Талдықорған: +28°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАПШАҒАЙ БАЛЫҒЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

20.10.2020
ЭКОНОМИКА
ҚАПШАҒАЙ БАЛЫҒЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ халыққа Жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру қажеттігін айтқан болатын. Өткен жылы елдің балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құрады. Қазақстандағы су ресурстары 600 мың тоннаға дейін балық өсіріп, экспортты 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті қазір ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі шаруаларды қолдау мақсатында бірқатар заңға өзгеріс енгізіп, субсидия беру жолдарын қарастырып жатыр.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қапшағай қаласындағы «Kaz Organic Product» циклды балық өндірісі кешеніне баспасөз турын өткізді. Кәсіпорында экологияға зиян келтірмейтін өндіріс циклы жасалған және балыққа арналған азық кешеннің өз ішінде дайындалады. Жоба азаматтардың өмір сапасын жақсарту факторы ретінде ҚР өндірістік қауіпсіздік бағдарламасына толық сәйкес келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіпорынды аралап, африкалық клариус, тилапия және австралиялық қызыл шымшуырлы шаянды жабық суда өсіру үрдісімен танысты. Нарыққа шығарылатын қайта өңделген балық өнімдері көрсетілді. 
Кәсіпорын басшысы Алексей Щетинин зауыттың қуаты жылына тірі және мұздатылған 10 мың тонна балық өндіруге жететінін атап өтті. Зауыттың ерекшелігі сол, бассейнде балықты 6 айда дернәсілден бастап 1 келі тауарлық салмаққа дейін өсіріп, 1 жылда екі рет өнім алуға болады. «Қазір Үкімет халықтың балық өнімдерін көбірек тұтынуына көңіл бөлуде. Бұл  өндіріс қуатын арттыруға әсерін тигізеді. Тірі балықты да, қайта өңделіп ұзаққа сақтауға арналған өнімді де көбейту керек. Біз өндіріске аквамәдениеттің 10-ға жуық заманауи түрін енгіздік. Мәрмәр клариусын, тилапия және австралиялық шаян өсірудеміз. Биыл 2 мың тонна өнім өткізуді жоспарлағанбыз. Пандемия жоспарымызға аздап өзгеріс енгізді», – деді Алексей Щетинин.
Оның сөзінше, 70 адам жұмыс істейтін зауытта қолданылатын заманауи технологиялар мен күн сайын суды сараптамадан өткізетін зертхана өнімнің экологиялық таза болуын қамтамасыз етеді. «Өнім сатылмас бұрын өзімізде және қаладағы зертханада тексеріледі. Жемді Қазақстанда жасалған таза ингредиенттерден өзіміз дайындаймыз», – деді ол.  
Маман Қазақстан су ресурстарында жыл сайын 600 мың тонна балық өсіру үшін аквамәдениетті қарқынды дамыту қажет деп санайды.
– Бүгінгі таңда Үкімет әр аймақ- та балық шаруашылығы бойынша негізгі проблемалар мен ұсыныстарды жинауда. Соның негізінде балық өндірушілерді қолдау бойынша заңдарға өзгеріс енгізілу керек. Айта кететін бір проблема – салада маман жетіспейді. Біз өз қызметкерлерімізді шетелде оқыттық. Енді институттармен бізде жастардың тәжірибе алмасуы жөнінде, бірлесе маман дайындау бойынша келісіп жатырмыз, – деді кәсіпорын басшысы.
Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықтан бөлек Ресейге экспортталады. «Қазақстандық өнім табиғи таза, химиялық қоспасы жоқ болғандықтан оны Ресей жоғары бағалайды. Сондықтан халықаралық нарықта да ұялмай мақтана аламыз. Балықтың 15 түрлі өнімін дайындаймыз. Клариустың ерекшелігі – оны аллергиясы бар адамдарға да жеуге болады. Пандемия кезінде коронавируспен ауырған адамдар жатқан ауруханалардың рационына еніп, біз балық жеткізіп тұрдық»,– деп атап өтті кәсіпорынның қоғаммен байланыс менеджері.
Облыстағы Есік форель шаруашылығы базасында ихтиолог мамандар дайындалып жатыр.  Балық мектебінің жұмысы туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған баспасөз туры барысында аталмыш шаруашылық иесі Марлен Тұрсынәлі айтып берді.
Биылдың өзінде шаруашылық мамандары 30 адамды оқытқан.     Соның 10-ы жұмыс істеуге қалған. Мәселен, Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті Жансұлу Үргенішбаева балық мектебін бітіріп, ихтиопатолог болып жұмысқа тұрып үлгерген. 
– Біз балықтың ауруға шалдықпауына жауап береміз. Теория мен практиканы ұштастырып жұмыс істеп жатырмыз. Оқыған бір басқа, көзбен көріп, қолмен ұстаған бір басқа. Сондықтан осы әдіс өте тиімді. Балықтардың ауру түрлері өте көп. Әр ай сайын дезинфекция жасаймыз. Суды тазалаймыз. Балықты арнайы бассейндерге шомылдырамыз, – деді жас маман. 
Мәрлен Тұрсынәлі: «Балық шаруашылығындағы негізгі проблеманың бірі – кадр тапшылығы. Осы саладағы білгенімізбен бөлісу үшін балық мектебін аштық. Сондықтан қазір қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, оқу орны базасында ғылыми-өндірістік орталық ашып, студенттерге теориялық білім берудеміз. Содан кейін бізде тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасады. Қаласа өзі шаруашылық ашады. Балықты қалай тамақтандыру керек, бәрін үйретеміз. Балықты әртүрлі аурудан сақтауға бағытталған вакцинаның жасалу жолын да көрсетеміз. Ал шаруашылықтың өзіндегі толық базалық курсты 10 күнде өтуге болады». 
Қазір Есік балық шаруашылығында балықтың 6 түрі өсіріледі. Олар ханбалық, сазан, амур, дөңмаңдай, бекіре, клариус жайыны. 250 тонна форель, 50 тонна бекіре өндіріледі. Негізгі тұтынушы – Алматы қаласы мен облыс тұрғындары.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Жапония: Стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі

Қазақстан мен Жапония: Стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі

30.04.2026
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтеріледі

30.04.2026
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

30.04.2026
Оқушылардың телефон қолдануына толық тыйым салына ма?

Оқушылардың телефон қолдануына толық тыйым салына ма?

30.04.2026
ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.