Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

КОРОНАВИРУС: СОҢҒЫ ЕКІ АЙДА ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ӨЛІМ-ЖІТІМ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

05.11.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
КОРОНАВИРУС: СОҢҒЫ ЕКІ АЙДА ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ӨЛІМ-ЖІТІМ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирус инфекциясымен күрес жұмыстары Талғар ауданында да күшейтілуде. Covid-19 инфекциясына (КВИ) шалдыққан адамдарды емдеу шаралары басты назарға алынып, екінші толқынға дайындық жұмыстары ширай түскендігі туралы Талғар аудандық ауруханасының медициналық қызмет көрсету саласын бақылау жөніндегі директорының орынбасары Қарлығаш Қасымбекова баяндап берді.

— Ауданда бүгінде 215 мыңнан астам тұрғын тұрады, 35 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Тәулік бойы стационарда терапия, хирургия, травма, нейроинсульт, перзентхана, балалар бөлімшелері боынша 245 төсек-орын бар, онда 1714 медицина қызметкері еңбек етеді. Елді алаңдатқан індеттің алдын алу мен ауруға шалдыққандарды емдеуге бағытталған іс-шаралар тыңғылықты жасақталды. Ауруханаларда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді, КВИ бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлға тағайындалды. Аудандық орталық ауруханасындағы медицина қызметкерлері биологиялық қорғаудың жоғары дәрежелі костюмдері, қолғаптары, қорғаныш көзілдіріктер (экрандары), халаттармен қамтамасыз етілді. Кіріп-шығу жолдарына санитайзерлер орнатылды, – деген Қарлығаш Қуатбекқызы наурыз айынан бастап бүгінге дейін 244 пациенттен КВИ оң нәтижесі анықталғанын, оның 193-і симптомсыз болса, 51-інде симптомды болғанын атап өтті.

Талғар ауданында вирустық пневмониямен 798 адам емделген. Шілде айында осы дерттен 62 адам, тамызда 5 науқас қайтыс болса, КВИ-ден 5 науқас көз жұмыпты. Бір қуанарлығы, күздің екі айында бұл инфекциялардан қайтыс болған адамдар тіркелмеген.

— Адам баласын алаңдатқан індеттің екінші толқынына Панфилов ауылдық ауруханасынан 30 төсекті 2 деңгейдегі инфекциялық бөлімше ашылды, оның ішінде 6 төсек жан сақтау кезіндегі ем-шараға арналған. Қажет болған жағдайда аудандық орталық ауруханада 250 төсекке дейін 2 деңгейлі инфекциялық стационарды өрістету мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, Бірлік дәрігерлік амбулаториясының базасында 30 төсектік карантиндік госпиталь ашылды. «Огонек» лагерінің базасында эпидемиологиялық қолайсыз елдерден келген азаматтарды қабылдау үшін 100 төсектік карантиндік стационар дайындалуда, – дейді бас дәрігердің орынбасары Қарлығаш Қасымбекова.

Емдеу стационарлары жұқпалы дертке қарсы препараттармен, антибиотиктердің кең ауқымды ықпалы бар түрлерімен, қан тамырына жіберілетін сұйықтықтармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, 2676 бір реттік қолданысқа арналған обаға қарсы киілетін костюм, 150 бірнеше реттік костюммен, 40200 бір жолғы қолданыстың бетпердесі, 550 респиратор, 28000 резиналы қолғап, 400 литр антисептик сұйықтығы, 1000 флакон залалсыздандыру құралдары әзір тұр.

Екінші толқынға дайындық аясында аудандық аурухана медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Компьютерлік томограф, пульсоксиметрлер, 2 стационарлық рентген аппараты, 1 портативті рентген аппараты және 25 өкпені жасанды желдету аппаратымен толыққан. Оттегі баллондарының саны – 67, оттегі консольдары – 37, оттегі концентраторлары 52-ге жеткен.

Аудандық аурухананың тағы бір жаңалығы – осы жылдың қыркүйек айында «МедНұрПлюс» ЖШС арасында газ толтыру станциясын сатып алуға келісімшарт жасасқан. Жұмыс процесі толық автоматтандырылатын оттегі станциясын орнату мен іске қосу қарашаның басына жоспарланған. Осы уақытта оттегінің сыртқы және ішкі магистралін орнату, құбырдың ішкі трассасын жүргізіп, соңғы нүктеге дейін жеткізу және монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Дәрігердің айтуынша, құны 75 миллионға жуықтайтын бұл оттегі станциясы іске қосылса, оттегін тасымалдауда еш проблема болмайды.

Аудан халқы үшін тағы бір жағымды жаңалық, Талғар аудандық орталық ауруханасына жуырда облыс әкімі Амандық Баталов 9 «Жедел жәрдем» көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешеннің кілтін табыс етті.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Теміржолшылар таңдауы

Теміржолшылар таңдауы

15.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

15.03.2026
Арыстанғали Арын: «Әрбір азамат тарихи сәтте бейжай қалмауы керек»

Арыстанғали Арын: «Әрбір азамат тарихи сәтте бейжай қалмауы керек»

15.03.2026
Ауыл ақсақалдары үлгі көрсетті

Ауыл ақсақалдары үлгі көрсетті

15.03.2026
Абай көшесінің 30 тұрғыны дауыс берді

Абай көшесінің 30 тұрғыны дауыс берді

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.