Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘРБИЕШІГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

3 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ТӘРБИЕШІГЕ МЫҢ АЛҒЫС!
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір ата-ана үшін баланың ұлағатты ұстаздан, тәлімі зор тәрбиешіден өнеге алуы аса маңызды. Жолымызда жақсы ұстаз кездессе баладай мәз болып, жадырап қалатынымыз сондықтан. №7 ясли бақшасының тәрбиешісі Дина Нұржанова, міне, осындай ата- аналар да, балалар да құрмет тұтатын жан.

Өз жұмысына адал берілген, балаларды шынайы сүйетін тәрбиешінің жұмыс күні әр балдырғанның балабақшаға қандай көңіл-күймен келгенін бағып, оларды өзіне тартып еркелетіп, анасындай баурап, жылы сөздерін арнаудан басталады. Сүйіспеншілікті сезінген бүлдіршіндер де тәрбиешілерін жатсынбай қуана құшағына енеді. Бірін еркелетіп, енді бірі шектен шығып бара жатса тәртіптеп, баланың көңілін әр нәрсені танып білуге қызықтыра жетелейтін ұлағатты жанның үнемі ізденіс үстінде жүретінін байқау қиын емес. Оған Дина Еспайқызының балаларды қызықтыра өткізген сабақтары мен ертеңгіліктері дәлел.
Педагог бүлдіршіндерге халқымыздың дәстүрін, мәдениетін, тілін үйретіп, насихаттауға да ерекше мән береді. Оны «Қазақшаң қалай?», «Екі жұлдыз», «Күз байлығы», «Қыс қызығы», «Ананың алақаны айдынды қоныс», «Мен енді мектепке барамын», «Мен бір жасқа есейдім» атты оқу тәрбие іс-шаралары мен ата-аналар жиналысының қорытындыларынан көруге болады. 
Уақыт талабына сай білім беруде тәрбиеші SТЕМ оқыту әдісін қолданып, балаларды робототехника, 3D-жобалауға қызықтыруда. Ойын сабақтарында дамыта оқыту, өнертапқыш шығармашылық тапсырмалар арқылы жеткіншектерді алғырлыққа, тапқырлыққа жетелеуде.
Ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас орната білген тәрбиеші  жиналысты онлайн негізде өткізіп, оқу-тәрбие жоспарымен таныстырды. Биыл да балаларымыздың балабақша қабырғасынан қажетті білім алып, дүниетанымын арттырып, келер жылы мектепке үлкен дайындықпен барарына кәміл сенеміз. Осы үшін тәрбиеші Дина Еспайқызына зор алғыс айтамыз. 

Зарина Болоспаева,
 №7 ясли бақшасының «Көбелек» тобы 
ата-аналарының атынан
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.