Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЖАЛҒЫЗ СОҒЫС АРДАГЕРІ — 95 ЖАСТА!

30 қазан 2020
САЯСАТ
ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЖАЛҒЫЗ СОҒЫС АРДАГЕРІ - 95 ЖАСТА!
WhatsAppTelegramFacebook

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, Алматы облысы ішкі істер органының жалғыз ардагері Сембек Қожахметов 95 жасқа толды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жеңісті жақындатқан жерлесіміз аман-есен елге оралған соң ішкі істер органына қызметке кіріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысты. Соғыста темірдей тәртіп көрген, тамырында батырлардың қаны бар Сембек Қожахметов соғыс жылдарынан кейін ел игілігі еселеніп, қалпына келуіне сүбелі үлес қосты.

Өмір мен өлімнің арпалысынан аман келіп, барлық күш-жігерін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арнаған Сембек ата — жазиралы Жаркент өңірінің ғана емес, Алматы облысының мақтанышы, сұрапыл соғысты көрген Алматы облысындағы ішкі істер органының көзі тірі жалғыз ардагері.

Қожахметов Сембек 1925 жылғы 25 қазанда дүниеге келген. 1942 жылы мектеп қабырғасында жүрген 17 жасар бозбала Кеңес армиясы қатарына алынған. Ворошилов қаласындағы кіші командир курсын бітірген соң, Сталинград майданында шайқасқа кіріп, одан әрі Ленинград қаласын қорғауға қатысты. Осыдан соң 1945 жылға дейін фашистік басқыншыларға қарсы соғысып, 1945 жылы фашистік Германия тізе бүккен соң, Қиыр-Шығыс майданына жапон милитаристеріне қарсы шайқасқа аттанған.

Ұрыс кезінде бірнеше жарақат алған. Шайқаста батырлық пен ерлік көрсеткені үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа медальдармен марапатталды.

Ол 1951 жылы әскерден еліне оралған. 1951 жылдан 1976 жылға дейін ішкі істер органдарында түрлі қызмет атқарды. Ішкі істер саласындағы қызметі үшін «Ел игілігіне еселі еңбегі», «1,2,3 дәрежелі ІІО-да мүлтіксіз қызметі үшін», «Қоғамдық» тәртіпті қорғаудағы үздік қызметі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен қатар көптеген құрмет грамоталарын, бағалы сыйлықтар иеленген.

— Алматы облысы полиция департаменті басшылығы, жеке құрамы мен ардагерлер кеңесі Қожахметов Сембек ақсақалды туған күнімен құттықтайды. Біз жеңіс үшін соғыста жанын тәуекелге тіккен ардагерді құрмет тұтамыз! Оның отбасына амандық, береке мен бақыт тілейміз! Сембек қарияның дені сау болсын, ұрпақтарының ортасында бақытқа кенеліп, көзқуанышы болып отыра берсін, — деді Алматы облысы полиция департаменті және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Қожақов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Бүгін, 12:16
Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Бүгін, 12:15
Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.