Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
ЖАҢАЛЫҚТАР
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу аймағының табиғаты тек көркем көрінісімен ғана емес, өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігімен де ерекшеленеді. Әсіресе, таулы аймақтарда өсетін дәрілік шөптердің мол қоры кәсіпкерлікке тың серпін беріп отыр. Соңғы жылдары облыста осы табиғи байлықты тиімді пайдаланып, жергілікті өсімдіктер негізінде косметикалық өнімдер өндіруді қолға алған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бұл экологиялық таза өнімдерге деген сұраныстың өсуіне де оң ықпал етуде. 

Бұл бағытта Текелі қаласындағы кәсіпкерлердің бастамалары ерекше назар аудартады. Табиғи косметика өндірісін дамытып жүрген текелілік кәсіпкерлердің бірі – Әсем Каримова. Ол «Gul Dala & Go» бренді арқылы шаш пен дене күтіміне арналған, дәрілік шөптер негізінде әзірленген косметикалық өнімдер шығарады.

Кәсіпкердің бұл салаға келуіне жеке тәжірибесі түрткі болған. Денсаулығына байланысты шөптен дайындалған дәрілік өнімдерді жиі қолданған оң әсерін байқаған. Кейін өсімдіктердің пайдалы қасиеттерін косметикалық күтімде де пайдалануға болатынына назар аударып, осы бағытта іздене бастаған.

Нәтижесінде 2021 жылы қара зере майы қосылған алғашқы сусабынын нарыққа ұсынды. Содан бері брендтің өнім қатары біртіндеп толығып, бүгінде табиғи шөптерден әзірленген сусабынның 5 түрі, сондай-ақ дене күтіміне арналған майлар мен кремдер тұтынушыларға ұсынылып отыр.

– Өнімдерімізге қажетті дәрілік өсімдіктердің бір бөлігін Текелі маңындағы таулардан өзіміз жинаймыз. Олардың қатарында сабыншөп, түйежапырақ, қалақай, шайқурай, окопник, түймедақ, жұпаргүл, тасшөп, қырмызыгүл, құлмақ пен жалбыз бар. Қазір жаңа өнімдерді әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өндірісті кеңейту мақсатында өнімнің 40 түріне арналған рецептура дайындалды. Алдағы жоспарымыз – өндіріс көлемін ұлғайтып, алдымен Текелі қаласында заманауи өндіріс орнын ашу. Болашақта ірі зауыт салу да ойымызда бар. Бұл отандық брендтің әлеуетін арттырып, сапалы қазақстандық өнімдерді таңдайтын тұтынушылар қатарын көбейтуге мүмкіндік береді, – дейді Әсем Каримова.

Кәсіпкердің алдағы жоспарлары тек ішкі нарықпен шектелмейді. Ол 2027 жылдың сәуір айында Түркияда өтетін «ЭКСПО» көрмесіне шақырту алған. Халықаралық көрме – «Gul Dala & Go» өнімдерін шетелдік аудиторияға таныстырып, отандық табиғи косметиканың мүмкіндіктерін көрсетуге берілген маңызды қадам.

Аталған бағытта кәсібін дөңгелентіп жүргендердің қатарында «Жасыл Жетісу» брендінің негізін қалаған Жанна Жаңабаева да бар. Кәсіпкердің айтуынша, бизнестегі көпжылдық тәжірибесінен кейін жаңа салада өзін сынап көруге ниеттенген. Алғашында табиғи сабынды тек өз қажетіне және жақындарына арнап дайындаған ол уақыт өте келе бұл істі кәсіпке айналдыруға бел буған.

– 4 жыл бұрын үй жағдайында табиғи сабын мен гидролат өндіруді қолға алдым. Өзім қолданып көргеннен кейін олардың тері күтіміне қаншалықты пайдалы екенін байқадым. Осылайша, сүйікті ісімді табыс көзіне айналдыру туралы шешім қабылдадым. 2024 жылы Текелі қаласының Мансап орталығы арқылы 1,5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алдым. Сонымен қатар өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім. Мемлекеттік қолдау кәсібімді бастап қана қоймай, өндіріс ауқымын кеңейтуге де жол ашты. Алғашында косметикалық өнімдер дайындайтын шағын қолөнер цехын аштым. Бүгінде «Жасыл Жетісу» брендімен табиғи сабын мен гидролаттан бөлек, сұйық және қатты сусабын, өсімдік мацераттарын да шығарып отырмыз, – дейді Жанна Жаңабаева.

Кәсіпкер өнімдерінің басты ерекшелігі – жергілікті табиғи шикізатқа басымдық беруінде. Косметикалық заттарды әзірлеу барысында Жетісудың таулы өңірлерінде өсетін емдік шөптер мен өсімдіктер пайдаланылады. Олардың кейбірін кәсіпкер арнайы өз учаскесінде өсіреді. Ал сабын құрамына түрлі табиғи майлармен қатар куркума, шунгит, теңіз тұзы және қарамай қосылады.

Жанна Жаңабаеваның айтуынша, өнімді дайындау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен сабын негізі қайнатылып, оған дәрумендер, өсімдік майлары мен басқа да пайдалы қоспалар араластырылады. Дайын қоспа арнайы қалыптарға құйылып, 2 ай бойы бөлме температурасында кептіріледі.

Кәсіпкер гидролат өндірудің де өзіндік ерекшелігі бар екенін айтады. Шөптерді қайнату кезінде бөлінетін будың құрамында өсімдіктердің пайдалы заттары, соның ішінде таниндер мен эфир майлары болады. Ал гидролат – осы бу конденсациясы арқылы алынатын, өсімдіктің суда еритін пайдалы компоненттері мен хош иісін қамтитын табиғи өнім.

Кәсіпкер мұнымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта өндіріс орнына қосымша құрал-жабдықтар сатып алып, өсімдік майларын суық және ыстық сығымдау әдісімен өндіруді жоспарлап отыр. Бұл өнім түрлерін көбейтіп, брендтің мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Жалпы, текелілік кәсіпкерлердің бастамаларын жергілікті табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, оларды дайын өнімге айналдырудың жарқын үлгісі деуге болады. Бірі шағын қолөнер цехынан өндіріс ауқымын кеңейтуді көздесе, енді бірі жаңа рецептураларды әзірлеп, халықаралық нарыққа шығуға талпынып отыр. Мұндай жобалар кәсіпкерлікті дамытумен қатар, өңірдің табиғи әлеуетін танытуға, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да үлес қосады.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
Диабетті ерте анықтау маңызды

Диабетті ерте анықтау маңызды

Бүгін, 10:34
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30
Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Бүгін, 10:10
Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Бүгін, 09:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.