Талдықорған: +14°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ ПАРКТЕРІНДЕ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕЛЕР АШЫЛАДЫ

24 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ ПАРКТЕРІНДЕ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕЛЕР АШЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысындағы 5 ұлттық паркті дамыту бойынша жобалық кеңсе ашылады. Жобаны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, облыс әкімдігі және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы бірлесіп жүзеге асырады.

Онда облыс аумағында орналасқан «Көлсай көлдері», «Іле-Алатау», «Алтын Емел», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктерінің өкілдері жұмыс істейді деп күтілуде. Кеңсе туристермен, әлеуетті инвесторлармен, туристік агенттіктермен және ұлттық парктер жанынан құрылған Қоғамдық кеңестер мүшелерімен үйлестірілген түрде жұмыс жүргізеді. Аталған жобалық кеңседе бес ұлттық парктегі туристік және инвестициялық мүмкіндіктер туралы барлық ақпарат «бір терезе» қағидатымен беріледі.

Айта кетейік, қаңтар айында ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен Алматы тау кластерінің біріккен жобалық кеңсесі құрылған. Осылайша ұлттық парктерді дамыту міндеттерін қоса атқару арқылы кеңсе облыста жалпы туризмді, оның ішінде, экотуризмді дамыту бойынша стратегиялық органға айналады.Бірыңғай ақпарат алаңын құру ұлттық парктерді дамытуға қатысты маңызды мәселелерді шешуге, атап айтқанда, экотуризмді жолға қоюға, цифрландыруды жүзеге асыруға (WI-FI, бейнебақылау, дабыл пернесі), рейнджерлер қызметін, тау туризмі, альпинизм нұсқаушыларын дайындауға мүмкіндік бермек.

Сарапшылардың бағалауынша, 2025–2030 жылдары еліміздің ұлттық парктерінде экотуризмді дамытуға 500 млрд.теңге көлеміндегі жеке инвестициялар тартып, жергілікті экожүйеге салмақ түсірместен 12,5 млн.туристке дейін қабылдауға, 30 мың жатын орын, 20 мыңдай жұмыс орнын құруға болады. Сонымен бірге, сарапшылар Қазақстанда ұлттық парктерді дамыту арқылы жылына 5 млрд.АҚШ долларын табуға болады деп есептейді.

«Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев атап өткендей, әлемде пандемия әсерінен экотуризмге деген қызығушылық уақыт өткен сайын арта береді. «Бұл халықтың қазіргі жағдайда ашық табиғатта көбірек болып, таза ауамен тыныстағысы келетінімен байланысты. Сәйкесінше Қазақстандағы ұлттық парктерге баратын адамдар қаласақ та, қаламасақ та көбейе береді», – деп атап өтті Ержан Еркінбаев. Сондай-ақ, ол: «Сондықтан мемлекет ондағы экотуризмге арналған инфрақұрылымды жетілдіруді жалғастырып, инвесторлар тартып, жергілікті экожүйеге түсетін жүктемені теңдей үлестіруі керек», – деді.

Өз кезегінде Экология министрлігі барлық мүдделі тараптармен бірлесіп ұлттық парктерді дамыту бойынша әріптестік орнатуға дайын.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі: Құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Өрт қауіпсіздігі: Құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Бүгін, 10:00
Тау-кен қауіпсіздігі: Жаңа технологиялар талқыланды

Тау-кен қауіпсіздігі: Жаңа технологиялар талқыланды

Бүгін, 09:34
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.