Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАЗАҚТЫҢ СУЫРЫПСАЛМА АҚЫНЫ НАДЕЖДА ЛУШНИКОВА 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ

22.11.2020
ЖАНСАРАЙ
ҚАЗАҚТЫҢ СУЫРЫПСАЛМА АҚЫНЫ НАДЕЖДА ЛУШНИКОВА 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

22 қарашада ақын Надежда Лушникова 80 жасқа толды. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Құттықтау хатын жолдады. Сонымен бірге, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам ӘЛИ ақынның үйіне барып, оған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ мерейлі жасқа толуымен арнайы құттықтауын және облыстық мәслихаттың 2020 жылдың 21 қарашасындағы №62-331 шешімімен берілген «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын тапсырды.

Ақынның Ұзынағаш ауылы, Кенен Әзірбаев көшесіндегі шаңырағына, сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын тапсырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерін арнайы құттықтауында былай делінген:

«Құрметті Надежда Андреевна! Сізді мәртебелі мерейтойыңызбен құттықтаймын! Халқымыз өзіңізді айтыс өнерін дамытуға мол үлес қосып келе жатқан айтулы ақын, ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қажырлы қызмет атқарған ұлағатты ұстаз ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау, достық пен сыйластық жағдайында бақытты өмір сүру, сол арқылы өркениетті мемлекет қалыптастыру бағытында жалынды жырларыңызбен жеткізген тілектеріңіз Қазақстанның әрбір азаматының жүрек төрінен орын алады деп есептеймін. Өнегелі өмір жолыңызда ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп келесіз. Ел жастарының бойына адами асыл қасиеттер мен отансүйгіштік рухын сіңіру туралы ізгі бастамаларыңыз әрдайым қолдау таба берсін. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс және отбасыңызға амандық пен құт-береке тілеймін».

Облыс басшысының құттықтауында: «Жас шағыңызда Сыр өңірінен басталған ізденіс жолы туған өлкеңіз Жетісу жерінде одан әрі толысып, сізді өмірдің де, өнердің де үлкен баспалдақтарына бастады. Тұтас өміріңіз қазақ өнерімен біте қайнасты. Жастайыңыздан ойы ұшқыр, жүрегі жалын, сөз құдіретін өз құдіретім деп білетін ерек қасиетіңізбен дараландыңыз. Айтыстың хас дүлдүлдері Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі бабалардың салған сара жолын жалғап, сөз өнерінің туын көтердіңіз. Журналистика, мәдениет салаларында атқарған еңбегіңіз бір төбе. Елжанды пейіліңіз, дархан ниетіңіз, туған елдің тілі мен дәстүріне деген құрметіңіз сізді қазақ үшін тілегі бір, жүрегі бір асыл адамға, аяулы келінге, абзал анаға, ардақты ақынға айналдырды. Өзіңіздей ақылы кенен, парасаты терең аңыз адамның бүгінде арамызда жүргені, Жетісу өлкесінің азаматы болғаны – біз үшін зор мәртебе. Сіздің мағыналы да байсалды өмір тәжірибеңіз – кейінгі буын өкілдеріне, тәуелсіз еліміздің жастарына өнеге боларлық тағылымды жол. Ұлағатты ұрпақтарыңызбен мың жасаңыз. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыңызға құт-береке тілеймін! Тойыңыз тойға ұлассын!» — делінген.

Ақын, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан да Алғыс хаттар алды. Ақынын аудан әкімі Бағдат Әлиев жамбылдықтар атынан құттықтап, сый-сияпат жасады.

Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туған. Қазақ арасында тәрбиеленіп, қазақша оқып, білім алған. 1961 жылы М.Мәметова атындағы педучилищені (Қызылорда), 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің қазақ бөлімін бітірді. Өлеңді жазып та, суырып та шығарады. 1963 жылы Қызылордадағы облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер болды. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілді («Айтыс», режиссері Т.Дүйсебаев). Жамбыл аудандық (1965, 1978), Алматы облыстық (1977, 1979) айтыстарына қатысып, әріптестерін жеңді. 1963–1985 жылдары газетте әдеби қызметкер, баспа редакторы, мектепте мұғалім болған. 1985 жылдан Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының директоры. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.