Талдықорған: +28°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖҮГЕРІДЕН МОЛ ӨНІМ АЛЫНДЫ

29.10.2020
ЭКОНОМИКА
ЖҮГЕРІДЕН МОЛ ӨНІМ АЛЫНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елдегі қай саланы алып қарасаңыз да оның өркендеуіне ғылымның тигізер көмегі орасан зор. Оны өнім өндіріп жүрген ұжымдардың еңбек нәтижелерінен айқын аңғаруға болады. Халқымызда: «Ақылды озады, ақылсыз тозады»  деген дана сөз бар. Ғылымның негізі ақылдан құралады. Шын мәнінде өз өндірістерін ғылыми негізде жүргізіп, істерін ілгерілетіп отырған ірілі-ұсақты ұжымдар біртіндеп өсіп келеді. 

Кемеңгер Абай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»  дейді. Расымен еңбегін ақылымен басқарып жүргендер шетінен іріктеліп, істері алға басып келеді. Сондай-ақ, тұтынушылардың да алғысына бөленуде. Қажырлы еңбектерімен өнім өндіре бастаған ауылшаруашылығы ұжымдарының бірі – Панфилов ауданындағы Көктал кентіне қоныс тепкен «Көктал-Агро» ЖШС. Олар осы кенттің айналасынан суармалы жер алып, оны игеріп, өңдеп, құнарлылығын арттырды. Жерді игеру мен күтіп-баптау және ауылшаруашылығы техникаларын пайдалану жұмыстарының бәрін ғылыми негізге сүйене отырып жүргізді. Ғылым мен еңбекті құстың қос қанаты десек артық айтқандық емес. Екеуін ұштастырғандар оңды нәтижеге қол жеткізе бастады.     
Серіктестік өткен жеті жылдан бері бірнеше тонна жүгері өсіріп, оны Шамалғандағы «Азия – АгроФуд» зауытына өткізіп келеді. Кондитерлік өнімдердің небір түрін өндірумен айналысатын бұл кәсіпорын тұтынушылардың талап үдесінен шыға білуде. Зауыт өндірген отандық өнімдерге сұраныс күн өткен сайын арту үстінде. Өнім сапасы мен дәмділігі де ерекше. 
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Казақ-  стан халқына арнаған  Жолдаулары «Көктал-Агро» ЖШС басшылары мен жұмысшыларының жігеріне жігер, қайратына қайрат қосты. Осы Жолдауларда еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырып, дамытып, өркендету қажет екені баса айтылды. Аталған ұжым жер өңдеу жұмыстарын ғылым жетістігіне сүйене отырып жүргізеді. Олар егістік алқабын жыртқанға дейін оған органикалық тыңайтқыш шашу, қопсыту, суару, тағы сол сияқты жұмыстарды бір-бірімен ұштастыра жүргізуді жақсы дәстүрге айналдырған. Атқарылған жұмыстар жүгеріден мол өнім алуға қол жеткізуде. Мұны жыл сайынғы тәжірибеден байқауға болады. Сол себепті күзгі жиын-терін жұмыстары аяқталысымен көктемді тоспай жер өңдеуге шұғыл кіріседі. 
Биыл аталған жеке шаруа қожалығы 500 гектар жерге жүгерінің «Пионер-Г-98» сортын өсірді. Биылғы ауа райының өте құрғақ болуына байланысты жүгері алқаптарында су тапшылығы болды. Десе де қажырлы еңбек пен ізденістің арқасында бар қиындық артта қалды. Жүгеріні минералды тыңайтқыштармен қосымша қоректендірді. Мұның өзі жүгері өнімінің артуына оң әсерін тигізді.    
Агротехникалық және минералды тыңайтқыштармен жұмыс жүргізгенде ғылым бірінші кезекте тұрады. Жүгеріні өсіруге тамшылатып суару әдісі қолданылады. Ғылыми негізде күтіп-бапталып, өсірілген жүгері собығы дәнінің үстіңгі қабаты тегістеліп, томпаяды. Ал күтімі нашар жүгері собығы дәнінің беткі қабаты ойықталып, дәні шүршиіп тұрады. Мұндай жүгеріден кондитерлік өнім өндірілмейді, тек мал азығына пайланылады. Ал «Көктал-Агро» ЖШС ұжымының биылғы жүгерісінің дәні бадырайып, томпайып тұр әрі дәні де толық. Қазір әр гектардан 120 центнерден жүгері жиналуда.
Бүгінгі күндері 500 гектар жүгері алқабының 350 гектары орылып, одан жиналған собықтардың алды Шамалғандағы кондитерлік өнімдер шығаратын зауытқа жіберілуде. Зауытқа жеткізілген жүгеріден әртүрлі кондитерлік өнім өндіріліп, қалғаны мал азығына қолданылады. Бітік өсірілген жүгеріні орып-бастыруда механизаторлар әр күнді тиімді пайдалануда. 
Солардың бірі америкалық «Джон-Дир» комбайнының жүргізушісі Рафқат Шажабеков, Мақсат Төрейов, жүгері собығын тасымалдайтын «КамАЗ–5320» автокөлігінің жүргізушілері Өсербай Есмұрзаев, Айбек Құттықов, жүгері собықтарын автокөлікке тиеп, қырмандарға жеткізетін ағылшындық «JCB» техника жүргізушісі Жолдасбек Сәрсенбаев, Елбатыр Найманбаевтар, жүгеріні тамшылатып суаруда өздерінің іс-тәжірибелерін айқын көрсете білген сутехнигі Азамат Күшков, су бригадирі Қайрат Асылбеков, тағы басқаларының еңбектері ерен. Сондай-ақ, «Көктал-Агро» ЖШС бас директоры Жәнібек Оқанов, агроном Бағдәулет Қожақанов, механик Ербол Әріпжанов, тағы басқа мамандардың еңбегін биылғы мол өнімнен айқын аңғаруға болады. 

Садық ЖҰМАБАЙ,
Қазақстан Журналистер одағының Балғабек Қыдырбекұлы 
атындағы сыйлығының иегері
Панфилов ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Жапония: Стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі

Қазақстан мен Жапония: Стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі

30.04.2026
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтеріледі

30.04.2026
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

30.04.2026
Оқушылардың телефон қолдануына толық тыйым салына ма?

Оқушылардың телефон қолдануына толық тыйым салына ма?

30.04.2026
ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.