Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ҚАТЕРЛІ ІСІК ЖАСТАР МЕН СӘБИЛЕР АРАСЫНДА ДА ТАРАП БАРАДЫ

17.09.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
ҚАТЕРЛІ ІСІК ЖАСТАР МЕН СӘБИЛЕР АРАСЫНДА ДА ТАРАП БАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ана мен бала денсаулығы — медицина саласының ең өзекті әрі көкейтесті мәселесі. Халқымыздың болашағы, мемлекетіміздің ертеңі ана мен бала денсаулығына байланысты.

Осыған байланысты 2008 жылдан бастап, елімізде скрининг бағдарламасы жүргізіледі. Аталмыш бағдарлама арқылы үш сырқаттың алдын алуға болады. Ол – сүт безі қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі ісігі және тік және тоқ ішек қатерлі ісігі. Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №995 бұйрығы бойынша, скринингтен өтетін топқа жататын тұрғындардың қатары арттырылып, мемлекет тарапынан қосымша қаражат бөлінді. Тексерілу үшін тұрғын өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға барып, тест жасатады. Сүт безі қатерлі ісігі скринингі 40 пен 70 жас аралығы, тік және тоқ ішек қатерлі ісігі  50 мен 70 жас аралығы, жатыр мойыны қатерлі ісігі 30 бен 70 жас арасында өткізіледі.

Статистика бойынша біздің елімізде қатерлі ісік сырқатына шалдыққандар саны – 186 326. Қатерлі ісікке шалдыққандар саны жыл санап артуда. Қатерлі дерт дер кезінде анықталып, алдын алу шаралары жасалғанымен, кесел жасарып барады. Бұл сырқат кейінгі жылдары балаларда да көптеп кездесуде. Ал 40 жастан асқаннан кейін қатерлі ісікке шалдығу қатері арта түседі. Статистикалық мәлімет бойынша, ең көп таралғаны — сүт безі қатерлі ісігі, екінші орында — жатыр мойны қатерлі ісігі, үшінші орында — ішек қатерлі ісігі.

Қатерлі ісікке көбінесе ота жасатқан, ісікке қарсы химиотерапия және сәуле терапиясын алған науқастар шалдығады. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар инфекцияға көбірек ұшырайды. Себебі, иммунитет төмендеп кетеді.

Демек, бұл сырқаттарда COVID-19 ауыр түрде өтеді. Ісікпен ауыратын науқастар үшін жаттығу жасау өте маңызды. Таза ауада серуендеу керек. Егер сырқаттың таза ауада демалу мүмкіндігі болмаса, үйдің терезе, есігін жиі ашып тұруы керек.

Қазіргі ала-сапыран кезде обырға шалдыққандар елеусіз қалмауы тиіс. Қазақстанда аталмыш дертті емдеу бойынша бірыңғай клиникалық диагностикалау мен емдеу хаттамасы бар. Осыған сәйкес сырқаттың түрі және қарсы көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі емдеу тәсілдері қолданылуда.

Мысалы, хирургиялық ем, химиятерапия, сәуле терапиясы қолданылады. Кез келген адам инфекция жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, әр адам жеке және әлеуметтік гигиенаны сақтау керек. Пандемия кезінде қатерлі ісікке шалдыққандар ем алуын тоқтатпауы керек. Науқас жоспарлы емін алғаннан соң сырқатының беті қайтса, ол  міндетті түрде оқшаулануы керек. Себебі, инфекцияны жұқтыру қаупі жоғарылайды.

Сырқат жас талғамайды. Статистикалық мәлімет бойынша, 40 пен 70 жас аралығындағы адамдарда аталмыш дерт көп кездеседі. Өкінішке қарай, соңғы кездері кәмелеттік жасқа толмаған, тіпті, 1 және 2 жастағы балаларда да қатерлі ісік кездесуде.

Жыл сайын елімізде 300-ден аса сәби осы аурумен тіркеуге алынады. Мұның басты себебі, экологияның ластығы десек, қателеспеген болар едік. Дертін естіген жағдайда, науқастар күйзеліске түседі. Қазір барлық онкологиялық орталықтарда психолог және әлеуметтік қызмет көрсететін мамандар жұмыс жасайды. Олар науқаспен сөйлесіп, психологиялық тренингтер жүргізіп, күйзелістен шығарады. Емге дайындайды.

Өкінішке қарай, емдеуді қаламайтын адамдар да бар. Әрине, әр адам емді әрқалай көтереді. Осыған орай науқастар қиындықтарға шыдамай, ем алудан бас тартып жатады. Кейбір науқастар арнайы мамандарға дер кезінде қаралмай, халық еміне жүгініп, дертін асқындырып алады. Асқынған дертті дәрігерлер емдей алмайды. Сондықтан, уақытында скринингтен өтіп, күдік пайда болған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгініңіз!

Рәш  ШАЛБАЕВА,

Алматы аймақтық көпсалалы клиника директорының орынбасары

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық – ұлт жадының қазынасы

Сандық – ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.