Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ

3 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен «Жылдың үздік мүғалімі» байқауы өтуде. Биыл  аталмыш байқауда бағын сынаған Ақсу ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика-информатика пәнінің мұғалімі Асыл Қаймұханов топ жарып, өзінің үздік ұстаз екендігін дәлелдеді.

Педагогикалық салада сегізжылдық тәжірибесі бар ұстаз оқушылармен жұмыс істеуде өзінің бейнесабақтарын сәтті қолдануда. Әр сынып бойынша жазып қойған бейнесабақтардың толық жинағын да шығарып үлгерген. 
– Бейнесабақтың тиімділігін айтып өтсем, ыңғайлы жерде, қолайлы уақытта бірнеше рет қайталап көруге болады. Бейнесабақтар жинағымды біздің мектеп қана емес, еліміз бойынша оқушылар көріп пайдалануда. Мысалы, қашықтан оқыту жағдайында бейнесабақтар жинағы жарияланған сайт 441,2 мың қаралым жинап, 6,2 мың жазылушы тіркелген. Кейбір ғаламтор жылдамдығы аз немесе интернеті жоқ елді мекендерге бейнесабақтарымды ақпарат тасымалдағыш құралдармен тараттым.
Қашықтан өтіп жатқан сабаққа оқушыларды белсенді қатысуға тарту үшін тиімді кері байланыстың орны ерекше екенін түсінудемін. Себебі, тиімді берілген кері байланыс – оқушының белсенділігін арттыруға әсер етеді, – дейді Асыл Қайырбекұлы. 
Ұстаз әр баланың бойында болуы тиіс ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту, қалыптастыруға айрықша мән береді. Оны баланың кітапқа деген қызығушылығын ояту арқылы жүзеге асыруда. Осы бағытта өткен оқу жылында «Кітап оқу марафоны» жобасын қолға алған болатын, штаттық режимде оқыту енгізілсе осы бастамасын жалғастыруды өзіне міндет санайды. 
Асыл Қайырбекұлы қатысқан облыстық байқау төрт кезеңнен тұрды. Сырттай өткен екі кезеңде «Балапан» телеарнасында жүргізіліп жатқан телесабақтар нұсқасында жасалған бейнесабақтар және байқауға қатысушылардың кәсіби жетістігін айқындайтын электронды портфолиосы қаралды. Ал бетпе-бет өткен екі кезеңде қатысушылар жұмыс жүйесінің моделімен таныстырып, импровизациялық тапсырма орындады. 
Ұстаздың ұсынған сабағы проблемалық және сын тұрғысынан ойлануына бағытталуымен, тапсырмалар мен тесттер функционалдық сауаттылыққа негізделуімен және сабақ соңында конструктивті кері байланыстың болуымен ерекшеленді. Әділқазылар алқасы тарапынан ұсынған оқыту тәсілінің құндылығы, жаңашылдығы, ерекшелігі, тәжірибеге енгізу және тарату, жұмыс моделін таныстыра алу қабілеті жоғары бағаланды. 
Осындай айрықша педагогикалық ізденісімен көзге түскен ұстаздың алар биігі әлі алда деп білеміз.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.