Талдықорған: +15°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

19 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында алғаш рет танымал тележурналист, қайталанбас тұлға Бейсен Құранбек атындағы олимпиада өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Қарымды қаламгердің журналистика саласындағы ойларын жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатындағы сайысқа 16 ұстаз, 19 оқушы қатысты. Олар талантты журналистің шығармашылығы мен тұлғалық болмысын ашуға тырысты. Онлайн режимінде өткен шара үш кезеңнен тұрды. Атап айтар болсақ, «Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты кезеңде эссе жазылса, «Тұлғадан жеткен дара сөз» бөлімінде Бейсен Құранбектің өмірлік қағидалары мен қанатты сөздеріне түсінік берілді. «Талантымен танылған тұлға» кезеңінде  қатысушылар шағын бейнеүзіктерін ұсынды.

Шараны ұйымдастыруға Алматы облыстық білім басқармасы мен «Жетісу дарыны» орталығы ұйытқы болды. Өткір ой, салмақты сөз сараланған сайысқа «Жетісу» телеарнасының бас директоры Серік Сарыбай төрелік етті.

— Бүгін — бейсентану ілімінің алғашқы кірпіші қаланған күн. Бейсеннің өмірін, шығармашылығын зерттейтін бір ілім болу керек деп армандап жүр едік, соның алғашқы қарлығашы сіздер болып отырсыздар. Сондықтан да олимпиада ұйымдастырушылары мен қатысушыларына зор алғыс білдіреміз. Бейсен тек қана журналист емес, оны бір қырынан ғана қарауға болмайды. Ол дүниежүзілік философияны бойына сіңірген, жапон, Еуропа философиясынан сусындаған ірі тұлға. Сайысқа қатысушылар осы жағын да ескеріп, сан қырынан келді деп үміттенеміз, – деді шараның ашылуында сөз сөйлеген Серік Әбікенұлы.

Сайысқа қатысушы ұстаздар мен оқушылар еңбегі жеке-жеке бағаланды. Педагогтар арасынан бас жүлдені Текелі қаласындағы №5 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанзила Исаева жеңіп алса, Жамбыл ауданындағы №4 орта мектептің ұстазы Лола Қонысбаева 1-орынды қанжығалады. Кегендік Нұрбек Досымханов, талдықорғандық Аспазия Есенбаева  2-орынды еншіледі. Ал ақсулық Ержан Біржанов, Еңбекшіқазақ ауданынан қатысушы Әсет Мадияр, балқаштық Жазира Тезекбаева үшінші орын тұғырынан көрінді.

Оқушылар арасында өткен сайыста Кербұлақ ауданы Күреңбел орта мектебінің оқушысы Алуа Байтілеуова 1-орын, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек орта мектебінің шәкірті Айгерім Сембинова, Іле ауданы №46 орта мектеп оқушысы Аяжан Диханбек 2-орынды иеленді.  Есік қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының шәкірті Диас Елепберген, Панфилов ауданы Абай атындағы орта мектептің оқушысы Дана Тұрсынбай, Ұйғыр ауданы Ақтам орта мектебінің оқушысы Айнұр Батниязова 3-орын жеңімпазы атанды.

Олимпиада жүлдегерлері 9 желтоқсанда Бейсен Құранбектің туған күніне орай ұйымдастырылатын форумда марапатталатын болады. Бүгінде аталмыш олимпиаданы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу және республикалық деңгейде ұйымдастыру жоспарлануда.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Абдулла Қарсақбаевтың туған жерінде 100 шақырымдық бәйге өтті

Абдулла Қарсақбаевтың туған жерінде 100 шақырымдық бәйге өтті

Бүгін, 11:00
COP31 конференциясы: Қазақстан 35-тен астам климаттық бастаманы таныстырады

COP31 конференциясы: Қазақстан 35-тен астам климаттық бастаманы таныстырады

Бүгін, 10:30
Өрт қауіпсіздігі: Құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Өрт қауіпсіздігі: Құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Бүгін, 10:00
Тау-кен қауіпсіздігі: Жаңа технологиялар талқыланды

Тау-кен қауіпсіздігі: Жаңа технологиялар талқыланды

Бүгін, 09:34
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.