Талдықорған: +15°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ПАРАСАТ ПАДИШАСЫ

18.11.2020
КҮЛТӨБЕ
ПАРАСАТ ПАДИШАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сол бір шақ күні кешегідей есімде. Менің Денсаулық сақтау министрлігіне қызметке ауысқаныма екі жылдан жаңа асқан кез болатын. Ол кезде Алматыда ешкімді танымаймын, жұмыс – үй, бірсарынды өмір. 


1990 жылғы тамыз айының аяғында демалыста институтта бірге оқыған Абілхакімнің үйіне, Тұздыбастау кентіне келдік. Үй толы кісі, жайғасып отырғаннан кейін көңілді ортамен бөтенсінбей араласып кеттік. 

Төрде орта бойлы, ақбөкеннің лағындай әдемі, аппақ келіншек отырды. Орынды жерінде әдемі әзіл, қазақша-орысша афоризмдер айтып, бәрімізді күлдіріп қояды. Қазіргі уақытта кім екені есімде жоқ, отырғандардың бірі әлгі келіншекке қарап: «Нұржамал, институтта белсенді, спортшы – гимнастка болдың, сондағы көп жігіттердің бірі сені қалай  алып кетпеген?», – дегенде Нұржамал ойланбастан: «Қалайша жүрегімді алдай алам, мен оны жалғыз саған арнай алам», – деп Әлиханды құшақтады. Іле-шала жалғастырып: «Көз мыңды көрер, көңіл бірді сүйер», – дегенде бәріміз қол шапалақтап жібердік. Үйге көптен көтерілмеген еңсеміз биіктеп, бізді жылы қабылдаған қарапайым ортаға кездескенімізге қуанып қайттық. 

Содан бері де сыныптай сырғып 30 жыл өте шығыпты. Шүкір, сол дастарқанда араласқан достармен арамызға күні бүгінге дейін сызат түскен жоқ.  Қуанышта да, қиындықта да біргеміз.

Нұржамалдың кезекті бір туған күнінде (2 ақпан) оның жастайынан бірге өскен, институтта бірге оқыған жан досы Қарлығаштың айтқан сөзін ұмытқан жоқпын. Оның айтуынша, Нұржамал үлкен әкесі мен әжесінің тәрбиесін алды, сабақта алғыр болды, жақсы оқыды. Институтта орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерді. 

Кітапханадағы кітаптың көбісін оқыды десем артық болмас. Орыс пен Еуропа классиктерін ғана біліп қоймай қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын да қызыға оқитын. Әлем данышпандарының, қазақ би-шешендерінің тәлім сөздерін ерінбей қайталап оқып, айрықша татымды жерлерін жазып алып жүретін. Кейін ұстаз болғанда ойшыл философтар мен тарихи романдарды көп оқитын болды. Екеуміз екі дауыста қосылып ән салатын едік. 
Нұржамал достыққа адал, қиналғанға жанашыр болды. Курстастары студент кезінің өзінде ешкімді алаламай қолындағы барын бөліп беретінін осы күнге дейін айтып отырады. Осындай ақжарқын да іскер жан белсенді қызмет істей бергенде соңына із қалдыратындай тұлға болары сөзсіз еді, бірақ Әлихан парторг қызметіне ауысқаннан бастап жұмысты үзілді-кесілді қойды. Оның түсінігінше, бір үйде екі бастық болмау керек, біреуі екіншісіне жағдай жасап, саналы ұрпақ тәрбиелеп, ағайын-туыстың басын біріктіріп, отбасына жұмақ жасамаса да жұмақтай жылылық орнатып үйде отыруы тиіс. Ол бұл айтқанын бұлжытпай орындады.

Әлиханның кіші қарындасы Әсияның айтуынша Нұржамал ауылдағы үлкендердің алдынан көлденең өтіп көрген жоқ. «Сондай инабатты» деп анам Әспент те мақтап отыратын. 

Анамыздың көңілінен шығып батасын алған келін ол кісі өмірден өткен соң біздің бәрімізге ана орнына ана болды. Ешқайсымызға жағымсыз қабақ танытқан емес. Келіндердің бәрін бірдей көріп, барымен бөлісіп, мейірімділік көрсетті. Немерелері қашан барсаң да әжелеп жанынан шықпайтын. Солардың үлкен-кішісінің бәрінің тілін тауып, үлкендерше әңгімелесіп, сөзбен де, іспен де тәрбиеледі. Балаға деген мейірімі ерекше жан «Ананың мейірі-          мі – көзінде, ықыласы – көңілінде», «Маман тәрбиелеуден адам тәрбиелеу көп қиын», «Үй баласымен базарлы, қонағымен ажарлы» деген сөздерді әр кез қайталап, бәріміздің назарымызды аударып отыратын.

Осы естіген сөздерімді, көзбен көрген, куә болған кездерімді сараптап, ой елегінен өткізгенде Нұржамал Есперқызының тәлімді тәрбие алған, жан-жақты білімді, намысқой, ұятын жоғалтпаған тектінің ұрпағы екеніне көзім жете түсті. Оның жанындағы адамдарға жанашырлық танытып, қамқорлық көрсетіп, ізгі ниетте болатын, тапқан-таянғанын бөденеше бауырына баспай сұңқарша шашып отыратын қасиетін әр адамның басына бермеген. Қашанда дастарқаны берекелі, отының басы мерекелі жан барға тасымады, жоққа жасымады, тәубесін ұмытпады, өте қанағатшыл болды. Ешкімге көреалмаушылық, қызғаншақтық көрсетпеді, оған білетіндердің бәрі куә. «Бұтақпен ағаш қымбат, ұрпақпен адам қымбат» деген қағиданы берік ұстана отырып немерелерін өзіне тез баурап алуы, олардың бойларына адами қасиеттерді сіңіре білуі оның жәй ұстаз ғана емес, педагог-психолог екенін көрсетпей ме?

Орысша оқып, орыс тілінің маманы ретінде қызмет атқара жүріп қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін егжей-тегжейлі біліп, қатаң ұстануы бойына ананың сүтімен дарып, сүйегіне сіңген қасиет екені даусыз. Осыларды ұрпақ санасына сіңіре білу әр ананың қолынан келе бермейтінін білеміз. «Бөлінгенді бөрі жейді», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген бабалардың тұжырымын дәйім назарда ұстап, Тойбай әулетінің ақылшы анасы атануы да оңайлықпен келген жоқ. Оған мүлтіксіз көркем мінез, көрегендік, парасаттылық, қадыр-қасиет керек екені айдан анық. Отау иесі Әлиханның атын атамай «бас ием» деп құрметтеуінің өзі келіндерге, жас ұрпаққа көрсеткен өнегесі емес пе?! Білікті филолог маман ғана емес, аса талантты, энциклопедиялық терең білімді, жан-жақты, ой-пайымы кең жан екені оны білетіндердің бәріне аян. 

Өзі  өмірден өтетінін сезді ме, құдай қосқан қосағы Әлихан мен бауыр еті – бала-шағасын жинап, өзінің өмірге келгеніне, өмір сүріп ұрпақ тәрбиелегеніне, өткен күндердің қызығы мен қиындығына тәубе, шүкіршілік айтып, қабағын шытпай, ештеңе білдірмей «егер олай-бұлай болып кетсем келін болып түскен ауылыма апарып жерлеңдер» деген аманатын айтып кетуі үлкен көрегендік пен парасаттылық емес пе?! Кейінгі жастарға одан артық қандай үлгі-өнеге керек?! 

Осындай текті, көркем мінезді парасат падишасының өмірден өткеніне жыл толып қалды. Шөбересі Амандықтың алақанынан су ішіп кетті, яғни, жұмақтың ішінде жүрген шығар. Біздің есімізде Нұржамал Есперқызы сүйікті жар, ардақты ана, асыл әженің ең көркем үлгісі болып қала береді. Марқұмның жатқан жері жұмсақ болып, тойы таусылмай, ұрпағы үзілмей жалғаса берсін деп тілейміз.

Табиғаттың адамзаттың бәріне бірдей қатаң заңдылығы бар. Патшамысың – құлмысың, кедеймісің – баймысың, бұл дүниеге келген соң о дүниеге кететініңді біліп ризашылық білдіру, қанағат етіп тәубеге келу де үлкен парасаттылық.

Өткен өмір оралмайды күн сияқты, оралмайды түн сияқты,
Қайта ақпайды су сияқты, жоғалады бу сияқты… 

Туғанбай Жанысбаев

Қатысты жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

25.05.2026
Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.