Талдықорған: +16°C
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАПШАҒАЙДАҒЫ БАЛЫҚ КЕШЕНІНДЕ АВСТРАЛИЯЛЫҚ ШАЯН ДА ӨСІРІЛЕДІ

17.10.2020
КҮНДЕРЕК
ҚАПШАҒАЙДАҒЫ БАЛЫҚ КЕШЕНІНДЕ АВСТРАЛИЯЛЫҚ ШАЯН ДА ӨСІРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қапшағай қаласындағы «Kaz Organic Product” циклды балық өндірісі кешенінде баспасөз турын өткізді. Кәсіпорынның ерекшелігі — экологияға зиян келтірмейтін өндіріс циклының жасалуында. Мұнда балыққа арналған азық пен материалдар өз ішінде дайындалады.

Алдымен кәсіпорынды аралаған тілшілер африкалық клариус, тилапия және австралиялық қызыл шымшуырлы шаянды жабық суда өсіру процесімен танысты. Зауыттың ерекшелігі сол, бассейнде балықты 6 айда дернәсілден бастап 1 келі тауарлық салмаққа дейін өсіріп, 1 жылда екі рет өнім алуға болады. «Бірақ осы жылы пандемияға байланысты өнімнің сатылуына нұқсан келген соң, бассейндегі температураны азайтып, балықтардың өсу процесін баяулатып отырмыз», — дейді технолог маман.

Кәсіпорын басшысы Алексей Щетинин зауыттың қуаты жылына тірі және қатырылған 10 мың тонна балық өндіруге жететінін атап өтті. «Қазір Үкімет халықтың көбірек балық өнімдерін тұтынуына көңіл бөлуде. Бұл  өндіріс қуатын арттыруға әсерін тигізеді. Тірі балықты да, қайта өңделіп ұзаққа сақтауға арналған өнімді де көбейту керек. Біз өндіріске аквамәдениеттің 10-ға жуық заманауи түрін енгіздік. Мәрмәр клариусын, тилапия және австралиялық шаян өсірудеміз. Биыл 2000 тонна өнім өткізуді жоспарлағанбыз. Пандемияға байланысты жоспарымыз ойдағыдай болмай тұр», — деді Алексей Щетинин.

70 адам жұмыс істейтін зауытта қолданылатын заманауи технологиялар мен күн сайын судың экспертизасын өткізетін зертхана өнімнің экологиялық таза болуын қамтамасыз етеді.

Мамандар Қазақстан су ресурстарында жыл сайын 600 мың тонна балық өсіру үшін аквамәдениетті қарқынды дамыту қажет деп санайды. «Бүгінгі таңда Үкімет әр аймақта балық шаруашылығы бойынша негізгі проблемалар мен ұсыныстарды жинауда. Соның негізінде балық өндірушілерді қолдау бойынша Заңдарға өзгеріс енгізілу керек. Айта кететін бір проблема – бұл салада маман жетіспейді. Біз өз қызметкерлерімізді шетелде оқыттық. Енді институттармен бізде жастардың тәжірибе алмасуы жөнінде, бірлесе маман дайындау бойынша келісіп жатырмыз», — деп айтты кәсіпорын басшысы. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықтан бөлек, Ресейге де экспортталады.

Журналистерге нарыққа шығарылатын, қайта өңделген неше түрлі балық өнімі көрсетілді. Мұнда балықтан жасалған котлет, тефтели, шұжық, кәуап, фарш, тағы да басқа өнімдер сертификатталып, арнайы қаптамамен «Магнум» және балық өнімдері дүкендерінде қолжетімді бағамен сатылады. Өнім сатылмас бұрын зертханада тексеріледі. Мамандар балық азығы — жемді Қазақстанда жасалған таза ингредиенттерден өздері дайындайтынын айтты.

— Қазақстандық өнімді табиғи таза, химиялық қоспасы жоқ болғандықтан Ресей жоғары бағалайды. Сондықтан, халықаралық нарықта да ұялмай мақтана аламыз. Балықтың 15 түрлі өнімін дайындаймыз. Клариустың ерекшелігі — оны аллергиясы бар адамдарға да жеуге болады. Пандемия кезінде коронавируспен ауырған адамдар жатқан ауруханалардың рационына еніп, біз балық жеткізіп тұрдық. Жалпы денсаулыққа пайдалы, омега-3, омега-6 секілді дәрумендерге бай балық өнімдерін халық тұрақты түрде тұтыну керек, — деп атап өтті кәсіпорынның қоғаммен байланыс менеджері Елена Проценко.

Алдағы уақытта балабақшадан бастап, әскери бөлімдерге дейін барлық мекемелерді балық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Үкіметпен келіссөздер жүргізетіндіктерін айтты.

«Балық жегің келсе, балағыңды түр» дегендей, бұл саланы дамытуға күш салуымыз керек екенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтқан еді. 2019 жылы еліміздің балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құраған. Қазақстандағы су ресурстары 600 мың тоннаға дейін балық өсіріп, экспортты 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті қазір Экология министрлігі шаруаларды қолдау мақсатында бірқатар Заңдарға өзгеріс енгізіп, субсидия беру жолын қарастыруда.

Мақпал МЫСА

Қапшағай қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Путинді Астана әуежайында өзі қарсы алды: мемлекеттік сапар басталды

Тоқаев Путинді Астана әуежайында өзі қарсы алды: мемлекеттік сапар басталды

27.05.2026
Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

27.05.2026
Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

27.05.2026
Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

27.05.2026
Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

27.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.