Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАЙТАДАН КЕЛІП ТЕКСЕРЕМІН»: ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ МЕКТЕПТЕРДІ АРАЛАДЫ

3 қазан 2020
РУХАНИЯТ
"ҚАЙТАДАН КЕЛІП ТЕКСЕРЕМІН": ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ МЕКТЕПТЕРДІ АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли Талдықорған қаласында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан білім нысандарын аралады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Шарада Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова мектептердің заман ағымына сай жабдықталуын таныстырып, құрылыс материалдарының сапасынан хабардар етті.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының күрделі жөндеуден өту барысын бақылады. Үш блоктан тұратын 930 орынды білім ордасының 1700 оқушысы бар. Биыл тамыз айында құрылысы басталып, 2021 жылдың ақпан айында аяқталуы тиіс. Алайда жұмыс істеп жатқан адам санының аздығына байланысты құрылыс қарқыны төмен. Барлығы 75 адам болуы керек, ал мұнда тек 46-сы ғана бар болып шықты. Құрылыс компаниясының өкілдері келесі апта жұмысшылар саны толығатынына сендірді.

— Біз бәрін түсінеміз, карантин, пандемия кезі. Бұл облыс орталығы. Адам таба алмайтындай Райымбек, Кеген аудандары секілді шет жақ емес. Адам жеткілікті, іздеңіздер, орналастырыңыздар. 50 пайыз құраммен ғана жұмыс істеп жатырсыздар. Келесі апта міндетті түрде қайтадан келіп тексеремін, – деген Рустам Әлиұлы аталмыш мәселеге жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.

Келесі кезекте Рустам Әли қала маңында орналасқан Өтеней ауылындағы №21 орта мектептің күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Мектепке дейінгі шағын орталығы бар мекеменің жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. 31 қазан толық дайын болатын білім ордасында 1205 оқушы бар. Ерекшелігі сол, бұл мектеп қала бойынша жылыту жүйесі газға қосылатын тұңғыш оқу ошағына айналмақ. Жағымды жаңалықты сүйіншілеген мектеп директоры Гүлбақыт Маликова:

— Күрделі жөндеудің арқасында жылыту жүйесі газға қосылып жатыр. Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар үшін қуанышты хабарымыз осы. Бұрын сұйық отын жағатынбыз, оны үнемдеген соң, жылуы төмен болатын, – деп мектепте екі бірдей мәжіліс залы барын, оның біреуіне лед-экран орнатылатынын қуанышпен жеткізді.

Рустам Әлиұлы арнайы барған Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектептің күрделі жөндеуі 85 пайызға аяқталған. 11 қараша толық тәмамдалып, пайдалануға беріледі. Ал Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының ауласына жасалып жатқан жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүруде. Әсіресе, спорттық алаңдарға баса назар аударылған. Баскетбол, волейбол алаңдары жаңартылып, футбол ойнайтын орынға жасанды көгал төселген.

Рустам Әлиұлы алдағы уақытта да аталмыш нысандарды қатаң қадағалауда ұстайтынын айтты.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — автор

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.