Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

14 қазан 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазан айының 18-нші жұлдызы елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып келе жатқанына ширек ғасырдан асты. Атаулы күнге орай Алматы облыстық дін істері басқармасы Жетісу жерінде қызмет етіп жатқан діни бірлестіктердің жетекшілерін салтанатты қабылдап, ел мен жердің тыныштығы үшін еңбектенген жандарды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайына жиналған көпшілік алдымен фотосурет көрмесімен танысып, еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты бейнелеген «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты бейнефильмді тамашалады. Одан соң алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли бірлік пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың алтын бесігіне айналған Қазақстан Республикасындағы ауызбіршіліктің маңызын түсіндіріп өтті.

– Қазақстан – бүгінде конфессияаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені ретінде әлемге танылды. Қазақ халқының сыйластыққа негізделген тарихи тәжірибесі, мейірімділігі мен төзімділігі, осы құндылықтарға негізделген салиқалы ұлт саясаты еліміздің тұрақты дамуына негіз болып отыр, – деген Рустам Әлиұлы ынтымақ пен ырыстың түп-тамыры ұлттық келісімде жатқанына тоқталды. – Қазақстан  – әртүрлі этностар мен мәдениет өкілдерімен қатар алуан түрлі діндерді ұстанушылар тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт ел. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім қоғамның негізгі біріктіруші күші және мемлекетіміздің алға қадам басуының кепілі. Мұның барлығын айтып отырған себебім, қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Толеранттылықты жөн көретін кеңпейілді қазақ елі осы күнді ұйымшылдықпен атап өте отырып, рухани келісімді одан әрі жан-жақты нығайтуда.

Конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау жолында біздің облысымызда да көп жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңдағы әртүрлі ұлттар мен діндердің татулықта, ауызбіршілікте өмір сүруі, діни ахуалдың тұрақтылығы мемлекеттік органдар мен қоғамның, дін қызметкерлерінің тынымсыз жұмысының анық нәтижесі деп білеміз. Сондай нәтижелі жұмыстың бірқатары дін қызметкерлері тарапынан пандемия кезінде өте жоғары дәрежеде көрінді.

Коронавирустық инфекцияның таралуы барша халыққа үлкен ауыртпалық түсіргені рас. Десек те, халықтың ауызбіршілігін нығайтудағы қайырымдылық жұмыстарда қоғам белсенділерінің қатарында дін қызметкерлерінің де еңбегі ерекше болғанын атауға негіз бар. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы және Талдықорған өңірлік өкілдігі тарапынан 7 мыңға жуық тұрғын азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, «Зекет берекеті» акциясы мен «Құрбан айт» мерекесі аясында мұқтаж жандарға үлкен көмек көрсетілді.

Осылайша Жетісу жерінде атқарылған игілікті істерді таныстырып шыққан облыс әкімінің орынбасарынан соң сөз кезегін алған Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, ҚМДБ алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Астана және Қазақстан митрополиясының хатшысы Илья Ендовицкий, «Успения Пресвятой Богородицы» рим-католик діни бірлестігінің жетекшісі Шымон Гжывински, Евангельдік Христиан Баптистері шіркеуінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша пресвитері Алексей Лубошников еліміздегі дінаралық келісім мен ынтымақтың маңызына тоқталды.

Одан соң облыс аумағындағы мешіттер мен шіркеулердің діни қызметкерлері, дін тақырыбында тұрақты қалам тербейтін журналистер, барлығы 50 шақты адам облыстық дін істері басқармасы тағайындаған аталымдар бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында облыстық «Өлке тынысы» ЖШС контент-менеджері Жұмахмет Жайлаубаев пен облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары Жұматай Әміреев облыс әкімінің Алғыс хатын еншіледі.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.