Талдықорған: +15°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ҚУАНЫШЫМДА ШЕК ЖОҚ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА 150-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

10.10.2020
ӘЛЕУМЕТ
"ҚУАНЫШЫМДА ШЕК ЖОҚ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА 150-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Қала күніне орай баспаналы болу бақыты 150-ге жуық отбасына бұйырды. Коттеджді қалашықтан 71, «Көктем» шағынауданынан 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 16 медицина қызметкері пәтер кілтін алды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам ӘЛИ мен Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

8,5 миллиард теңгеге 620 үйдің құрылысы жүріп жатқан коттеджі қалашық Талықорғанның сәнін ғана келтірмей, талай жылдан бері үйсіз-күйсіз жүрген жандарға қуаныш сыйлауда. Жылдың аяғына дейін барлық үйдің құрылысы аяқталып, халықтың қуанышы еселене түспек.

Талдықорғандықтарды мерейлі мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов:

— Жылдағы дәстүр бойынша алтын күзде біз қала күнін өткіземіз. Жаңа нысандар ашамыз, пәтер кілтін табыстаймыз. Сол дәстүрдің сіздер куәсі болып отырсыздар. Коттедж қалашығында 620 үй салынып жатыр. Осы уақытқа дейін 157 коттеджді тапсырдық. Қазір 71 кілтті табыстадық. Желтоқсан айында тағы 48 үйді береміз, – деп, осы жерде 1200 орынды мектептің құрылысы басталғанын, сондай-ақ, үлкен сауда үйі салынатынын айтты. – Жақында заманауи балалар ойнайтын алаң, аллея да ашамыз. Қала күнін жылда саябақтарда ауқымды түрде өткізетінбіз. Биыл індетке байланысты оның бәрін тоқтаттық. Осы сыннан аман-есен шығайық. Қала күні құтты болсын!

Көптен күткен қуанышты сәт те орын алып, көпбалалы және толық емес отбасы, жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер коттедж кілтін иеленді. Қуаныштары қойындарына сыймаған тұрғындар бірінен кейін бірі сөз алып, ақ алғыстарын ақтарды. Солардың бірі — көпбалалы ана Рабиға Алекеева:

— Қуанышымызда шек жоқ. Әмбе бүгін менің туған күнім. Бұл қуанышты сәт туған күніме тура келді. Алдымен Алла, сосын ел басқарған басшыларға алғыс айтамын. Барлықтарыңыздың денсаулықтарыңыз мықты болып, Алла-Тағала жақсылық бұйыртсын. Жұмыстарың жемісті болсын. Жақсылық тілеймін. Жас келіндерім мен қыздарыма айтарым – қазақтың санын көбейте беріңдер, – деді.

Әрмен қарай ел ағалары қазақы салтқа сай су жаңа үйлерге шашу шашып, әр шаңыраққа шаттық тіледі.

Келесі кезекте «Көктем» шағынауданындағы №8 60 пәтерлі үйдің кілті салтанатты түрде табысталды. Бұдан бөлек, 16 медицина қызметкері пәтер кілтіне ие болды.

Жаңа пәтер иелеріне ізгі тілегін арнаған Ғалымжан Райылұлы Талдықорғанның қарқынды дамуын, жаңа нысандар салынып, ел игілігіне қызмет етіп жатқанын қуанышпен жеткізді. Өз кезегінде баспана бақыты бұйырған жандар жүрекжарды лебіздерін арнап, қуаныштан көздеріне жас алды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.