнеріне, оның ішінде, кино әлемінде айшықты із қалдырып, «Тақиялы періште» атанып кеткен Әлімғазы Райымбеков пен Гүлжауар Айтжанқызын қабылдап, актер атамызды 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Кездесуде Амандық Ғаббасұлы:

– Бүгін ерекше күн. Өйткені, облысымыздың Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері, есімі елге танымал Әлімғазы атамыздың мерейтойы. Ұлттық киноны дамыту жолында елеулі үлес қосқан атамызды туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ақылдың кені, даналықтың көзі болған жанның орны қашанда ерекше. Сіз түскен фильмдердің барлығы қазақ киносы тарихының алтын қорынан орын алды. Соның ішінде «Тақиялы періште» фильмінде сомдаған Тайлақтың рөлі актерлік шеберлігіңіздің шыңына шыққан, қазақ киносының ең үлкен рөлі екенін мақтанышпен айтамыз. Бүгінде қартайдым демей, қоғамдық шараларға белсене қатысып, болашақ жастарға рухани тәрбие беріп жүрген ақылшы жансыз. Тамырын тереңге, жапырағын кеңге жайған саялы бәйтеректей ұрпағыңызбен өркендеп, үлкен әулеттің абыз ақсақалы болып отырсыз. Тәуелсіз еліміздің игілікті істеріне, жемісті жылдарына куә болып, арамызда аман-есен жүріңіз, – деп ізгі тілегін білдіріп, Әлімғазы атамызға шапан жауып, Гүлжауар әжемізге камзол кигізді.

Осыдан кейін сөз кезегін алған мерейтой иесі:

– Мерейтойыммен құттықтап, құрметтеп шақырған облыс әкіміне шексіз ризашылығымды білдіремін. Менің белгілі актер болғаным Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев сияқты режиссер ағаларымның арқасы. Ағаларым салған сара жолмен жүрдім. Болашақта да аймағымыздан елге танымал мықты кино жұлдыздары шыға берсін. Кез келген салада абыройлы болу үшін қажырлы еңбек керек. Сондықтан, жұмыстарыңа табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жетісу жыл санап түрлене берсін, – деп ақжарма тілегін ақтарып, ақ батасын берді.

Кездесу соңында жиналған қауым ата салтын ұмытпаған, дін мен дәстүрді ұлықтаған атамызды құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.