Талдықорған: +15°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕТІСУЛЫҚТАРҒА ЖҮРЕКЖАРДЫ ЛЕБІЗІН АРНАДЫ

1 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕТІСУЛЫҚТАРҒА ЖҮРЕКЖАРДЫ ЛЕБІЗІН АРНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ жетісулықтарды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Құрметті жетісулықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күнді тәуелсіздігіміздің тұғырлы, бүгініміздің берекелі, болашағымыздың жарқын болуына бар ғұмыры мен күш-жігерін арнаған ерен тұлға Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ел құрметінің ерекше бір көрінісі деп білеміз.

Дербес ел ретінде қалыптасқан осы отыз жылға жуық уақыт ішінде Тұңғыш Президентіміз өзінің салиқалы саясатымен көптеген экономикалық, саяси, әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырды, көп этносты мемлекетімізді дамудың даңғыл жолына бастады, жер-жаһанға ядролық қарусыз әлем саясатын паш етіп, Қазақстанды бейбітшіліктің алтын бесігіне айналдырды. Елдің ертеңіне бағытталған сан салалы стратегиялық бастамалар жасап, маңызды бағдарламалар түзді. Дана басшылығымен жаңғыру мен жаңарудың бірегей үлгісін жасады. Осының барлығы біздің өркендеуіміздің, тұрақты дамуымыздың сенімді негізі болды. Ел мен Ер, Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент, Қазақстан мен Елбасы егіз ұғымдарға айналып, халық жүрегінде мызғымастай берік орнықты.

Тұтас Қазақстанмен бірге Жетісу өлкесінің де әлеуеті ұлғайып, тұрақты дамуға бет түзеп келеді. Өнеркәсібі өрлеп, егістігі жайқалып, шаруашылығы шырайланды, елдің еңсесі биіктеп, мерейі артты.

Ел мүддесіне бағытталған мемлекет саясатының нәтижесінде және халықтың берекелі еңбегінің арқасында бұдан әрі де Отанымыздың ынтымағы мен жарастығы жасай берсін! Еліміз тыныш, Елбасымыз аман, бейбіт өміріміз берекелі болсын!» — делінген Алматы облысы әкімінің құттықтауында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Абдулла Қарсақбаевтың туған жерінде 100 шақырымдық бәйге өтті

Абдулла Қарсақбаевтың туған жерінде 100 шақырымдық бәйге өтті

Бүгін, 11:00
COP31 конференциясы: Қазақстан 35-тен астам климаттық бастаманы таныстырады

COP31 конференциясы: Қазақстан 35-тен астам климаттық бастаманы таныстырады

Бүгін, 10:30
Өрт қауіпсіздігі: Құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Өрт қауіпсіздігі: Құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Бүгін, 10:00
Тау-кен қауіпсіздігі: Жаңа технологиялар талқыланды

Тау-кен қауіпсіздігі: Жаңа технологиялар талқыланды

Бүгін, 09:34
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.