Талдықорған: +16°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ПАРАСАТ БИІГІНДЕ

25.09.2020
ӘЛЕУМЕТ
ПАРАСАТ БИІГІНДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Туған мекенінің ғана емес, елінің мақтанышы бола білген ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО мұнай өндіру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың және  «Парасат» орденінің иегері Герой Жолтайұлын осыдан екі жыл бұрын Ақкөл ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай алдын ала өткізілген шара үстінде көрдік. Оған дейін тек сырттай атақ-даңқын ғана естіп жүріппіз. 

Көпшілік болып үлкен мерекелік шараны өткізу туралы әркім өз пікірін жеткізіп жатты. Біраз ұсыныстар айтылды. Бір кезде жүзінен жылылық, бойынан парасаттылықтың лебі ескен ағамыз орнынан көтерілді. Ауылдастары көтерген бастамаға алғысын білдірді. Ауданның кеңестік кездегі тұңғыш орталығы – Ақкөл ауылы тарихының терең екенін, осыннан түлеп ұшқан талай азаматтың республикамыздың түкпір-түкпірінде абыроймен еңбек етіп жатқанын атап өтті. Әсіресе, қоғамды дамытуға үлес қосқан ғалымдарға тоқталды. Ауылдың мерейтойына қатысты жеке пікірі мен ұсынысын да білдірді. Ауыл жайлы жазылатын кітапқа қажетті материалдар беруге уәде етті. 
Ғалымның әрбір сөзі нық. Айтқан ғибратты әңгімесінен ғалымға тән білімділік есіп тұрды. Ақкөл ауылының 90 жылдығын өткізу мақсатында құрылған комиссия  мүшелері содан бастап Герой ағамызбен үзбей байланыс орнаттық. Ол кісінің асқан ұйымдастырушылық қабілетін де байқадық. Қандай қиындық тумасын, ағадан ақыл-кеңес алып тұрдық. Туған жер тарихын тұғыр еткен «Қырандар түлеп ұшқан құтты мекен» атты ауылымыз жайлы кітабымыз да сәтті шықты.  
Ұзамай ауылымызда дүрілдеген той өтті. Балқаш ауданының тұңғыш орталығы атанған Ақкөл ауылының 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда Герой Жолтайұлы ауыл тарихына терең бойлап, Ақкөл көтерілісіне әлі тарихи баға берілмей келе жатқанын алға тартты. Кешегі кеңестік кезеңдегі  шалғайдағы ел адамдарының ерлікке пара-пар еңбегіне тоқталып, ақжарма тілегін ақтарды. Сөзінен ел бірлігіне деген ризашылықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің төгіліп тұрғанын байқау қиын емес еді.
Осындай сөзге шешен, ойы кесек, тұрысының өзінен дегдарлық көрініп тұрған азаматтың, ел ағасының біздің жақта туғанының өзі ауылдастары үшін бір бақыт! 
Жолтаев Герой ағамыз 1940 жылы Балқаш ауданының Ақкөл ауылында дүниеге келген. Бақанас ауылындағы орта мектепті алтын медальмен, Қазақ политехникалық  институтын үздік бітірген. Аспирантурадан кейін ғылымды практикамен ұштастыруды қолға алды. Гидроминералогия саласына сүбелі еңбек сіңіріп, Қ. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының директоры болды. Тынбай еңбектене жүріп Қазақстан мұнай-газ облыстарының геологиясы курсы бойынша 30 әдістемелік нұсқау мен бір оқу құралын жазды. Қазақ тіліндегі оқу құралдарын баспаға дайындады. Герой Жолтайұлы – 140-тан астам ғылыми жарияланымның, 15 әдістемелік нұсқаулықтың, 200-ден астам мақаланың, 7 монография және оқу құралдарының авторы. 8 ғылым кандидаты, 3 ғылым докторына жетекшілік етті. Қазіргі кезде 4 аспиранты мен бір докторанты диссертация қорғауға дайындалуда. 
Сондай шәкірттерінің бірі – 2001 жылы «Қазақстанның жас ғалымы»  атағына ие болған Жаңабек Әбдікерімов. Дарынды азамат қазақ ғылымының ақсақалы жайлы ойын: «Герой аға – еліміздің экономикасына ғылым арқылы ерекше үлес қосқан тұлға. Мен геология саласының маманы ретінде еңбектерін өте жақсы білемін. Қазақстан ғылымының өндірісі мұнай-газ геологиясы саласына сіңірген еңбегі зор. Ерекше еңбегі – «Шөгінді бассейндерінің геодинамикалық модельдеу әдісі». Бұл әдіс негізінде Қазақстанда «Мұнай-газ кен орындарын математикалық модельдеу» атты үлкен мектеп құрылды. Бүгінде бұл бағытта саны  ұзын тізбекті құрайтын ғалымдар еңбек етіп жатыр. Әсіресе қызығушылықпен еңбек етіп жатқан жас ғалымдар саны мол.  Себебі, бұл  – қазіргі нақты өмірге қажетті бағыт», – деп түйіндейді. 
«Тектоникалық плиталар теориясы» атты геология саласы бойынша жаңа бағыты да Герой ағамызды төрткүл дүниеге танытты. Бұл теорияны сонау 90-шы жылдардан бастап қолға алып, ғылыми, практикалық өндірістік жағынан пайдалы екенін, экономикаға салалы үлес қосылатынын дәлелдеп насихаттаған. Ол кезде бұл теория көптеген өндірістік ортаға түсініксіз еді. Сондықтан қаншама қарсылықтар болды. Ақыры ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, өндірістік тәжірибеден өтіп, пайдалылығы байқалған соң әлем ғалымдары мойындады. Қазір Ресей ғана емес, Еуропа, Араб  елдері, яғни, бүкіл тұрмыс  қажеттілігі мұнай-газ  өндірісіне тәуелді мемлекеттердің бәрі осы теориямен кен орындарын игеруде өте зор жетістіктерге жетіп жатыр. Олар мұнайдың, газдың шоғырланған жерлерін іздеп табуда, өндіруде бұрынғы дәстүрлі әдістерден гөрі ғылыми-теориялық сипатқа ие осы инновциялық тәсілдің тиімділігіне көздері жетіп, өндірістеріне енгізуде. Г. Жолтайұлының «Тектоникалық плиталар теориясы» Қазақстанның тек шикізат көзі болған үшінші даму жолындағы мемлекет емес, ғылыми мектебі, ғалымдары бар,  техникасы мен технологиясы дамыған елдер қатарында  екенін дәлелдеді. Елімізде де батыс өңірдегі Ақтөбеден бастап Оралға дейінгі мұнай кенін игеруде Герой ағаның теориялары іске асып жатыр.  
Барлық салада ғылыми мәселелер болатыны анық. Ғылымда геологияның өзі қатты тау жыныстары, сұйық пайдалы қазбалар болып екіге бөлінеді. Ал проблемалар бәрінде туындайды. Сондықтан осы салалардағы ғалымдар, гидрогеологтар, тіпті бұрғылаушылар да, одан бөлек жалғыз мұнай саласының емес, мысы бар, алтыны бар, көмірі бар – сала мамандарының бәрі-бәрі Герой Жолтай- ұлынан ақыл-кеңес алуға барады. Ғалым-ұстаз бәріне бірдей көмек қолын созады.
Герой Жолтайұлы құрған «Геодинамикалық модельдеу мектебінің» тиімділігі мол, болашағы зор. Болашақта бұл мектептен талай-талай тамаша ғалымдардың өсіп шығатынына сеніміміз мол.
  Г. Жолтайұлының және бір дарындылығы – француз тілін шебер меңгеруі. Тіл білгенінің арқасында Алжир университетінде дәріс оқыды. Ол жақта да уақыт тауып  ғылыммен айналысты. Қазіргі кезде Франция, Америка, Ресей мемлекеттері «Тектоникалық плиталар теориясы» бойынша дәріс оқуға шақырып тұрады. Бұл да ғалым үшін зор мәртебе.
Байқасақ, тек ғылыми бағытта ғана кеткен академик көп.  Бірақ ол ғылым тәжірибемен ұштаспаған соң теория жүзінде ғана қалып қояды. Ал Г. Жолтайұлының ерекшелігі – теория мен тәжірибені қатар ұштастыруында. Сондықтан да жетістігі мол.
Кешегі кеңестік кезеңде ғылым дәл осылай тәжірибемен ұштасып қарыштап дамыған жоқ. Ал мұнай саласында ғылымның бүгінгі деңгейде дамуы тікелей Герой Жолтайұлының еңбегінің арқасы. 
Герой Жолтайұлының ғылым саласында осынша жетістіктерге жетуінің басты сыры – ел алдындағы борышын терең сезінуінен болса керек. Еліне деген сүйіспеншілік туған жері Ақкөл ауылындағы жас ұрпақтың тағдырына алаңдаушылықтан да көрінеді. Өмір жолы ғибратқа толы ғалым ағамыз жас ұрпақ үшін өз қаржысынан мектепке үнемі демеушілік танытып келеді.        
Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін алдымен жағдай керек екенін сезініп, сонау 2014 жылы 4190000 теңге көлемінде демеушілік жасап, бастауыш сынып және география кабинеттеріне екі интерактивті тақта алып берді. Сонымен қатар география кабинетін оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша географиялық карталар жиынтығымен, картографиялық құрал-жабдықтармен, глобус, компастармен, 6 және 7-сынып материалдарының үлестірме комплектілерімен жабдықтаған болатын. Мұндай шарапатты істің тек абзал, нағыз патриот адамдардың ғана қолынан келері анық. Нарық қыспағына қарамай демеушілігімен сол кабинетті жылда толықтырып, жабдықтап келе жатқаны да – үлкен азаматтық. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші,  ұстаздар мен мүдделі адамдар арнайы ұсыныс білдіріп, жоғарғы құзырлы мекемелер қолдау танытып, мектептегі география кабинеті Герой Жолтаевтың есімімен аталды. Ғалымның ауыл балаларына деген қамқорлығы олардың білімге деген ынтасын оятты. География кабинетіне жаңа географиялық-картографиялық жабдықтардың алынуы  оқушылардың тәжірибелер жүргізуіне толық мүмкіндік  ашып, осы пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Содан  бері  география  пәнінен оқушылар аудандық, облыстық олимпиадаларда жеңімпаз атануда.
2016 жылы Герой Жолтайұлының  демеушілігімен Ақкөл орта мектебінің бірінші қабатына плазмалық теледидар алынды. Әр апталық жиын сайын оқушылардың жеткен жетістіктеріне жасалынған талдау бейнемонтаждалып теледидардан көрсетіліп келеді. Музыкалық жабдықтар да алынып, мектептегі әрбір іс-шара мен мерекелік концерттердің жоғарғы деңгейде өтуіне жағдай жасалды. Бұл қамқорлық білім алушыларға жан-жақты тәрбие беру шараларының сапасын арттырды.
Ұстаздың жақсы ісін жалғастырған шәкірттерінің бірі Асхат Әбләкімов те демеушілік көрсетіп, география кабинеті жаңа үлгідегі 3D стендімен безендірілді. Г. Жолтайұлына арнайы бұрыш жасалып, «Рухани жаңғыру – өлкетану негізі» бағытында Алматы облысының картасы салынған стенд ілінді. 
Азаматтың ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Осы мақсатта Герой Жолтайұлының студенттері, «ASPAN space»  игі істер қоғамдастығының мүшелері  жартылай жетім және көпбалалы отбасы балаларына үш және мектепке екі ноутбук сыйға тартты. 2019 жылдың қыркүйек айында Герой Жолтаев өзінің жары, немересі және шетелдік достарымен келіп, Ақкөл орта мектебіндегі тағылымды кездесуге қатысты. Мектеп директоры Камила Сәрсенбаева шетел азаматтарына ғалым демеушілігінің білім сапасына тигізіп жатқан оң әсерлері туралы айта келіп, жетістіктерді де мақтанышпен жеткізді. Сол жолы да ғалым ағамыз мектепке «Қазақстан Республикасының геологиялық картасын» тарту етті. Шетел ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан ғалым ғылымдағы ізденісі негізінде 33 мемлекетке сапар шеккен. Аяулы        ұстаздың өмірі мен ізгі істерін үлгі тұтқан мектеп оқушылары ғалымның саяхат жолын көрсеткен сызба сызып, ол сызба география кабинетіне стенд үлгісінде ілінді.
Бүгінгі нарықтық экономика жағдайын терең пайымдаған Г. Жолтайұлы мектеп оқушыларының үздік жетістіктерге ұмтылуына ықпал ету мақсатында өткен оқу жылында мектеп бойынша республикалық, облыстық жарыстар мен олимпиадаларда жүлделі орын алған және үздік үлгерім көрсеткен 2 оқушыға 50000  теңгеден арнайы ақшалай сыйлық табыстады. Бұл да Герой Жолтайұлының мектеп оқушыларына
(Суретте: Г.Жолтайұлы сызба-стенд жанында).  жасаған үлкен қолдауы.
Ғалымның осынау игі ісі – туған жеріне деген ыстық ықыласының көрінісі.  Балаға қамқорлық танытып, оны сөзбен емес, ізгілікті іспен, шынайы ниетпен тәрбиелеу – гуманизмнің шырқау шыңына бастайтын баспалдақ. Танымы терең ғалымның басты мақсаты да осы, «Мәңгілік Ел» азаматтарын тәрбиелеуге  үлес қосу. 
Жас ұрпаққа қамқорлық жасауды дағдыға айналдырған Г. Жолтайұлы осы жылдың тамыз айында география кабинетіне 10  дана компьютер сыйға тартты. Біз шағын мақаламызда қазақ халқының даңқын асқақтатқан белгілі ғалым ағамыздың ғылымдағы еңбектерінен гөрі туған жеріне көрсеткен қамқорлығын басымырақ сөз еттік. Ал ғылым мен өндіріс, педагогика саласындағы еңбектерінің өзі талай мақалаға арқау болады. Бүгінде ғалым ағамыз сексеннің сеңгіріне шықты. Көргені мен білгені, оқығаны мен тоқығаны, ел үшін, ғылым үшін төккен тері мен жасаған ізгі істері дара тұлғаның даңқын одан бетер асқақтатып тұрғандай. Лайым ағамыз сол биік тұғырдан көріне бергей! Ел бірлігі, амандығы, бақыты үшін ерекше еңбек сіңірген ағамыздың арманы – мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту. Сол тәуелсіздік баянды болғай!

Айман Аймұханбет,
Балқаш аудандық білім бөлімінің 
басшысы
Жетпісбай Қойшығұлов,
өлкетанушы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.