Талдықорған: +21°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ

30.09.2020
ЭКОНОМИКА
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық мәслихаттың «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының онлайн отырысы өтті. Аудандық, қалалық мәслихат хатшылары мен депутаттары және комиссия мүшелері қатысқан жиынды облыстық мәслихат депутаты Ызғарбек Бектұрсынов жүргізді.

Ызғарбек Бектұрсынұлы күн тәртібінде көтерілетін үш мәселені назарға ұсынды. Біріншісінде Алматы облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту міндеттерінің орындалуы туралы болса, екіншісінде облыста тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың жай-күйі, проблемалары, қалдықтардан тазарту және оларды өңдеу бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайы қаралды. Ал үшінші мәселеде «Таза Ауа» қоршаған ортаны, адам денсаулығын және генофондын қорғау» өңірлік қоғамдық бірлестігінің органикалық қалдықтарды қайта өңдеу саласында өзара әріптестік жасау туралы ұсыныс талқыланды.
Алғашқы екі мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов баяндады.
Басқарма тұрғын үй қатынастары, жылу, газ, электр, сумен жабдықтау, су бұру, жаңартылған энергия көздері саласы бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» секілді басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деген Бағлан Сағындықұлы сумен жабдықтау және су бұруға жан-жақты тоқталды. – Биыл осы бағытқа мол қаржы бөлінді. Барлығы 110 жоба іске асуда, оған 22 миллиард 800 миллион теңге әртүрлі бағдарламадан тартылды.  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 35 жоба қолға алынып, 8 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 4 жобаға 1 миллиард 200 миллион теңге және жергілікті бюджеттен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 13,5 миллиард теңге бөлініп, 71 жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде, 26 нысанның құрылысы аяқталады».
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновтің баяндамасында көрсетілгендей, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 8,5 миллиард теңге игеріліп, 29 нысан бойынша жұмыс ойдағыдай біткен. Орталықтандырылған сумен жабдықталған елді мекендер санының өсу серпіні 91,4 пайызды немесе 678 елді мекенді құраған.
Басқарма басшысы бұдан бөлек электрмен жабдықтау, көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, баспанамен қамтамасыз ету, экология, қалдықтарды өңдеу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Бағлан Тәнекеновтың айтуынша, экология жағдайын жақсарту және тұрмыстық қатты қалдықтар саласын оңтайландыру мақсатында өңірде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген.
Жобаға сәйкес облыс 14 аумақтық кешенге бөлінген. Оның 3-еуі ауданаралық және 11-і аудандық кешен. Облыс аумағында 313 тұрмыстық қатты қалдықтар сақтау және көму орны бар. Оның ішінде 14 полигон қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан. 16 кәсіпорын жалпы қуаты жылына 343 000 тонна қайталама материалдық ресурстарды өңдеумен айналысады. 5 сұрыптау кешені жұмыс жасауда. Кейінгі үш жыл аралығында Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында, Райымбек ауданы Нарынқол ауылында, Іле ауданы Қоянқұс ауылында 3 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жойылды. Бұлардың бәрі заңсыз полигондар болатын, – деген ол 2023 жылға дейін Іле ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2 зауыт салу көзделгенін айтты.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша ұсынысын жеткізген «Таза Ауа» қоршаған ортаны, адам денсаулығын және генофондын қорғау» өңірлік қоғамдық бірлестігі басшысының бірінші орынбасары Зейнолла Егеуісов: «Біз еуропалық тәжірибеге сүйеніп калифорниялық құрттар арқылы  органикалық қалдықтарды қайта өңдеудің бірегей жобасын таптық. Бүгінге дейін дәл осындай жобаны ешкім ұсынбады. Алматы қаласының әкімдігі 10 гектар жер бөлді. Қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Қалдықтарды оңтайлы өңдеу технологиясы жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы бағытқа бюджеттен қаржы бөлуді қарастырсаңыздар екен», – деп қоғамдық бірлестіктің жобасын таныстырды.
Облыстық мәслихат депутаты Ызғарбек Бектұрсынов: «Осындай жобалар әр ауданға қажет деп ойлаймын. Назарға алып, қолдау шараларын қабылдайық», – деді.
Комиссия отырысының қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалып, қаулы қабылданды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

28.04.2026
Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.