Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

4 қыркүйек 2020
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бұйра бұлттың бауырынан себездеген тамшыдай жан жайлауын жадыратар мөлдір шығармалар жыл сайын әдебиет қоймасына қосылуда. Жетісу топырағынан тамыр тартқан  туындылар да сәт сайын оқырман олжасына айналуда. «Жетісу балалар әдебиеті» жобасы аясында жарық көрген 3 томдық «Балаларға қазына» кітабы әдебиетсүйер қауымға жол тартты.

Алматы облысы әкімінің қолдауымен шығарылған аталмыш қазынаның тұсаукесер рәсімі Оқушылар сарайында өтті. Қаламмен тағдыр қашаған ұлылардың мол мұрасынан тартып, бүгінгі ақын-жазушылардың руханиятқа қосып жатқан мөлдір туындылары сараланып, текті елдің тегершігі саналған әдеби қазыналардың темірқазық екені айшықталды. Тың туындының тұсаукесер рәсімін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев ашып, жүргізіп отырды.

Мөлдір туындылар топтастырылған көптомдықтың лентасын облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, ҚР Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі Әміре Әрін қиды. Өз кезегінде айбоз ақын руханияттың баспалдағы, ұрпақ тәрбиесінің тал бесігі, тәрбиенің ордасы іспеттес балалар әдебиеті туралы ой қозғады. Мұзафар Әлімбаев сынды бірқатар сырбаз қаламгерлердің балалар әдебиетіне көп үлес қосқанын атап, жетісулық қаламгерлердің қуаты мен екпінін, таланты мен табанды еңбегін, шығармашылығын айшықтап, ақжарма тілегін ақтарды. 

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан аталмыш бәйгеге биыл жетісулық 27 ақын-жазушы мен суретшілер қатысқан. Солардың ішінде «Үздік әңгіме» аталымында Тұрлыхан Кәрімнің «Сарғайған хаттың сыры» әңгімесі, «Ертегілер» аталымында Асхат Өмірбаевтың «Үздік ертегі» әңгімесі, «Поэзия» аталымында Серік Әбікенұлының мысалдары, «Иллюстрация» аталымында Құралай Үмбетованың суреті, «Сен білесің бе?» аталымында Кенжегүл Айбергенованың туындысы үздік деп танылған болатын. Осынау туындылармен қатар байқауға қатысқан 23 автордың туындысының көп  томдыққа енгенін де айта кеткен жөн.

Жас буынды парасаттылыққа, отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеудің басты өзегі саналар балалар әдебиетіне қосылған «Балаларға қазына» томдығы 1 мың данамен оқырманға жол тартып отыр. Ендеше, әдеби жанрды тұтас қамтыған шығармалар топтастырылған тың туынды ұрпақтың ұлы жолына бастар шырағдан болсын демекпіз.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.