Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІНЕ КҮЙЕУГЕ ШЫҚҚАН ОКСАНА ӘЖЕЙ 100 ЖАСҚА ТОЛДЫ

09.10.2020
ЖАНСАРАЙ
ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІНЕ КҮЙЕУГЕ ШЫҚҚАН ОКСАНА ӘЖЕЙ 100 ЖАСҚА ТОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Соғыс және еңбек ардагері, Қапшағай қаласының Құрметті азаматы Оксана Бетебаева 100 жасқа толды. Ұзақ ғұмыр екінің бірінің пешенесіне жазылмаған. Демек, бұл — әжемізге берілген Жаратушының сыйы. Бүгінгі мерейтой иесі, кешегі күркіреп өткен сұрапыл соғысқа бастан-аяқ қатысып, қар жамылып, мұз жастанған майдангердің әлі де ортамызда жүргені берік жан болғандығы десек, қателеспейміз.

Ғасыр құрдасы, заманның сырласы болған әжені Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаев арнайы үйіне барып, тарту-таралғы жасап, гүл шоғын сыйлап, ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

— Оксана әжеміз 100 жасқа келген адамдардың қатарын толықтырып отыр. Соның куәсі болып, ғасырдың құрдасы, заманның сырласы болған сүйегі мықты асыл адамды көрудің өзі қандай ғанибет! Бүгінгі біздің бақытты өміріміз үшін кешегі күні оққа кеуделерін төсеген ата-апаларымызға біздер мәңгі қарыздармыз. Сол ардагерлердің қатарында болған әжеміздің соғыстың ортасында мыңдаған жаралы жауынгердің өмірін сақтап қалуға жәрдемі тиді. Аман-есен жүргені де солардан алған алғыс-ризашылықтарының шапағаты шығар. Біз осындай адамдардың өмірлерінен үлгі-өнеге аламыз және оны болашаққа бағыт-бағдар етіп ұстанамыз, — деді Қапшағай қаласының әкімі жүрекжарды тілегін білдіріп.

Талықорған қаласынан мерейтой иесінің қуанышын бірге бөлісу үшін арнайы келген Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Құрмет грамотасын табыс етті. Онда «Отан алдындағы парызын жоғары деңгейде атқарғаны, өскелең ұрпақты егемен еліміздің құндылықтарын қастерлеу рухында тәрбиелеудегі игілікті қызметі және 100 жасқа толуына орай Бетебаева Оксана Демидовна марапатталады» деп жазылған.

Оксана Демидовна 1920 жылы 7 қазан күні Украинаның Полтава облысы, Петрова-Роменский ауданының Венеславовка деген бау-бақшаға бөленген көркем ауылда дүниеге келген. Жетінші сыныпты бітірген жылы медицина училищесіне оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтап шығады. Еңбек жолы одан ары аудандық ауруханада жалғасады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, ел шетіне жау келген 1941 жылдың шілде айында әскер қатарына шақырылып, Полтава қаласындағы №1668 госпитальда әскери мейірбике жасағына қабылданады.

Қым-қуыт шайқастар жүріп жатқан кезде дәрігердің нұсқауын орындау, науқасты отаға дайындау, ауыр халдегі жаралыларды бақылау оңай жұмыс емес еді. Соғыстың алғашқы айларында күндіз-түні майданнан жаралы жауынгерлер лек-легімен келіп жатты. Бастапқы кезде оның бәріне бой үйрету оңай соқпады. Сұрапыл соғыс уақытында медицина мамандарына жауынгер өмірі өзінікінен де қымбат болды. Оқтан да, оттан да қорықпай олардың өмірін сақтап қалуға барлық күш-жігерін салды.

Бәрін тізбелеп айтып шығу мүмкін де емес. Өйткені, бұл әскери медбикелердің майдандағы күнделікті, сағат сайынғы жұмысы болатын. Бірнеше тәулік бойы ұйқыны да, тамақты ұмытып хирургтің жанында жүрген сәттер есінен кетпейді. Талдырмаш бойлы нәзік қыз қанша қиналса да, асқан қайсарлық пен шыдамдылық танытты, жаралы жауынгерлерге көмек қолын созды, қиналған кездерінде қастарынан табылды. Талай боздақ көз алдында қыршынынан қиылғанда, жанарынан көлдей болып жас та төгілді.

Сондай күндердің бірінде госпитальға ауыр жараланған жас қазақ офицері келіп түседі. Ол тым әлсіз әрі жарасы жанына қатты батып, қиналып жатты. Оксана күні-түні әрдайым қасынан табылып жүрді. Сондай кездердің бірінде жігіттің маңдайындағы терін сүртіп, жарасын қайтадан таңып бола бергенде жігіттің өзіне сондай мейіріммен қарап жатқанын көріп, бойын беймәлім сезім желпіп өткендей әсерді сезінді. Беті бері қарап, сөйлеуге жарағанда  ол өзін Бекежан Бетебаев — Қазақстанның тумасы боламын деп таныстырған еді. Осы таныстық достыққа, достық махаббатқа ұласты. Украин қызы мен қазақ жігітінің жарасқан көңілдеріне госпитальдағылардың бәрі де қызыға қарап жүрді. Олардың үйленулеріне де соғыстың қатал тәртібі кедергі бола алмады. Қос жүрек осылайша табысты да, бір-бірінен соғыс біткенше ажырамады.

Соғыс аяқталғанда Бекежан Келгенбайұлы Оксананмен бірге елге қайтуға жиналған еді. Әскери қолбасшының Германия қалаларының біріне комендатураға бару бұйрығы шығып, белгісіз мерзімге қала тұруына тура келді. Бес жылдан кейін ғана елге қайтуға рұқсат беріліп, жас жұбайлар қол ұстасып Жаркент қаласына келеді.

Бекежан соғысқа дейін педагогтар дайындайтын училищені бітіргендіктен мамандығына сай мектепке география пәнінің мұғалім болып орналасады. Оксана Жаркент қаласындағы ауруханаға мейірбике қызметіне кіріседі. Өзінің жұмысына мығым, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кім-кіммен де тез тіл табыса білетін Бекежан Келгенбайұлының еңбегі бағаланып, облыстық оқу басқармасының бұйрығымен Іле ауданындағы Іле поселкесінің №1 мектебіне директор болып тағайындалып, Оксана Демидовна осы мектептің лаборант жұмысына қабылданады.

Олар көрген адам қызығатындай сондай жарасымды отбасы еді. Балалары Юра мен Нина да желкілдеп өсіп келе жатты. Ертеңге деген арман-мақсатқа толы бақытты күндер жалғасып жатқандай еді. 1969 жылы соғыстан алған ауыр жарақат сыр беріп, жұбайы Бекежан Оксананы өмірдің бергі жағалауына қалдырып, дүниеден озды.

Оксана өзін жалғыз қалғандай сезінді. Украинадағы әпкелері көшіп кел деп ықылас білдіргенде: «Қазақ елі менің екінші туған жерімдей болып кетті. Бекежанның жаққан ошағының отын сөндірмеймін. Мен оған солай деп уәде бергенмін. Құдайға тәубе, өсіп келе жатқан ұл-қызым бар. Енді солардың тілеуін тілеймін», — деген соң олар да бұл тақырыпқа қайта қайырылып соқпаған.

— Жүз жасқа жеткен анамның немере-шөберелеріне деген мейірім шапағатының қызуы тұла бойымды жылытумен келеді. Менің өзім жетпіс жасқа аяқ бастым. Анамның ыстық алақанын, айналайын деп маңдайымнан емірене сүйіп, еркелеткен үнін естігенде өзімді баладай сезініп қаламын. Ананың махаббатына жетер құдіретті күш жоқ. Бір ғасыр ғұмыр жасаған анамның сүйегі асыл. Қаншама қиындықтарды басынан өткерсе де, соның бәріне төзе білді. Баладан-немере, немереден-шөбере, шөбереден-шөпшек  көрді. Санасы әлі күнге сергек. Өткен өмірі жайлы естелік айтқанда, қалай ұмытпайды деп таңқаламын. Адам өмірінің асқар шыңы – 100 жас десек, сол шыңды бағындырып ортамызда отырған анама қараймын да тәубе деймін, — дейді әке жолын қуып, саналы өмірін бала тәрбиесіне арнаған Нина Бекежанқызы. Ол анасын елеп-ескеріп, мерейтойымен құттықтап келген қонақтарға жүрекжарды алғысын білдірді.

Отбасылық альбомнан сарғайған суреттерді қызыға тамашалап, «Ғибратты ғұмыры бір кітап қой» деп тамсандық. Расында да жүзге келіп, оның төрінде отырған Оксана Бетебаева әжеміз қандай құрметке болса да лайықты.

Зарыққан ӘБІЛҚАСЫМ

Қапшағай қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.